«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) штат санының қысқаруына байланысты қаржы полициясы органдарынан қызметтен босатылған адамдарға бір жолғы жәрдемақы төлеу үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 33386000 (отыз үш миллион үш жүз сексен алты мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов