Ұтқыр рентгендік-телевизиялық инспекциялық-тексеру кешенін республикалық меншіктен Жамбыл облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1259 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлікті меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің теңгерімінен республикалық меншіктен ұтқыр рентгендік-телевизиялық инспекциялық-тексеру кешені (теңгерімдік құны 714800000,00 (жеті жүз он төрт миллион сегіз жүз мың) теңге, 2008 жылы шығарылған, ақ түсті, шанақ № 341916, қозғалтқыш № 54197000607958) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің теңгеріміне Жамбыл облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен ұтқыр рентгендік-телевизиялық инспекциялық-тексеру кешенін қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады