Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 9-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «кемінде жарты жылда бір рет» деген сөздер «жылына бір рет» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев