"Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 880 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 1337 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 880 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 14 қазандағы
№ 880 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 880 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 405-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады