1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттамаға қол қою туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1322 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттамаға қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа
қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
ҮШІНШІ ХАТТАМА

      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (бұдан әрі - ҰҚШҰ) қатысушы мемлекеттер,
      2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісім негізінде ұжымдық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастыру үшін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық қарулы күштерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру мүддесінде әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 3-бабы «еркін айналыстағы валютадағы» деген сөздерден кейін «және (немесе) Ресей Федерациясының рубліндегі» деген сөздермен, 6-бабының үшінші абзацы «еркін айналыстағы валютамен» деген сөздерден кейін «және (немесе) Ресей Федерациясының рублімен» деген сөздермен және 9-бабының бірінші абзацы «еркін айырбасталатын валютадағы» деген сөздерден кейін «және (немесе) Ресей Федерациясының рубліндегі» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      _________ қаласында 201_ жылғы «__» _______ орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайтын ҰҚШҰ Хатшылығында сақталады.

    Армения Республикасы үшін      Ресей Федерациясы үшін

    Беларусь Республикасы үшін     Тәжікстан Республикасы үшін

    Қазақстан Республикасы үшін    Өзбекстан Республикасы үшін

    Қырғыз Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады