Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1305 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің  қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 1305 қаулысымен  
мақұлданған     

жоба   

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің
бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметтері,
      1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы Кеден одағы туралы келісімді, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты негізге ала отырып,
      бірыңғай қағидаттар мен қағидалардың негізінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің келісілген саясатын жүзеге асыруға ұмтыла отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бөлім
Жалпы ережелер 1-бап
Келісімнің мақсаты

      Осы Келісімнің мақсаты Тараптардың мемлекеттерінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен жалпы қағидаларын қалыптастыру мен белгілеу үшін, табиғи монополиялар субъектілері іске асыратын қызметтердің қолжетімділігін, Тараптардың мемлекеттерінде табиғи монополиялар субъектілерінің жұмыс істеу және даму тиімділігін қамтамасыз ететін тұтынушылар, табиғи монополиялар субъектілері мен қоғам мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету және олардың негізінде Тараптардың табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы ұлттық заңнамасын үйлестіру үшін құқықтық негіздерді жасау болып табылады.

2-бап
Келісімде пайдаланылатын терминдердің анықтамасы

      Осы Келісімнің мақсаты үшін мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
      а) ішкі нарық - табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтері
айналымда болатын Тараптар мемлекетінің нарығы;
      б) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол
жеткізу - Тараптың бір мемлекетінің табиғи монополиялар субъектілерінің табиғи монополиялар субъектілеріне жататын өз қызметтерін Тараптың кез келген басқа мемлекетінің тұтынушыларына осындай қызмет техникалық мүмкіндік болған кезде Тараптың бірінші мемлекетінің тұтынушыларына ұсынылатыннан кем болмайтын жағдайда, сондай-ақ салалық (секторалдық) келісімдерде айқындалатын салыстырмалы экономикалық жағдайларда көрсетуі;
      в) табиғи монополия - қызметтердің белгілі бір түрін жүргізу мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне орай қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қызметтер нарығының жай-күйі;
      г) ұлттық заңнама - Тараптар мемлекеттерінің табиғи монополиялар салаларына қатысты заңнамасы;
      д) ұлттық органдар - табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын Тарап мемлекетінің органдары;
      е) қызметтер көрсету - азаматтық айналым объектісі болып табылатын қызметтерді көрсету (ұсыну), тауарларды өндіру (өткізу);
      ж) тұтынушы - табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген азаматтық құқығы бар субъект (жеке немесе заңды тұлға);
      з) секторалдық (салалық) келісімдер - осы Келісімнің 1-қосымшасында көрсетілген табиғи монополиялар салаларына қатысты Тараптардың екіжақты келісімдерін қоса алғанда, Тараптар мемлекеттерінің келісімдері;
      и) табиғи монополиялар саласы - тұтынушы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін сатып ала алатын, табиғи монополияға заңды түрде жатқызылған қызметтердің айналым саласы;
      к) табиғи монополия субъектісі - Тараптардың ұлттық заңнамасында белгіленген табиғи монополиялар салаларында қызметтер көрсететін шаруашылық жүргізуші субъект;
      л) шаруашылық жүргізуші субъект - шаруашылық қызметін өз атынан жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.

3-бап
Келісімнің қолданылу саласы

      1. Осы Келісім Тараптар арасындағы саудаға әсер ететін және осы
Келісімге 1-қосымшада көрсетілген Тараптар мемлекеттерінің табиғи
монополиялар субъектілері, тұтынушылары, атқарушы билік органдары мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдары қатысатын қарым-қатынастарға
қолданылады.
      2. Осы Келісімді табиғи монополиялардың нақты салаларында
қолданудың ерекшеліктері, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудың кезеңділігі тиісті секторалдық (салалық) келісімдерде айқындалады.
      3. Тараптардың мемлекеттерінде табиғи монополиялар салаларына осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген табиғи монополия салалары да жатады.
      Осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген табиғи монополиялар салаларына қатысты ұлттық заңнаманың талаптары қолданылады.
      4. Табиғи монополиялар салаларына жатқызылатын табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің тізбесін Тараптардың ұлттық заңнамасы белгілейді.
      5. Тараптар осы Келісімге 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген табиғи монополиялар салаларының үйлесімділігіне оларды қысқарту және өтпелі кезеңді секторалдық (салалық) келісімдерде айқындау мүмкіндігі арқылы ұмтылады.
      6. Тараптардың мемлекеттерінде табиғи монополиялар салаларын
кеңейту:
      1) егер Тараптың мемлекеті Тараптың өзге мемлекетінде табиғи монополия саласы болып табылатын және осы Келісімнің 1 немесе 2-қосымшаларында келтірілген саланы табиғи монополиялар саласына жатқызуға ниет білдірген жағдайда, ұлттық заңнамаға сәйкес;
      2) егер Тараптардың мемлекеті табиғи монополиялар саласына осы Келісімнің 1 және 2-қосымшаларында көрсетілмеген саланы табиғи монополиялардың өзге саласына жатқызуға ниет білдірген жағдайда, Тарап мемлекеті Кеден одағының комиссиясына тиісінше өтініш бергеннен кейін Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      7. Осы Келісім Тараптардың қолданыстағы екіжақты келісімдерімен реттелген қарым-қатынастарға қолданылмайды. Тараптардың жаңадан жасалатын секторалдық (салалық) келісімдері осы Келісімге қайшы келе алмайды.
      8. Тараптардың Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімі табиғи монополиялар субъектілеріне осы Келісімнің ережелеріне және Тараптардың табиғи монополиялар салаларына қатысты ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
      9. Газды тасымалдау саласы баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газды тасымалдау жүйелері арқылы газды тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы келісіммен реттеледі.

2-бөлім
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу 4-бап
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ортақ қағидаттары

      Осы Келісімнің 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген табиғи монополиялар салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу және (немесе) бақылау кезінде Тараптар басшылыққа алатын қағидаттар:
      1) көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тұтынушылар үшін олардың сапасының тиісті деңгейін, табиғи монополиялар субъектілерінің ТИІМДІ жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін Тараптар мемлекеттерінің тұтынушылары мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау;
      2) табиғи монополиялар салаларын осы салаларда бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау есебінен кейіннен қысқартуға бағытталған реттеу тиімділігін арттыру;
      3) табиғи монополиялар субъектілерін олардың қызметінің салалық ерекшеліктерін, ауқымдарын ескере отырып икемді тарифтік (бағалық) реттеуді, нарықтық конъюнктураны, орта мерзімді (ұзақ мерзімді) макроэкономикалық және салалық болжамдарды, сондай-ақ осы субъектілерді тарифтік (бағалық) реттеу шараларын, оның ішінде тұтынушының (тұтынушылар топтарының) Тараптардың мемлекетіне тиесілілік қағидаты бойынша белгілене алмайтын сараланған тариф белгілеу мүмкіндігін қолдану;
      4) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде, осы нарық табиғи монополия жағдайында тұрғандығы белгілі болған жағдайда, реттеуді енгізу;
      5) ішкі нарықтарға қол жеткізу кедергілерін, оның ішінде табиғи
монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету жолымен азайту;
      6) қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігін, сабақтастығын, ашықтығын, объективтілігі мен анықтығын қамтамасыз ететін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу рәсімдерін қолдану;
      7) Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалған техникалық мүмкіндік болған кезде реттеудің қолданылуына қатысты табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен қызметтер көрсетуге шарттар жасасуының міндеттілігі;
      8) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу
қағидаларын табиғи монополиялар субъектілерінің сақтауын қамтамасыз ету;
      9) реттеудің нақты табиғи монополия субъектісіне бағытталуы;
      10) реттеу қолданылатын табиғи монополиялар салаларындағы
қызметтердің сапасына белгіленетін тарифтердің (бағалардың) сәйкестігін қамтамасыз ету;
      11) тұтынушылардың мүдделерін, оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тарифтерді (бағаларды) қолдануға байланысты табиғи монополиялар субъектілерінің эр түрлі бұзушылықтардан қорғау;
      12) табиғи монополиялар субъектілеріне шығасыларды қысқарту, жаңа технологияларды енгізу, инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін арттыру пайдалы болған кезде экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

5-бап
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің
түрлері мен әдістері

      1. Тараптардың мемлекеттері Тараптар мемлекеттерінің табиғи
монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің түрлерін (нысандарын,
тәсілдерін, әдістерін, құралдарын) осы Келісімде белгіленген табиғи
монополияларды реттеудің ортақ қағидаттары мен қағидалары негізінде
қолданады.
      2. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру кезінде реттеудің мынадай түрлері (нысандары, тәсілдері, әдістері, құралдары):
      1) тарифтік (бағалық) реттеу;
      2) осы Келісіммен белгіленген реттеу түрлері;
      3) Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында белгіленген реттеудің өзге де түрлері қолданылады.
      3. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қосылу/бірігу құнын белгілеуді қоса алғанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін тарифтік (бағалық) реттеу:
      1) ұлттық органның табиғи монополиялар субъектілеріне реттеліп
көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды), оның ішінде олардың шекті деңгейлерін ұлттық орган бекіткен әдіснаманың (формуланың) және оны қолдану қағидаларының негізінде, сондай-ақ табиғи монополиялар
субъектілерінің белгіленген тарифтерді (бағаларды) қолдануына ұлттық
органның тиісті бақылауын белгілеуі (бекітуі);
      2) ұлттық органның табиғи монополия субъектісі тарифтерді (бағаларды) белгілейтін және қолданатын әдіснаманы және оны қолдану қағидаларын, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды) белгілеуі мен қолдануы үшін ұлттық органның бақылауына белгілеуі (бекітуі) жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
      4. Тарифтік (бағалық) реттеуді жүзеге асыру кезінде Тараптардың ұлттық органдары, оның ішінде Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес тарифтік (бағалық) реттеудің мынадай әдістерін немесе олардың тіркестерін қолдануға:
      1) экономикалық негізделген шығындардың әдісі;
      2) индекстеу әдісі;
      3) инвестициялық капитал табыстылығының әдісі;
      4) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін
салыстырмалы талдау әдісі.
      5. Тарифтерді (бағаларды) реттеу кезінде:
      1) реттелетін қызметті жүзеге асыруға байланысты экономикалық
негізделген шығындарды табиғи монополиялар субъектілеріне өтеу;
      2) экономикалық негізделген пайданы алу;
      3) табиғи монополиялар субъектілерін шығыстарды төмендетуге ынталандыру;
      4) көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасын ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін қалыптастыру ескеріледі.
      6. Тарифтерді (бағаларды) белгілеу кезінде:
      1) табиғи монополиялардың Тараптар мемлекеттерінің аумағында жұмыс істеу ерекшеліктері, оның ішінде техникалық талаптар мен регламенттердің ерекшеліктері;
      2) мемлекеттік демеу қаржы және мемлекеттік қолдаудың басқа да
шаралары;
      3) нарық конъюнктурасы, оның ішінде нарықтың реттелмейтін
сегменттеріндегі бағалар деңгейі;
      4) аумақтардың даму жоспарлары;
      5) мемлекеттік салық, бюджет, экологиялық және әлеуметтік саясат;
      6) энергия тиімділігі және экологиялық аспектілер бойынша іс-шаралар ескерілуі мүмкін.
      7. Табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) реттеу кезінде табиғи монополия субъектісінің шығындарын қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша шығындарды, оның ішінде инвестицияларды, сондай-ақ кірістерді, қолданыстағы активтерді бөлектеп есепке алуды жүзеге асыру көзделеді.
      8. Табиғи монополия субъектісінің қызметіне тарифтерді, (бағаларды) реттеу реттеудің ұзақ мерзімді өлшемдерінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін, оларға оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасының деңгейі, тиісті қызметтерді жеткізуге байланысты шығындардың өзгеру серпіні, табыстылық нормасы, инвестицияланған капиталды қайтару мерзімі және өзге де өлшемдер жатуы мүмкін.
      Табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне тарифтерді, (бағаларды) реттеудің мақсаттары үшін табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігіне салыстырмалы талдау әдісін пайдалана отырып, алынған реттеудің ұзақ мерзімді өлшемдері де пайдаланылуы мүмкін.
      9. Осы баптың ережелерін табиғи монополиялардың нақты салаларында қолданудың ерекшеліктері тиісті секторалдық (салалық) келісімдерде анықталуы мүмкін.
      Секторалдық (салалық) келісімдерде Тараптар оларға қатысты тарифтерді (бағаларды) қалыптастыру мен қолдану әдістерін (тәсілдерін, әдістемелерін) Тараптар келісудің арнайы рәсімдерінің қолданылуы мүмкін табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің тізбесін және (немесе) табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін белгілеуге құқылы.

6-бап
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне
қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидалары

      1. Тараптар өздерінің ұлттық заңнамаларында табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін реттеу
қағидаларын, осы Келісімнің 2-бабында айқындалғандай, жазып қоюға
міндеттенеді.
      Тараптардың әрқайсысының ұлттық органдары осы Тарап мемлекетінің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін тұтынушыларға қатысты табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаларының сақталуы үшін бақылауды және оларға қосылу (қосылу/пайдалану) талаптарын қамтамасыз етеді.
      2. Тараптардың мемлекеттері табиғи монополиялар субъектілерінің
қызметтерін тұтынушыларға қатысты табиғи монополиялар субъектілерінің
қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидалары:
      1) шарттардың елеулі талаптарын, сондай-ақ оларды жасасу және
орындау тәртібін;
      2) техникалық мүмкіндіктердің болуын айқындау тәртібін;
      3) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтері, іске асырудың мүмкін болатын көлемдері, олардың құны, оларға қол жеткізу, осындай қызметтерді көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты ұсыну тәртібін;
      4) мүдделі тұлғалардың табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің және (немесе) оларға қол жеткізу айналымы жағдайын салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ашық ақпаратты алу жағдайларын;
      5) коммерциялық құпияны құрай алмайтын ақпараттың тізбесін;
      6) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу
мәселелері бойынша шағымдарды, арыздарды қарау мен дауларды реттеу
тәртібін қамтиды.
      3. Табиғи монополиялардың нақты салаларындағы осы баптың ережелерін қолдану ерекшеліктері, транзит мәселесін қоса алғанда, тиісті секторалдық (салалық) келісімдерде айқындалады.
      4. Тараптардың кез келгенінің мемлекеттері табиғи монополиялар субъектілерінің олардың қызметтеріне Тараптар мемлекеттері тұтынушыларының қол жеткізуіне сараланған талаптарды (салалық (секторалдық) келісімдерде айқындалатын табиғи монополияның әр бір жеке саласының ерекшелігін ескере отырып) қолдануына әр Тараптың ұлттық заңнамасы сақталған жағдайда, егер осындай талаптар тұтынушылардың Тараптардың кез келгенінің мемлекетіне тиесілілігі қағидаты бойынша қолданылмаса, жол беріледі.
      5. Тараптардың ұлттық заңнамасы осы баптың 4-тармағының ережелеріне залал келтірместен, Тараптар мемлекеттерінің тұтынушыларына қатысты Тараптардың кез келгенінің мемлекетіне тұтынушылардың тиесілілігін негізге ала отырып, табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізудің сараланған
талаптарын белгілейтін нормаларды қамтымауға тиіс.

7-бап
Ұлттық органдар

      1. Тараптардың мемлекеттерінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес реттеу және (немесе) бақылау жөнінде өкілеттілік берілген ұлттық органдар жұмыс істейді.
      2. Ұлттық органдар өз қызметін ұлттық заңнамаға сәйкес осы Келісімде, Тараптардың секторалдық (салалық) келісімдерінде және Тараптардың өзге де халықаралық келісімдерінде айқындалған бірыңғай қағидаттар мен қағидаларда жүзеге асырады.
      3. Ұлттық органдардың функцияларына:
      1) табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін тарифтік (бағалық) реттеу;
      2) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу, оның ішінде ұлттық заңнамада көзделген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қосылу (бірігу) үшін төлемдер (бағалар, тарифтер, алымдар) белгілеу;
      3) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
      4) реттелетін тарифтерді (бағаларды) белгілеу және қолдану мәселелері бойынша шағымдарды, арыздарды қарау, дауларды реттеу, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу;
      5) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды қарау, бекіту немесе келісу және олардың іске асырылуын бақылау;
      6) Тараптардың ұлттық заңнамасын көзделген ақпаратты коммерциялық құпияға жатқызу жөніндегі шектеулерді табиғи монополиялар субъектілерінің сақтауын қамтамасыз ету;
      7) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды, оның
ішінде тексерулер жүргізу жолымен және өзге (мониторинг, талдау, сараптама) нысандарында жүзеге асыру;
      8) ұлттық заңнамада көзделген өзге де функциялар жатады.

8-бап
Келісімді іске асыру

      1. Осы Келісімді іске асыру ұлттық органдарға жүктеледі.
      2. Тараптар бірін-бірі және Кеден одағының комиссиясын өзінің ұлттық органдарын тағайындау және толық атауы туралы осы Келісім күшіне енген күннен бастап 30 күннен кешіктірмейтін мерзімде хабардар етеді.
      3. Бірыңғай экономикалық кеңістікті кезең-кезеңімен қалыптастыру мақсатында Кеден одағының комиссиясы мына функцияларды орындайды:
      1) Бірыңғай экономикалық кеңістікті (секторалдық (салалық) бөліністе) қалыптастырудың кезең-кезеңдік жоспарына ұсыныстар дайындайды, оның ішінде Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудың кезең-кезеңдік жоспарын іске асыру мониторингін жүргізу өлшемдері мен тәртібі бойынша ұсыныстар жасайды;
      2) табиғи монополиялар салаларына қатысты ұлттық органдардың шешімдерін үйлестіру (әзірлеу және іске асыру) тәсілдерін талдайды және ұсынады;
      3) Тараптар мемлекеттеріндегі тиісті жыл сайынғы есептер мен баяндамаларды дайындау арқылы табиғи монополияларды реттеу жүйесі мен тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізеді;
      4) экологиялық аспектілерге, энергия тиімділігіне қатысты реттеудің үйлесімділігіне ықпал етеді;
      5) секторалдық (салалық) келісімдерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      4. Келісімнің осы бабында көрсетілген, жүргізілген жұмыстың
нәтижелерін Кеден одағының комиссиясы Тараптардың ұлттық органдарымен
келісім бойынша Мемлекетаралық кеңестің қарауына ұсынады.
      5. Тараптардың табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы ұлттық заңнамасының үйлесімділігі мақсатында Кеден одағының жоғарғы органы - Кеден одағы комиссиясының ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекетаралық кеңесі Тараптардың қандай нормативтік құқықтық актілері осы салада жақындатуға жататындығын және осы салада заңнаманың үйлесімділігі бойынша тиісті шараларды жүзеге асырудың сабақтастығын айқындайды.
      6. Кеден одағының комиссиясына осы Келісімнің орындалуын бақылау бойынша өкілеттіктер беріледі.

3-бөлім
Қорытынды ережелер 9-бап
Дауларды шешу

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе талқылауға байланысты даулар Тараптардың арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы, оның ішінде Кеден одағы комиссиясының қатысуымен шешіледі, ал осындай консультациялар немесе келіссөздер басталғаннан бері алты ай ішінде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, мүдделі Тараптардың кез келгені Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына береді.
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінген Тарап басқа мүдделі Тараптарды өтініш берген сәттен бастап 30 күннен кешіктірмей бұл туралы хабардар етуге тиіс.

10-бап
Келісімге өзгерістер енгізу

      Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Келісімге хаттамамен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

11-бап
Келісімді үшінші елдерге қатысты қолдану

      Осы Келісімдегі ештеңе Келісімнің Тарабын осы келісімнен туындайтын қағидаларды және/немесе артықшылықтарды осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын үшінші елдерге немесе осындай үшінші елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қолдануға міндеттейтін ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

12-бап
Келісімнің күшіне ену, Келісімге қосылу және одан шығу тәртібі

      Осы Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен анықталады.

      _________ қаласында 20__ жылғы "___" ______ орыс тілінде бір түпнұсқада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы оның депозитарийі болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады.
      Түпнұсқа данасының көшірмелерін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті куәландырады және әрбір тарапқа жолдайды.

      Беларусь                  Қазақстан                  Ресей
  Республикасының            Республикасының           Федерациясының
    Үкіметі үшін              Үкіметі үшін              Үкіметі үшін

Табиғи монополиялар субъектілерінің 
қызметтерін реттеудің бірыңғай қағидаттары
мен қағидалары туралы келісімге   
№ 1 қосымша            

Тараптар мемлекеттеріндегі табиғи монополиялар салалары


Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Ресей Федерациясы

1

магистралдық мұнай құбыржолдары арқылы мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау

магистралдық мұнай құбыржолдары арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі қызметтер

магистралдық мұнай құбыржолдары арқылы мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау

2

электр энергиясын беру және тарату

электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі қызметтер

электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер

3


электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және тұтыну жөніндегі қызметтер

электр энергиясын өндіруді - тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер

электр энергетикасын жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі қызметтер

Табиғи монополиялар субъектілерінің 
қызметтерін реттеудің бірыңғай қағидаттары
мен қағидалары туралы келісімге   
№ 2 қосымша            

Тараптар мемлекеттеріндегі табиғи монополиялар салалары 


Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Ресей Федерациясы

1

газды магистралдық және таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау

газды немесе газ конденсатын сақтау, магистралдық және (немесе) таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер; газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметтер

газды құбыржолдары арқылы тасымалдау

2

көліктік терминалдардың, әуежайлардың қызметтері қатынас трассаларындағы қызмет көрсету және пайдалану, әуе қозғалысын басқару

аэронавигация қызметтері

порттардың, әуежайлардың қызметтері

көліктік терминалдардың, порттардың және әуежайлардың қызметтері

3

жалпы пайдаланудағы электр және почта байланысының қызметтері

телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, қызметтердің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін еместігі не экономикалық мақсатсыздығы себепті нақты байланыс операторының болмауы жағдайындағы телекоммуникациялардың қызметтері
кабельдік арнаны және телекоммуникациялардың желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілеріне қосумен технологиялық байланысты өзге негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) беру немесе пайдалану жөніндегі қызметтер почта байланысының жалпы қол жетімді қызметтері

жалпы қол жетімді электр байланысының және жалпы қол жетімді почта байланысының қызметтері

4

жылу энергиясын беру және тарату қызметтері

жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтер

жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтер

5

орталықтандырылған сумен жабдықтау және суды бұру

су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтері


6



ішкі су жолдарының инфрақұрылымдарын пайдалану жөніндегі қызметтер

7


концессияның шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар теміржол жолдарының қызметтері


8


Кірме жолдардың қызметтері



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады