«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Сарыарқа» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 23/1-үй мекен-жайы бойынша орналасқан құны 14187000 (он төрт миллион бір жүз сексен жеті мың) теңге № 3099 трансформаторлық кіші станция республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов