Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Холдинг пен «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы министрлікке министрлік белгілеген нысанда және мерзімде қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат береді.»;
8-тармақ «қарыз беру» деген сөздерден кейін «мақсатты пайдалану,» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қарыз алушы - өсімдік шаруашылығы өнімін өндірумен және/немесе қайта өңдеумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өз қатысушыларына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ауылдық тұтыну кооперативтері;»;
10-тармақтың төртінші абзацы «қарыз беру» деген сөздерден кейін «және/немесе өсімдік шаруашылығы өнімін сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтың 1) тармақшасы «қытай бұршағы, күнбағыс» деген сөздерден кейін «, рапс» деген сөзбен толықтырылсын;
22-тармақтағы «ауыл шаруашылығы дақылдарымен» деген сөздер алынып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамның ішкі кредит саясатына сәйкес қолдау қаржы лизингі және/немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру арқылы жүзеге асырылады. Лизингтің және/немесе кредиттің республикалық бюджет қаражаты есебінен сыйақы ставкасы жылдық 4 %-дан аспауы тиіс.»;
26-тармақ алынып тасталсын:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қоғамның агроөнеркәсіптік кешенді қолдауы жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа сәйкес жүзеге асырылады.»;
29-тармақта:
3) тармақшадағы «кредит беру.» деген сөздер «кредит беру;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындарға кредит беру.»;
33-тармақта:
1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) балық өсіру және молайту;
2) туризмді, қонақ үй бизнесін, жол бойындағы сервисті және қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру.»;
5) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
«33-1. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындарға олардың негізгі және айналым құралдарын толықтыруға кредит беру және қайта қаржыландыру.»;
34-тармақтың 1) және 2) тармақшалары «ауыл халқына» деген сөздерден кейін «және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге» деген сөздермен толықтырылсын;
36-тармақта:
«Министрлік» деген сөзден кейін «Холдингтің ұсыныстары негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«ауыл халқына» деген сөздер алынып тасталсын;
37-тармақтың бірінші абзацы «Ауыл халқына» деген сөздерден кейін «және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге» деген сөздермен толықтырылсын;
46-тармақтың 3) тармақшасы «қорғау үшін» деген сөздерден кейін «сатып алу операцияларын және» деген сөздермен толықтырылсын;
49-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды құру мен дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімінің электрондық сауда-саттығына қатысу, биржалық сауда-саттық, электрондық сауда және ақпараттық-логистикалық орталықтар арқылы ауыл шаруашылығы өнімін сатуда агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жәрдемдесу;»;
50-тармақтың 4) тармақшасында:
бірінші абзацтағы «технологиялар мен электрондық сауда-саттықты» деген сөздер «технологияларды, электрондық сауда-саттық пен биржалық сауданы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац «электрондық сауда-саттық» деген сөздерден кейін «пен биржалық инфрақұрылым» деген сөздермен толықтырылсын;
52-тармақтың 1) тармақшасы «астық» деген сөзден кейін «(мақта)» деген сөзбен толықтырылсын;
53-тармақта:
«астық» деген сөзден кейін «(мақта)» деген сөзбен толықтырылсын;
«астық қабылдау кәсіпорындары» деген сөздерден кейін «(мақта қабылдау пункттері)» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов