Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1265 Қаулысы. Күші жойылды - 4-тармақты қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 1017 Қаулысымен

      ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

      Ескерту. 4-тармақтан басқасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


      «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.20 N 679 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.20 N 679 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      екі апта мерзімде Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының және заңды тұлғалардың салалық емес бірлестіктері (бизнес-қауымдастықтар) өкілдерінің қатысуымен Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрсын;
      «Экспорт 2020» экспортты дамыту және жылжыту бағдарламасын іске асыру кезінде экспорттаушылардың шығындарын өтеу бөлігінде оператордың әкімшілік шығыстарын көрсетілген Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен бөлінген соманың 1 (бір) пайызынан аспайтын мөлшерде өтеуді көздесін.

      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай мазмұндағы 22-1-жолмен толықтырылсын:

«

22-1

Мыналарды:
Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің қағидалары мен шарттарын, экспорттау кезінде экспорттаушылардың шығындары өтелетін отандық өнім түрлерінің тізбесін әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2010 жылғы қазан

».

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады