Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 14 қазандағы N 880 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1126 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.12.23 № 1126 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
             жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының атынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қойсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2009 жылғы 14 қазандағы
N 880 Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН    

Жоба

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2007 жылғы 5 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттер 2007 жылғы 5 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын одан әрі дамыту тұжырымдамасының 4.5-тармағын іске асыру мақсатында
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге қосымша болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесі туралы ереженің 3-бөлімі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "ТМД-ның салалық ынтымақтастық органдарының Кеңестің құзыретіне жататын көші-қон саласындағы мәселелер жөніндегі қызметін үйлестіруге;".

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап, ал заңнамасы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауды талап ететін Тараптар үшін - көрсетілген рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.

      200_ жылғы ___________ қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

Әзірбайжан Республикасы үшін        Молдова Республикасы үшін

Армения Республикасы үшін           Ресей Федерациясы үшін

Беларусь Республикасы үшін          Тәжікстан Республикасы үшін

Грузия үшін                         Түрікменстан үшін

Қазақстан Республикасы үшін         Өзбекстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін            Украина үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады