Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 155-4, 158 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасы;
2) Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы;
3) Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингін жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары;
4) Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары;
5) Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2014 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. «Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу мен концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 921 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 40, 436-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен
бекітілген
Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-4-бабының 5-тармағына, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 4) тармақшасына және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) концессиялық ұсыныс – тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын, мемлекеттік қолдау шараларын, концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін көрсететін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта отырып әзірлейтін концессиялық жобаның тұжырымдамасы;
2) концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы – орталық мемлекеттік немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы әзірлеген концессиялық ұсынысты тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан бағалауы;
3) республикалық жоба – республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 12-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
4) жергілікті жоба – коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 13-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
5) алдын ала есептеулер – жорамалдарды көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есептеулер. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары бар MS Excel форматында қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады;
6) концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес концессиялық жобаны одан әрі пысықтаудың экономикалық орындылығы бойынша концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның немесе Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаның сараптамасы негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша концессиялық ұсынысқа дайындалатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда, концессиялық ұсынысты, конкурстық құжаттаманы пысықтау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта алады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтер тізбесін қалыптастырады, оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырады.
5. Орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру жоспарланып отырған концессиялық жобаны аса маңызды концессиялық жобалар тізбесіне енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарының (оны концессиялық жоба ретінде іске асырудың орындылығы айқындалған жағдайда), концессиялық ұсыныстар мен конкурстық құжаттамалардың өтуі туралы хабарлайды.
Ескерту. Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібі
6. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу процесі мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:
1) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не концессиялық ұсынысты әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің оны алмастыратын тұлғасының концессиялық ұсынысты айқындауы және бекітуі.
Мемлекеттік орган концессиялық ұсыныс әзірлеу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да компанияларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарту жолымен жобалау тобын құра алады.
Жобалау тобы қызметінің мақсаты осы немесе өзге салада/аяда/өңірде концессиялық жобаны іске асырудың дәлелденген қажеттілігімен бірге концессиялық ұсыныс әзірлеу болып табылады.
Жобалау тобы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
концессиялық жобаны іске асыру бойынша келіп түскен ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді, іріктейді, бағалайды, олардың басымдылығын айқындайды, келісімшарттың, конкурстың түрін және концессиялық жобаның өзге де түйінді параметрлерін айқындайды;
жоспарланған концессиялық жоба бойынша маркетингтік және өзге де қажетті зерттеулерді жүргізеді;
барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде концессиялық жобаның алдын ала есептеулерін әзірлеуді жүргізеді;
2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың ережелерін, ел басшылығының тиісті тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың бастамаларын, сондай-ақ дербес бастама тәртібінде жеке және заңды тұлғалар енгізген ұсыныстарды ескере отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу кезеңінде мемлекеттік органның концессиялық ұсыныстарын қалыптастыруы.
Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік орган қажет болған жағдайда, жоспарланып отырған концессиялық жоба туралы қысқаша ақпаратты республикалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ мүдделі тараптарды (әлеуетті концессионерлер мен халықты) кездесулер, дөңгелек үстелдер және басқа қажетті іс-шаралар шеңберінде концессиялық ұсынысты қалыптастыру процесіне тарта алады;
3) республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессиялық ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігіндегі табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
4) концессиялық ұсынысқа концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, жергілікті деңгейде – облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе оны алмастыратын тұлғаның қол қоюы;
5) Заңның 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес концессиялық ұсынысқа салалық сараптама жүргізу.
Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы:
егер жоба республикалық болса, концессиялық ұсынысқа қол қойылған сәттен бастап;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына қол қойылған концессиялық ұсынысты енгізген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиісті саладағы мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды;
5-1) Егер концессиялық жобаны республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, концессиялық ұсыныстың салалық сараптама қорытындысын тиісті саладағы орталық уәкілетті орган жүргізеді, тиісті саладағы орталық уәкілетті органды қандай да бір белгілі салаға жатқызу мүмкін болмаған жағдайда, салалық қорытындыны тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның өзі жүргізеді.
Егер республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру болжанатын концессиялық жобаны іске асыру басқа салалық орталық мемлекеттік органның жауапкершілік аясын қозғайтын жағдайда, көрсетілген салалық орталық мемлекеттік орган концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысын жүргізеді.
Егер концессиялық жобаны Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылатын жағдайда, концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық жергілікті атқарушы орган жүргізеді, жергілікті уәкілетті органды қандай да бір белгілі салаға жатқызу мүмкін болмаған жағдайда, салалық қорытындыны тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының өзі жүргізеді.
Егер Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру болжанатын концессиялық жоба басқа салалық жергілікті органның жауапкершілік аясын қозғайтын жағдайда, көрсетілген салалық жергілікті мемлекеттік орган концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасын жүргізеді.
6) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға әзірлеуші мемлекеттік органның қол қойған концессиялық ұсынысты жіберуі;
7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларды тарта отырып, концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргізуі.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға концессиялық ұсынысты концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган оны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін жібереді.
Сараптама концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға концессиялық ұсыныстар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ концессиялық ұсыныстарда көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар көрсетілген ақпаратты ұсынуды талап етеді.
Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар осы тармақшаның төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, құжаттар топтамасы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органға сұрау салуды, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органға сұрау салудың көшірмесін жібереді.
Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органдар сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға және жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға бір мезгілде ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажеттігі туралы хабарлайды.
Сұрау салу жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
Әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша концессиялық ұсыныс пысықталған жағдайда, сараптама мерзімдері 1 (бір) рет қана жаңартылады;
8) Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы түскен сәттен бастап мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның 5 (бес) жұмыс күні ішінде концессиялық ұсыныс бойынша қорытындыны:
егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға;
егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жіберуі;
Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныс бойынша қорытындыны сараптама түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді;
9) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның оң қорытындысының нәтижесі бойынша концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның концессиялық ұсынысты бекітуі;
10) бекітілген концессиялық ұсынысты, концессиялық ұсынысқа қорытындыны және басқа тиісті сараптамаларды қоса бере отырып, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мәселесін одан әрі тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті атқарушы органға өтінімді енгізеді;
11) республикалық жобалар бойынша концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде техникалық экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге, түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша не әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі – ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның жергілікті жобалар бойынша сараптаманың оң қорытындысы қоса берілген өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде ТЭН-ін әзірлеуге, түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша немесе әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі – ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады;
12) конкурстық құжаттаманы әзірлеу, түзету, қажетті сараптамалар жүргізу және бекіту:
екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:
конкурс ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуі.
Әзірленген ЖСҚ бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету концессиялық ұсыныста қамтылған концессиялық жобаның маркетингтік, қаржы-экономикалық параметрлерін ескере отырып, қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыра отырып жүзеге асырылады.
Қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге бөлінген қаражат шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, жүзеге асырылады;
республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополия салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала қажетті сараптамалардан өткен конкурстық құжаттаманы, концессиялық жобаның ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;
тиісті бюджет комиссиялары шешімінің негізінде конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;
екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:
концессиялық ұсыныстардың сараптамасы негізінде конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі;
республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы тиісті сараптамаларды жүргізу және келісу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;
тиісті бюджет комиссиялары шешімінің негізінде конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;
13) бюджет комиссияларының тиісті шешімдерін шығаруы;
14) егер объектілер республикалық меншікке жататын болса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астана мәслихаттарының Заңның 16-бабының 1-тармағына сәйкес тізбені қалыптастыруы және бекітуі.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға осы тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген рәсімді өту туралы бюджет комиссиясының тиісті шешімдері шыққан сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Концессиялық ұсыныс мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
1) жоба паспорты;
2) кіріспе;
3) институционалдық бөлім;
4) маркетингтік бөлім;
5) қаржылық бөлім;
6) әлеуметтік-экономикалық бөлім;
7) техникалық-технологиялық бөлім;
8) тәуекелдерді бөлу;
9) жоба бойынша тұжырымдар;
10) қосымшалар.
8. Паспортта жоба туралы жалпы ақпарат кесте нысанында көрсетіледі:
1) концессиялық жобаның атауы;
2) концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;
3) концессиялық жобаның мақсаты;
4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы;
4-1) концессиялық жобаны аса маңызды концессиялық жобалар тізбесіне енгізу бойынша негіздеме;
5) концессия объектісін құру (реконструкциялау) кезеңі (мерзімі), пайдалану кезеңі (мерзімі);
6) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі);
7) концессионердің болжамды келтірілген таза пайдасының құны мен концессионердің ішкі кірістілік нормасы;
8) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздері;
9) мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары;
10) концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу тәсілі (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай);
11) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрі;
12) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларда берілетін мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша инвестициялық ұсынысқа концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы экономикалық қорытындының болуы не болмауы.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. «Кіріспе» деген бөлімде:
1) концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланған саладағы (өңірдегі) проблеманың сипаттамасы;
2) концессиялық жобаның елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі туралы ақпарат;
3) олардың шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру жоспарланған экономика саласы (аясы), өңір мен елді мекен;
4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы, сондай-ақ оның құқықтық мәртебесі (меншігі, баланс ұстаушысы, шектеулері мен ауыртпалықтары);
5) Концессионердің концессиялық жоба шеңберіндегі болжанатын қызмет түрлері;
6) концессияға беруге жоспарланбаған қызмет түрлері туралы ақпарат;
7) концессияға берілетін жұмыс істеп тұрған объектіге қатысты ауыртпалық және шектеу туралы ақпарат (кепілдік, тыйым салу, бөтен жылжымайтын мүлікке шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) және т.б.);
8) концессиялық жобаның іске асырылуына әлеуетті концессионерлер тарапынан мүдделіліктің бар-жоғы туралы ақпарат;
9) концессия объектілері тараптарының бір-біріне жоспарланған беру алгоритмі, сондай-ақ оның негізінде аталған мүлік берілетін құқықты көрсете отырып, концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге мүлікті беру тәртібі мен шарттары;
10) экономиканың осы саласындағы (аясындағы) ұқсас концессиялық жобаларды іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі;
11) концессионерді таңдау бойынша (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай) конкурс өткізу тәсілін таңдаудың негіздемесі;
12) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрін таңдаудың негіздемесі;
13) егер жаңа концессия объектісін салу жоспарланған жағдайда, концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілілігі туралы ақпарат және егер жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат, оның ішінде соңғы күнтізбелік үш жылдағы негізгі құралдарды қайта бағалау, іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру және басқа да мәліметтер туралы ақпаратты қоса алғанда, концессияға берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат;
14) концессионердің концессия объектілеріне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда, құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру құқығы туралы жоспарланған шарттар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде туындаған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтары туралы шарттар;
15) объектіні реконструкциялау кезінде оның ретроспективасы (объектіні пайдалануға енгізу күні, реконструкциялау бойынша жүргізілген жұмыстар және аталған объектіге байланысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
10. Институционалдық бөлім тараптардың өзара іс-қимыл жасасу тетіктері, концессиялық жобаның әрбір тарапының, оның ішінде үшінші тұлғалардың, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (тараптардың өзара іс-қимыл жасасу схемасын қоса бере отырып) инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңдегі жауапкершілігі туралы ақпаратты қамтиды.
11. Маркетингтік бөлім маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтынылатын факторларын ұсынудың қазіргі және болжамды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюктурасын талдауды қамтиды.
Егер Заңның 14-бабына сәйкес өнімнің негізгі тұтынушысы мемлекет болып табылған жағдайда, онда жоспарланған тұтыну көлемі бойынша растайтын құжаттар мен тиісті есептеулерді ұсыну қажет.
Бөлім мыналарды қамтиды:
1) сұраныстың мөлшерлік параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе концессиялық жоба шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) қажеттілікті бағалау;
2) тұтынушылар санаты бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау, оның ішінде бәсекелестікті (ағымдағы бәсекелестер, жаңа бәсекелестердің, алмастырушы тауарлардың пайда болу ықтималдығын) талдау;
3) өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігі үшін белгіленген қолайлы (әлеуметтік әділ) бағаны талдау және негіздеу, оның ішінде концессиялық жоба шеңберінде әлеуетті тұтынушылардың өнім (тауар/көрсетілетін қызмет) бірлігін сатып алуға (өнім бірлігі үшін төлеуге) дайындығын және мүмкіндіктерін талдау;
4) тұтынушылардың санаты бойынша концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
5) концессиялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізат, материалдар, жабдықтар нарықтарын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
6) инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, қажет болған жағдайда шетелдік мамандарды тарту негіздемесі;
7) SWOT-талдау (концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мүмкіндіктерін және қауіптерін, әлеуетті күшті және осал жақтарын айқындау және бағалау).
Әрбір кіші бөлімде қолданылатын ақпарат көздері және жүргізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемесі көрсетіледі.
12. Қаржылық бөлімде:
1) жыл сайын концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде ұсынылатын концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиті шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы ақпарат;
2) есептермен расталған концессия объектісі құрылысының болжамды құны;
3) концессиялық жоба шеңберінде салымы жоспарланған инвестициялар көлемі;
4) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы туралы есептеулер мен мәліметтер негіздемелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға), оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) алдын ала есептеу;
5) егер:
ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпаратты;
көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;
мұндайлар болған жағдайда, реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көрсетілетін түрлері мен көлемі туралы ақпаратты;
бухгалтерлік балансты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепті;
тарифте ескерілетін қолданылатын амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;
инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен өлшемдері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаларда нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
мұндайлар болған кезде, қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіруді;
субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешектерінің деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар және мұндайлар болған кезде, кредиторлық берешекті төлеуді;
мұндайлар болған жағдайда, нормативтік және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын қамтитын жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат;
6) мемлекеттік қолдау ұсыну қажеттілігі мен мүмкіндігін және тарифтердің күрт өсуін болдырмау мақсатында инвестициялық, пайдалану шығындарын өтеу және басқарғаны үшін сыйақы көздерін талдау нәтижелері;
7) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау көрсетудің болжамды түрлері, көлемдері, мерзімдері мен шарттары;
8) алдын ала есептеулер түріндегі негіздемесімен жылдар бойынша бөлінген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің болжамды жиынтық құны;
9) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алуының болжамды көздері;
10) егер концессиялық жоба әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын болса, концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақыны қолдану мүмкіндігі туралы ақпарат;
11) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі), сондай-ақ алдын ала есептеулер түрінде негізделген концессионер кірістілігінің болжамды таза келтірілген құны мен ішкі кірістілік нормасы көрсетіледі;
12) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың жобаны іске асырудың өзге де ықтимал схемалармен (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алулар және басқалар) салыстыру бойынша жобаны іске асырудың неғұрлым ұтымды ретінде негіздеу;
13) концессияның тиімді мерзімін айқындау.
Жобаның концессиялық ұсынысында келтірілген ақпаратты растайтын және ашып көрсететін қаржылық-экономикалық үлгілерді, кестелерді, диаграммаларды, суреттерді, жер картасын қамтитын қосымшалар концессиялық ұсыныста қамтылған.
Жобаның қаржылық-экономикалық үлгілері жобаны іске асырудың қаралатын нұсқалардың әрбірі бойынша (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алулар және концессия) формулалар мен қабылданған жорамалдарды көрсете отырып жасалады. Концессия бойынша ҚЭҮ нұсқасы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесінің негізінде жасалады.
13. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде концессиялық жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның жоба ескерілмеген даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі, жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);
2) концессиялық жобаны іске асырған жағдайда саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);
3) нәтижелерді, салдарын және ықпалын, көбейтілген пайда мен шығындарды, тұтынушының қосымша пайдасын, қалпына келмейтін шығындар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, концессиялық жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданы талдауды қамтитын концессиялық жоба бойынша пайда мен шығындарды талдау;
4) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсердің есебі;
5) таза қоғамдық пайда, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value – ENPV), табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
6) концессиялық жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдау;
7) концессиялық жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдау.
14. Техникалық-технологиялық бөлім мыналарды:
1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде енгізілуі жоспарланған технологиялық инновациялар туралы мәліметтерді;
2) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары, үлгі жобалары, үлгі жобалық шешімдері және қайталап қолданылатын жобаларының бар-жоғы туралы мәліметтерді;
3) концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын, оның ішінде концессиялық жобаның жоспарланған өндірістік қуатын;
4) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып көлік магистраліне жақындығына қатысты жобаны іске асырудың орналасқан жерінің негіздемесін;
5) концессияға берілуі мүмкін объектiні салудың (реконструкциялау) және пайдаланудың жоспарланған мерзімдерін;
6) объектiнің орналасқан жері, жер учаскесінің (учаскелерінің) сипаттамасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ қолданыстағы және/немесе жобаны іске асыруға қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылым (теміржол магистральдары, автокөлік жолдары, құбырлар, электр- және жылу жүйелері, су құбыры, газ құбыры және басқа инфрақұрылым) туралы ақпаратты;
7) концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің болжамды құны туралы жалпы ақпаратты және концессиялық ұсыныстың жобасына егжей-тегжейлі ақпаратты қоса бере отырып, техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай өткізілетін конкурс таңдалған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратын концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің көрсетілген құнын негіздейтін есептеулерді қамтиды.
15. «Тәуекелдерді бөлу» деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде пайда болуы ықтимал тәуекелдер, концессионер мен концедент арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша, оның ішінде дайындық кезеңінде, концессия объектісін салу/реконструкциялау және оны пайдалану кезеңінде жоспарланған іс-шаралар сипатталады.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;
2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;
3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;
4) техникалық тәуекелдерді бағалау;
5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;
6) тәуекелдердің негізгі факторларын, олардың өзгеруінің болжамды сипаттамасы мен диапазонын, оларды азайту бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын концессионер мен концедент үшін ерекше тәуекелдерді бағалау;
7) тәуекелдерді жобаға қатысушылар арасында бөлуді талдау;
8) белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметрдің өзгеруінің шекті рұқсат етілетін мәндерін айқындау.
Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.
16. «Жоба бойынша тұжырымдар» деген бөлімде негізгі тәуекелдерді ескере отырып, маркетингтік, қаржылық және техникалық-технологиялық бөлімдер бойынша негізгі нәтижелер көрсетіледі.
Сондай-ақ, аталған бөлімде мемлекет ерекше қорғайтын археологиялық немесе өзге де объектілердің жоспарланған концессиялық жобасының мәселелері қозғалған жағдайда, осы объектілердің жай-күйі туралы, сондай-ақ оларға концессиялық жобаның ықпал етуі туралы мәліметтер келтіріледі.
17. Концессиялық ұсыныс:
1) концессиялық ұсыныстар бойынша салалық сараптаманың оң қорытындысын;
2) екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылмайтын конкурс таңдалған жағдайда:
техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырманың жобасын;
концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, оның ішінде ТЭН немесе әзірленген ЖСҚ-сы бар, сондай-ақ концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ-ны байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша тиісті негіздемені қоса бере отырып, әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құнының есептеулерін;
екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланатын конкурс таңдалған жағдайда:
тиісті негіздеме қоса берілген концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу құнының есептеулерін;
3) концессиялық ұсынысты республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу нәтижелерін;
4) орындау үшін жауаптыларды, іске асыру мерзімдерін және аяқталу нысандарын көрсете отырып, концессиялық жоба бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын;
5) концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның пікірі бойынша ұсынылатын концессиялық ұсынысты жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтер қоса беріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.
Концессиялық ұсыныстардың, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдардың әрбір парағын тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы дәйектейді.
Сараптама жүргізу үшін қажетті материалдар қоса берілген концессиялық ұсыныстарды әзірлеуші мемлекеттік орган концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмесін ұсына отырып, бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланктегі жеке ілеспе хатпен ұсынады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18. Концессиялық ұсыныстарды табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу табиғи монополиялар саласына жататын мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану үшін уақытша иеленуге және пайдалануға немесе концессионердің қаражаты есебінен жаңа объектілерді құру (салу) құқығын концессияға беру мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
19. Концессиялық ұсынысты келісу концессиялық ұсыныстардың табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, мынадай мәселелерді қарай отырып жүзеге асырылады:
1) концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілігі және табиғи монополиялар салаларына жататын концессиялық жобаның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарлар, жұмыстар) тізбесін келісу;
2) тауарлар (көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) өндірісінің өндірістік циклі, жылу және электр желілерін, газ бөлу жүйелерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту;
3) концессиялық жобаның өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға ықпалы және концессиялық жобаны іске асыру қажеттілігі, оның ішінде жобаның өңірдегі басқа монополистердің қызметіне ықпалы;
4) концессиялық жобаның реттеліп көрсетілген қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифті (алым мөлшерлемесін, бағасын) қалыптастыру тәртібі және мөлшері.
Жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектілерінің объектілерін реконструкциялау немесе жаңғырту кезінде концессиялық жобаны іске асыру көрсеткіштерінің тарифтердің өсуіне және көрсетілетін қызметтер сапасының жоғарылауына, оның ішінде табиғи монополиялар субъектісі әзірлеген және іске асыратын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) олар болған жағдайда, нормативтен тыс шығындарды жою мәселесі қосымша қарастырылады.
20. Концессиялық ұсынысты табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу мынадай:
1) концессиялық ұсынысты келісу туралы;
2) әрбір қарастырылған мәселе бойынша келіспеу себептерін не концессиялық ұсынысты пысықтау жөніндегі талаптарды немесе концессиялық жобаны жақсарту жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырып, келіспеу туралы нәтижелері бар концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органға жіберілетін хат түрінде ресімделеді.
21. Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын концессиялық ұсыныстарды олар ұсынылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келіседі.
3. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту
22. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен, концессиялық жоба табиғи монополиялар саласына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
Конкурстық құжаттаманың мазмұны мен шарттары Заңның 17-бабына сәйкес айқындалады.
Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобаның ТЭН-і құрамында тариф қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірленеді.
23. Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін, табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі конкурстық құжаттама ережелерінің құрамы мен мазмұнының және ТЭН-нің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ концессиялық жобаның концессиялық ұсынысында бекітілген концессиялық жобаның тариф қалыптастыруымен байланысты экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлеріне конкурстық құжаттама мен концессиялық жоба ТЭН-нің сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
24. Концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарастырады:
1) концессияның жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғырту немесе реконструкциялау кезінде іске қосылған негізгі құралдардың өтімділік құнының капитал құрушы шығындар есебінен ұлғайтуға немесе жұмыс істеп тұрған деңгейін сақтауға қол жеткізу және концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде әзірленген және іске асырылатын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) бар болған жағдайда нормативтен тыс шығындарды жою;
2) реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар, өндірістік шығындарды азайту;
3) реттеліп және реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және/немесе сапасын арттыру;
4) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібі және ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтің шекті лимиті;
5) қарыз алудың және қарыз ресурстарын өтеудің схемасы мен шарттары;
6) жобаның негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері – пайданың (кірістіліктің), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді төлеу болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өсу болжамы шеңберінде субъектілердің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейіндегі қолма-қол ақшаның дисконтталған ағымдарының тартылған активтеріне пайдалардың ішкі нормалары.
25. Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарайды:
1) табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде конкурстық құжаттама ережелерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі;
2) конкурстық құжаттаманың концессиялық ұсыныста және концессиялық жобаның ТЭН-інде бекітілген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа тариф қалыптастыру параметрлеріне сәйкес келуі;
3) конкурстық өтінім құрамында конкурсқа қатысушылар ұсынатын концессиялық жобаның тариф қалыптастыруына байланысты құжаттар тізбесін келісу;
4) тариф қалыптастыруға байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келісу;
5) концессиялық жобаның тариф қалыптастыруына байланысты концессия шартына енгізілетін ережелер мен қосымшалар бөлігінде концессия шартының жобасын келісу. Концессия шартының жобасы және концессиялық жобаның ТЭН-і конкурстық құжаттамаға қосымша болып табылады.
Конкурстық құжаттаманы келісу және концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін көрсете отырып, келіспеу туралы немесе конкурстық құжаттаманы немесе ТЭН-ді пысықтау туралы талаптары бар мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не оның орынбасары қол қоятын хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттаманы және ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.
26. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан конкурстық құжаттама мен ТЭН-ге оң келісім алғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаның ТЭН-ін қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға не Заңның 13-бабының 3-2) және 3-3) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жібереді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
27. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келісуді жүргізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде беруді ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың маңызды шарттарын келіседі.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы келісуі мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, не оның орынбасарының қол қоюымен келісу туралы немесе келіспеу себептерін көрсете отырып келіспеу туралы не конкурстық құжаттаманы пысықтау жөніндегі талаптары бар хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттама мен ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган конкурстық құжаттама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді, ол осы ұйымға конкурстық құжаттама ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауының жалпы мерзімі 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды.
Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ конкурстық құжаттамада көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар көрсетілген ақпаратты ұсынуды талап етеді.
Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар қажет болған жағдайда концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға құжаттар топтамасының келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты ұсыну жөнінде сұрау салуды, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға сұрау салудың көшірмесін жолдайды.
Әзірлеуші мемлекеттік органдар сұрау салу келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша мерзімнің қажеттігі туралы хабардар етеді, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауы тиіс.
Сұрау салуды жолдаған күннен бастап қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
Конкурстық құжаттама пысықталған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша сараптамалар жаңартылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
29. Конкурстық құжаттама сондай-ақ әлеуетті концессионердің өзінің біліктілік талаптарына сай екенін қосымша растауы ретінде мынадай құжаттардың бірін ұсыну мүмкіндігін қарастыруы қажет:
1) халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингін алуын растайтын құжат;
2) биржаның ресми листингіне енгізілгені туралы қор биржасынан үзінді.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарға байланысты шынайы мәліметтерді ресми интернет-ресурстарына орналастырған жағдайда, әлеуетті концессионер бұл туралы құжаттардың өзін ұсынбай-ақ конкурсты ұйымдастырушыны хабардар ете алады.
Егер әлеуетті концессионер Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті үшін талап етілетін дәл осы құжаттар ұсынылады немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес - әлеуетті концессионердің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді конкурстық құжаттама тілдеріне аударылған, нотариус куәландырған құжат, сондай-ақ резиденттіктің апостиль қойылған (егер халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе) сертификаты ұсынылады.
30. Конкурсты ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.
31. Конкурстық құжаттаманың қолданылу мерзімі конкурстық құжаттаманы бекіткен күннен бастап 3 жылдан аспауы тиіс.
32. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Заңның 7-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында және 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген тиісті бюджеттен шығындар тудыратын концессиялық жоба бойынша бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау және табыс алу көздерін ұсынуды конкурстық құжаттамаға енгізу туралы ұсынымдарды қамтитын Заңның 15-2-бабының 6-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жоба бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.
Концессиялық жобаларды ұсыну,
қарау және іріктеу қағидаларына
қосымша
Нысан
Концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жобаның атауы |
|
Жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органның атауы |
|
Жобаның мақсаты |
|
Жобаның стратегиялық бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі |
|
Жобаның құны, оның ішінде концессия объектісін құрудың және реконструкциялаудың құны |
|
Жобаны іске асыру мерзімі |
|
Концессия объектісін құрудың және реконструкциялаудың мерзімі |
|
Концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу тәсілі |
|
Концессия шартының түрі |
|
Мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары |
|
Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым немесе қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар сараптамасының болуы |
|
Өзгелер |
|
Қорытындылар |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен
бекітілген
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.
2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі - конкурс) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары бекіткен орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) негізінде өткізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары, сондай-ақ оның қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары бекітетін Комиссия туралы ережеге сәйкес айқындалады.
Комиссияның жұмыс органы конкурстың тиісті ұйымдастырушысы болып табылады.
Республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессиялық объектілерге қатысты конкурсты ұйымдастырушы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы орган болып табылады, оның атынан әкімнің шешімі бойынша осы Қағидада көзделген конкурсты ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыратын жауапты мемлекеттік орган айқындалады.
4. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау, Заңға және осы Қағидаға сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады.
5. Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімде қамтылған ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі заңды тұлғаларды тарта алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаларды тарту үшін конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жолдайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
6-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша концессиялық өтінімдердің, концессия шарттары жобаларының өтуі, сондай-ақ жасалған концессия шарттары туралы хабарлайды.
Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және
өткiзу (екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай өткізілетін
конкурс)
8. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткiзу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) осы Қағиданың 21, 22-тармақтарына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді конкурстың өткізілуі туралы хабарландыруы;
6) осы Қағиданың 23, 24-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға конкурс ұйымдастырушысының конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ мұндай тұлғалар туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;
7) осы Қағиданың 25-27-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі;
8) әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы (конкурстық өтінімдер ұсынғанға дейін әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды жүргізу жағдайында).
Конкурсты ұйымдастырушы құжаттарды дайындауға және концессиялық жобаның өту мерзімін қысқартуға арналған шығыстарды оңтайландыру мақсатында конкурстық құжаттамада әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерді ұсынғанға дейін қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімін (конкурс жарияланғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аз емес) қарастыра алады.
Әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды өткізеді.
Бағалау қорытындысы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлердің тізбесі қалыптастырылады және тиісті хаттаманы ресімдеу жүргізіледі.
Аталған хаттаманың көшірмесін конкурсты ұйымдастырушы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті концессионерлерге не олардың уәкілетті өкілдеріне жібереді;
9) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді әзірлеуі және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуы, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі.
Осы тармақтың 8) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды өткізу кезінде конкурстық өтінімді әзірлеу және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуды тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлер оларды жүргізілген бағалау қорытындылары туралы конкурсты ұйымдастырушы хабардар еткеннен кейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын мерзімде жүзеге асырады;
10) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі;
11) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, сондай-ақ Комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеу;
12) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жіберуі;
13) әлеуетті концессионерлердің Заңмен қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау үшін конкурстық өтінімдерді қарау.
Осы тармақтың 8) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізген кезде қайта бағалау жүзеге асырылмайды;
14) конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті концессионерлердің тізбесін қалыптастыру және рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеу;
15) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін жіберуі;
16) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының расталған көшірмесін қоса бере отырып, оларға сараптама жасау үшін біліктілік талаптарына сай келетін конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуі;
17) Комиссияның конкурстық құжаттама талаптарына, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкес бағалау жөніндегі қорытындысын ескере отырып, конкурс қатысушылары ұсынған конкурстық өтінімдерді қарауы;
18) Комиссияның концессиялық өтінімі концессиялық жобаны нақтылау және концессия шартының талаптары мен концессия шарты жобасының соңғы нұсқасын қалыптастыру бойынша үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуі;
19) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын келісу үшін осы Қағиданың 67, 68, 69-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберуі;
20) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түрінде концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;
21) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
22) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концедент әзірлейді және конкурс жеңімпазын айқындағаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасында немесе мәслихат шешімінің жобасында әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпарат қамтылуы тиіс;
23) осы тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген Комиссия шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы немесе мәслихат шешімін қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартын келісу нәтижелерін ескере отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;
24) мемлекеттік кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шартын жасағаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Мемлекет кепілгерлігін ұсыну көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;
25) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялау.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.10.2014 № 1072 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
3. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік
рәсімдерді пайдалана отырып өткізу
9. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткiзу Заңның 20-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өткізіледі.
10. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткiзудің бірінші кезеңі:
1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді осы Қағиданың 21, 22-тармақтарына сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруы;
7) конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырмалар мен конкурстық құжаттаманы беруі, сондай-ақ мұндай тұлғалар туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;
8) конкурсты ұйымдастырушының осы Қағиданың 25, 26, 27-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі;
9) әлеуетті концессионерлердің Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға конкурстық құжаттамада көзделген құжаттарды ұсынуы;
10) Комиссияның әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді жүргізуі.
Біліктіліктік іріктеуді Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы жүзеге асырады;
11) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылауы, оның ішінде ТЭН-ді әзірлеудің және ұсынудың оңтайлы мерзімін, сондай-ақ мемлекеттік сараптаманы өткізу мерзімін белгілеуі.
Талқылау қорытындылары бойынша қажет болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы Заңның 17-бабында көзделген мерзімдерде, концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді.
Егер концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына енгізілген осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар экономикалық параметрлердің тиісті өзгерістеріне, сондай-ақ концессиялық жобаның қосымша шығыстарына әкеп соқтырған жағдайда, онда концессиялық жобаның түзетілген конкурстық құжаттамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды қайтадан өтеді.
Әзірленген жобалау алдындағы (ТЭН) және жобалау (жобалау–сметалық) құжаттамасы, үлгілік жобалау шешімдері болған кезде, конкурсты ұйымдастырушы оларды концессиялық жобаны іске асыру және оңтайлы нұсқасын ұсыну мерзімдерін қысқарту мақсатында әлеуетті концессионерлерге конкурстық құжаттама құрамында ұсына алады.
Концессионерді таңдау бойынша конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізген кезде, конкурсты ұйымдастырушы жобаны әзірлеушіден іздестіру қызметінің және/немесе жобалау қызметінің тиісті түрлеріне лицензияның болуы немесе болмауын қосымша анықтайды;
12) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
13) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
14) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
15) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
17) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
18) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткiзудің екінші кезеңі:
1) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның ТЭН-і бар конкурстық өтінімдерді ұсынуын, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін.
Конкурсқа екеуден асатын конкурстық өтінімдер түскен жағдайда, осы конкурстық өтінімдер бойынша әлеуетті концессионерлер сараптамаларды, оның ішінде мемлекеттік сараптаманы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтуді жүзеге асырады. Бұл жағдайда конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлерді сараптама бойынша рәсімдерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өту қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Конкурсқа екеуден аспайтын конкурстық өтінімдер түскен жағдайда, Концессия жөніндегі тиісті комиссияның шешімімен конкурсты ұйымдастырушы жанынан кіші комиссия құрылады, оның мақсаты жоба бойынша оңтайлы экономикалық шешiмді ескере отырып, үздік техникалық шешiмдер үшін кемінде екi конкурстық өтінімді таңдау болып табылады.
Кіші комиссия үздік конкурстық өтінімдерді таңдауды жүзеге асырады және бұл жөнінде Концессия жөніндегі комиссияны және әлеуетті концессионерлерді хабардар етеді.
Үздік конкурстық өтінімдерді іріктеу қорытындысы бойынша әлеуетті концессионерлер сараптамалардан өтуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және сараптамалар қорытындысын ескере отырып қайта пысықталған конкурстық өтінімдерді ТЭН-мен бірге тиісті сараптамалар нәтижелерін, оның ішінде мемлекеттік сараптама нәтижесін, сондай-ақ Заңның 18-1-бабына сәйкес әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін қоса ұсына отырып енгізеді.
Концессия жөніндегі комиссияның қарауына барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдер, оның ішінде құрамында техникалық шешімдері үздік деп танылмағандар да шығарылады.
Болжамды концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жататын жағдайда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны қоса беруі қажет;
2) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық өтінімдерде қамтылған концессиялық өтінімдерді, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін, оларға сараптама жүргізу үшін қажетті сараптамалар қорытындыларын мемлекеттік сараптаманың нәтижелерін қоса бере отырып жолдауын;
3) Комиссияның конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді, концессиялық өтінім бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып қарауын;
4) Комиссияның концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау мен концессия шарты жобасының соңғы нұсқасын қалыптастыру бойынша концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуін;
5) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын осы Қағиданың 67-69-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдауын көздейді;
6) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түріндегі концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
8) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концедент әзірлейді және конкурстың жеңімпазы айқындалғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы немесе мәслихат шешімінің жобасы әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты қамтуы тиіс;
9) Комиссияның осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартының келісу нәтижелері ескеріле отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;
10) мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шартын жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;
11) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялау.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.10.2014 № 1072 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
4. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту
Ескерту. 4-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Әлеуетті концессионерлерді конкурсты өткізу туралы хабардар
ету
21. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу туралы ақпаратты конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын, ал қайта конкурс өткізу кезінде – кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа тілдерде міндетті түрде жариялайды.
22. Конкурсты өткізу туралы ақпарат концессия объектілері туралы, конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтерді, конкурс жарияланған объектінің сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптарды, конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралы мәліметті қамтуы тиіс.
Конкурсты өткізу туралы ақпаратта қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
6. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсыну
23. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз жеткізгіште, ал маңыздылығы ерекше концессиялық жобаларға қатысты қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.
Конкурсты ұйымдастырушы табыс етілген конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай ақы ала алады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24. Конкурсты ұйымдастырушы:
1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу арналған, тиісінше ресімделген әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттіктерін құжаттық расталудың болуын тексереді;
2) егер конкурс өткізу туралы хабарландыруда мұндай ақыны алу туралы нұсқау қамтылған болса, әлеуетті концессионердің немесе оның уәкілетті өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу үшін ақы төленгені туралы құжаттық расталудың болуын тексереді;
3) қажетті мәліметтерді (алған уақыты мен күні, әлеуетті концессионердің атауы, мекенжайы және өзге де мәліметтер) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді;
4) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қою арқылы береді.
7. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
25. Олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмеуі тиіс. Қайта конкурс өткізу кезінде олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмеуге тиіс.
Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жолдайды және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпей, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуеттік концессионерлерге осындай түсіндірмені хабарлайды.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк 20 (жиырма) күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал конкурсты қайта өткізу кезінде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сұрау салуына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзе алады. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде береді. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық өтiнiмдерде ескеруі үшiн конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн кемiнде күнтiзбелiк 30 (отыз) күн мерзімге, ал конкурсты қайта өткізу кезінде кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзімге ұзартады.
26. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр орында және тиiстi уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткiзе алады. Бұл ретте, конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған, дереккөздерi көрсетiлмеген конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсiндiру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге көрсетілген хаттаманың көшірмесін жолдауға міндетті.
27. Егер конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті концессионерлермен кездесу әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық құжаттамада кездесуді өткізу күні белгіленген мерзімі мен уақытында келмеуі себебінен өткізілмеген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мұндай факт туралы Комиссияны жазбаша хабардар етеді.
8. Конкурстық өтінімдердің мазмұны және оларды ұсыну
28. Конкурстық өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес концессиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
29. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер ұсынатын конкурстық өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
1) конкурстық құжаттамада белгіленген нысан бойынша әлеуетті концессионер толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынылатын құжаттарының тізбесі:
есепшоттарында ақшаның болуын, әлеуетті концессионердің меншік құқығы мен жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына не Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған аудитталған толық алдыңғы екі қаржылық жылдың қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына не Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды концессиялық жобаларға қатысты, егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттарды осындай әлеуетті концессионердің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы тиіс.
Әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) «Негізгі құралдар» бухгалтерлік балансының баптарын таратылы жазылуын. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
Әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған, олардың қалыптасқан күні мен болжамды өтеу мерзімі, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомалары көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуын. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестесімен қоса беру қажет. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
әлеуетті концессионердің төлем қабілеттілігінің, оның таратылуға жатпайтынының, мүлкіне тыйым салынбағанының, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағанының кепіл хаты;
әлеуетті концессионердің жасалған концессия шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағанының кепіл хаты;
салық берешегінің және үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайлардан басқа) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтаманың түпнұсқасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар сондай-ақ соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады;
заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен заңдастырылған нотариалды куәландырылған үзіндіні ұсынады;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі.
Егер заңды тұлға қызметін заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген үлгілік жарғы негізіне жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;
құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтері бар құрылтайшылық құжаттардан нотариалды куәландырылған үзінді көшірмені (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаса) не конкурсты жариялаған күннен ерте емес берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акция ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасы;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, ЖСН көрсете отырып нотариалды куәландырылған жеке бас куәлігінің (төлқұжат) көшірмесін ұсынады;
әлеуетті концессионерге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының мөрі мен қол қойылған анықтама берілген күннің алдында үш ай бойы әлеуетті концессионер міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
Егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады. Анықтаманың берілгеніне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы екі айдан артық уақыт өтпеуге тиіс. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік нысанында қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидада белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынулары қажет:
бірлескен қызмет шартының нотариалды расталған көшірмесі;
қарапайым серіктестік мүшелері арасындағы жасалған ортақ жауапкершілік шартының нотариалды расталған көшірмесі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.
конкурс шеңберінде оның атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға шығатын қарапайым серіктестік өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды расталған көшірмесі.
Концессионерде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемiнде 10 (он) пайызын құрайтын меншікті қаражатының болуы:
заңды тұлғалар бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті талдау жолымен;
жаңадан құрылған заңды тұлғалардың құрылтайшылары бойынша, қарапайым серіктестік нысанындағы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері немесе жеке тұлғалар бойынша оларда қаржылық есептілік болмаған жағдайда олардағы активтер мен міндеттемелердің болуын растайтын құжаттарды талдау жолымен айқындалады.
Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны iске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:
әлеуетті концессионер Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;
жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде шығатын заңды тұлғалар Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс;
жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық дербес капиталы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Конкурсқа қатысушылар өз қалауы бойынша Заңмен және осы Қағидамен бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды ұсына алады.
Әлеуетті концессионер бiлiктiлiк талаптары жөнінде дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, осындай факт белгіленген сәттен бастап оған үш жыл ішінде концессионердi таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді.
Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың дұрыстығын Комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында белгілей алады;
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) әлеуетті концессионер конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырған және қол қойған концессиялық өтінім сонымен қатар мыналарды қамтуы тиіс:
Концессия шартының жобасы;
мемлекеттік сараптаманың нәтижелерін қоса алғанда, (концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы өткiзген жағдайда) қажетті сараптамалар қорытындыларын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындап белгілеген талаптарға сәйкес жасалған, оның ішінде қосымша ретінде мыналарды қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-і:
мыналарды қамтитын табиғи монополиялар салаларындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны (болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жатқан жағдайда):
тарифке (баға, алымдар мөлшерлемесі) қосылатын шығындарды қалыптастыру тәртібі;
шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар шегіндегі шығыстардың баптарын қалыптастыру:
тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесі;
инвестициялар көлемі мен инвестицияланған капиталды қайтару тәртібі;
пайданы қалыптастыру;
негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша тозуын есептеу әдістерінің сипаттамасы;
негізгі қаражатты және тарифтік сметада көзделетін амортизациялық есептеу құралдарын пайдалану бағыттарын қайда бағалауды жүргізу;
объектілерді күрделі жөндеуді немесе жаңғыртуды жүргізуді қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздері;
5) мемлекеттің кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша:
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасы;
мемлекеттің кепілгерлігін ұсыну бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландырудың баламалы көздері туралы ақпарат;
6) әлеуетті концессионердің контрагенттермен жасасқан концессиялық жобаға инвестициялар тартуды растайтын конкурс ұйымдастырушының алдындағы кепілдік ретінде қаржыландыруға келісімнің алдын ала шарттары және банктік қарыз шарттарының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмелері. Конкурс ұйымдастырушының алдындағы қаржыландыруға, кепілдік беруге келісімнің алдын ала шартына контрагентте тізбесі конкурстық құжаттамада белгіленетін қажетті қаржы құралдарының болуын растайтын құжаттар қоса беріледі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;
6-1) әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімі үздік деп танылған жағдайда, концессиялық жобаны іске асыру үшін әлеуетті концессионерге қаржы беру мүмкіндігін қарауға әзірлікті растайтын қаржылық ұйымдар хаттарының түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;
7) Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;
8) әлеуетті концессионер жарғысына сәйкес конкурстық өтінімге қол қоюға және Комиссия отырыстарына қатысуға құқығы бар сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар әлеуетті концессионердің бірінші басшысынан басқа әлеуетті концессионердің мүдделерін ұсынатын тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат;
9) аса маңызды концессиялық жобалар бойынша әлеуетті концессионер осы тұлғаны конкурс жеңімпазы ретінде таныған жағдайда, осы тұлғаның концессия шартын жасасу мақсаты үшін концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осы жаңа заңды тұлғаның міндеттемелерді орындауына конкурс жеңімпазының концедентке банктік кепілдік беруі шартымен концессия шартының тарапына айналатын жаңа заңды тұлғаны құратыны туралы кепілхат түпнұсқасы.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.10.2014 № 1072 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
29-1. Аса маңызды концессиялық жобаларға қатысты конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымша талаптарды және осындай құжаттарға қойылатын талаптарды белгілеуге құқылы.
Ескерту. Қағида 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
30. Конкурстық өтінімді әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген және әлеуетті концессионердің қолы әрбір бетіне қойылған және соңғы бетіне оның қолы мен мөрі қойылған (егер мұндай болса жеке тұлғаға) түрінде табыс етіледі.
31. Конкурстық өтінімде, әлеуетті концессионерге грамматикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өшірулер мен қосып жазулар болмауы тиіс.
32. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланса, конкурстық өтінімді ашпай қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы конкурстың атауы жазылып жабылған «конвертке» салынған, сондай-ақ, «(конкурс атауын көрсету) ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «(конкурстық өтінімдері ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» деген мазмұндағы мәтін жазылған конкурстық өтінімді жолдайды.
33. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті концессионерге қайтарылады.
34. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды.
35. Конкурсты ұйымдастырушы:
1) әлеуетті концессионер атынан өтінімі бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
2) конкурстық өтінімдері бар конверттерде осы Қағиданың 32-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Қағиданың 32-тармағының талаптары бұзылып ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттер тіркелуге жатпайды және:
әлеуетті концессионерлерге конкурстық өтінімдері бар конвертті пошта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
конкурстық өтінімдері бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне дереу қайтарылады;
3) тиісінше ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
4) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
5) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарған жағдайда конкурстық өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.
36. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:
1) конкурстың атауы мен өткізу мерзімін;
2) концедент пен конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, олардың пошталық мекенжайын;
3) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын;
4) әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайын, оның ЖСН-ін немесе БСН-ін;
5) конкурстық өтінімі бар «конвертті» тіркеу күні мен уақытын;
6) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімге енгізген өзгерістері мен (немесе) толықтырулары туралы ақпаратты көрсетеді.
Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді тіркеуден бас тартылған әлеуетті концессионерлерді, мұндай бас тартудың себебін баяндай отырып көрсетеді.
Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы тігілген, парақтары нөмірленген және әрбір бетіне Комиссия хатшысының қолы қойылған болуы, конкурстық өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі қажет. Конкурстық өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын барлық конкурстар бойынша бір қаржылық жыл ішінде жүргізуге жол беріледі.
37. Әлеуетті концессионер конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтініміне енгізу құқығын жоғалтпай, өзінің конкурстық өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерістер енгізу конкурстық өтінімнің өзі сияқты дайындалған және мөр басылған түрде ұсынылуы тиіс.
38. Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті концессионердің қолы қойылған және мөр қойылған (егер болған жағдайда жеке тұлғаға) конкурсты ұйымдастырушының атына еркін түрдегі өтініш ретінде ресімделеді.
39. Егер конкурсты ұйымдастырушы оны конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін қабылдаса, конкурстық өтінімге өзгерістер енгізу немесе конкурстық өтінімді қайтарып алу жарамды болып табылады.
Өзгерістер конкурстық өтінімге оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін енгізілмеуі тиіс.
9. Конкурсты өткізу
Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу
40. Конкурстық өтінімдерді қарау мен іріктеуді Комиссия жүзеге асырады.
41. Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушыны Комиссия отырысын өткізу мерзімі, уақыты және орны туралы отырысқа дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар етеді.
Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыс хаттамасын ресімдейді.
42. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуды Комиссия конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында Комиссияның қарапайым көпшілігінің, конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия кворумы болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдарға дереу хабардар етеді.
43. Комиссия отырысында:
1) Комиссия хатшысы қатысушыларды:
Комиссия құрамы;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті концессионерлер саны;
әлеуетті концессионерлер сұрау салуларының болғандығы не болмағандығы, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлермен конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша кездесулер өткізуі;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болғандығы немесе болмағандығы, сондай-ақ олардың себептерін;
конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркелген, белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлер жөнінде хабардар етеді;
осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жариялайды;
2) төраға немесе Комиссия мүшелері арасынан төраға болып айқындалған тұлға:
конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттар тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын жариялайды;
3) Комиссия хатшысы:
өтінімдері бар конверттерді ашуды тиісті хаттамамен ресімдейді;
әлеуетті концессионерлерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін Комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алатын мерзімі туралы хабардар етеді.
44. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына Комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы қол қояды және әрбір парағына қол қояды.
45. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның көрсетілген отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Конкурстық өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
46. Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде конкурстық өтінімдерді қарайды және әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы (конкурсқа қатысушылар деп таниды) шешім қабылдайды.
Әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы (конкурсқа қатысушылар деп тану) шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылады, Комиссия отырысына қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы шешімнің әрбір парағына қол қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға, болған жағдайда, сараптамалық қорытынды немесе Комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясының мүшесі) ерекше пікірі қоса берілуі мүмкін.
47. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия хатшысы:
1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақытын келіседі;
2) Комиссия мүшелеріне конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақыты туралы хабарландырады;
3) Комиссияның қарауына әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
48. Комиссия отырысын өткізбей, конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.
49. Комиссия:
1) әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерін құрайтын құжаттар пакеттерін олардың толықтығы мен тиісті түрде ресімделуі тұрғысынан қарайды;
2) құжаттар тізбесін толық ұсынбаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімделмеген құжаттар ұсынған әлеуетті концессионерлерді айқындайды;
3) конкурстық өтінім ұсынған әлеуетті концессионерлерден конкурстық өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруды жеңілдету үшін жазбаша нысанда материалдар мен олардың өтінімдеріне байланысты түсіндірулерді сұратады;
4) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты Комиссияның сұрау салуларды мен өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді. Конкурстық өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттарды алмастыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды түзету арқылы сәйкестендіруге бағытталған Комиссияның іс-қимылдары конкурстық өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру деп түсініледі;
5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлерді айқындайды және оларды конкурс қатысушылары деп таниды.
Әлеуетті концессионерлердің банкротқа ұшырау рәсіміне қатысы болмау бөлігіндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында Комиссия банкротқа ұшырау рәсімдерін жүргізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан ақпаратты қарайды.
50. Комиссия конкурстық өтінімнің енгізілген қамтамасыз етуін:
1) банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) Комиссияға:
конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
оған қатысу үшін банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауын;
банктік кепілдеме және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасы түрінде ұсынылған, конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
конкурстық өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
оның пайдасына конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауын білдіретін конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тиісті түрде ресімделмеген;
3) белгіленген сомадан аз мөлшерде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
51. Әлеуетті концессионер, егер:
1) мынадай негіздемелер бойынша Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сай емес деп айқындалса:
конкурстық өтінімде әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың болмауы;
әлеуетті өнім беруші міндеттемелердің барлық түрлері бойынша осы анықтама берілген күннің алдында үш айдан артық мерзімге созылған мерзімінен кешіктірілген берешегінің болуы туралы банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар анықтамасы түпнұсқасының болуы;
тиісті салық органының анықтамасында үш айдан артық уақытқа (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге және одан астам мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталуы;
оның концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары жоқ, оның ішінде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемінде 10 (он) пайызын құрайтын меншікті қаражаты немесе концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемінде 10 (он) пайызын құрайтын сомаға банктік кепілдігі жоқ;
оның банкротқа ұшырау немесе таратылу рәсіміне жатуы, төлем қабілеттілігінің болмауы, мүлкіне тыйым салынуы, қаржы-шаруашылық қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылуы;
2) егер конкурстық өтінім, мынадай негіздемелер бойынша конкурстың талаптарға сай емес деп айқындалса:
конкурстық өтінімді толық ұсынбау;
конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық өтінімді ұсыну;
3) Заңның 18-2-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп танылмайды) жіберілмейді.
Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
52. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақытын келіседі;
2) Комиссия мүшелеріне Комиссия отырысының тағайындалған күні мен уақыты туралы хабарландырады.
53. Комиссияның көрсетілген отырысында:
1) Комиссия конкурстық өтінімді әлеуетті концессионерлер ұсынған құжаттардың толықтығы мен тиісті түрде ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және зерделейді;
2) Комиссия конкурстық өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады;
3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
54. Конкурстық өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін жоғалтпайтын, түзетуге болатын грамматикалық қателері болса, конкурстық құжаттама талаптарына жауап береді деп танылады.
55. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмелерін ұсыну не жолдау арқылы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама көшірмелерін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдер ұсынған, олар туралы мәліметтер конкурстық өтінімдер журналына енгізілген барлық әлеуетті концессионерлерге жолдауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
56. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
57. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
58. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
59. Егер:
1) бірде-бір әлеуетті концессионер конкурсқа қатысуға жіберілмесе;
2) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті концессионер жіберілсе;
3) бас тартылмаған бір ғана конкурстық өтінім қалған жағдайларда, үздік конкурстық өтінімді айқындау жүргізілмейді.
Концессиялық өтінімдерді қарау және іріктеу
60. Конкурстық құжаттамада белгіленген күні, уақытта және орында Комиссия конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін қарау жөніндегі отырыс өткізеді.
61. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жолдайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық өтінім түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін оны концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жолдайды.
Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар концессиялық өтінімдерге сараптаманы олар ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімдерді жалпы қарау мерзімі қырық жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
62. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша қорытындыларын ескере отырып қарайды және үздік концессиялық өтінімді айқындайды, ол туралы хаттама жасайды, оған Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
63. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 783 қаулысымен белгіленген концессиялық жобаларға қойылатын критерийлердің негізінде концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен Комиссия концессиялық жоба және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылармен келіссөздер жүргізу тәртібі
64. Келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба мен концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия өтінім берушіге жазбаша нысанда олар туындаған кезден 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберуі тиіс.
65. Конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушымен келісім бойынша келіссөздерге банктерді, қаржы ұйымдарын, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі үшінші тұлғаларды тарта алады.
Келіссөздер қорытындылары конкурс ұйымдастырушының уәкілетті тұлғалары мен конкурсқа қатысушы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.
Келіссөздер барысында конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
66. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушы Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінім мен концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан, немесе оның ұсынысы конкурстың шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, Комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және концессионер таңдау жөнінде ашық конкурс өткізу арқылы үздік концессиялық өтінімді қайтадан таңдайды.
Концессия шартын жасасу тәртібі
67. Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша конкурсты ұйымдастырушы концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, үздік концессиялық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі мен мемлекеттік кепілдік ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдайды.
Концессия шартының мазмұны Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия шартының жобасы түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.
Сараптама концессия шартының жобасы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сараптама нәтижелері алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде концессия шартының жобасын келіседі не конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жолдайды.
Концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, сондай-ақ қосымша материалдарды:
1) конкурсты ұйымдастырушы концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмелерін ұсына отырып, бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланкте жеке ілеспе хатпен ұсынады;
2) конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды;
3) конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір параққа қол қояды.
Конкурсты ұйымдастырушы ақпаратты толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ концессия шартының жобасында көзделген қосымша ақпаратты, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде ұсыну қажет болған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар қажетті қосымша ақпарат ұсынуды талап ете алады.
Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар, қажет болған жағдайда, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібере отырып, түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға жетіспейтін және/немесе қосымша ақпарат ұсыну жөнінде сұрау салулар жібереді.
Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынады немесе ақпарат ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажет екендігі туралы хабардар етеді.
Бұл ретте, сұрау салу жіберілген күннен бастап және қосымша ақпарат ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
Концессия шарттарының жобалары пысықталған, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының өтінімі бойынша сараптама жүргізу уақытында оны жүргізу мерзімдері жаңартылады.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
68. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессия шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
69. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган концессия шартының жобасын, оның ішінде концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде, ол ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі не конкурсты ұйымдастырушыға (концедентке) дәлелді ескертулер жолдайды.
Концессия шартының жобасын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерін (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны және:
1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін шығындарды қалыптастыруды;
2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптардың техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын қалыптастыруды;
3) тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастырған кезде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;
4) инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;
5) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;
6) негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;
7) концессия объектісін пайдалану сапасының критерийлерін;
8) объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;
9) үшінші тұлғаларға концессия объектісін шектеулі нысаналы пайдалануды ұсынуды;
10) объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;
11) тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты концессионердің құқықтары мен міндеттерін;
12) негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;
13) концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды, сондай-ақ реттелетін нарықтарда баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыруды айқындайтын концессия шартының ережелерін келіседі.
Ескерту. 69-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
70. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша концессия шартының жобасы сараптамасының қорытындысын ескере отырып, Комиссия шешімімен концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады.
Егер концессиялық жобаны қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен және (немесе) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен болжанатын болса, Комиссияның конкурстың қорытындылары туралы шешімі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобасының қаржылық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, бюджет заңнамасына сәйкес қабылданады.
71. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
72. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазымен концессия шартын жасасады.
Егер:
1) конкурс жеңімпазы концессия шартын жасасудан жалтарса;
2) конкурстық өтінімдері үздік деп танылған конкурсқа қатысушылар, Комиссия ұсыныстары мен ескертулеріне сәйкес концессиялық өтінімдер мен концессия шарттарының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса немесе олардың ұсыныстары конкурс шарттары тарапынан тиімсіз болса, шарт жасасу жүзеге асырылмайды.
73. Концессия шартын жасасу мерзімі осы Қағиданың 70 және 71-тармақтарына сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1072 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Конкурсты өткізілмеген деп тану негіздемелері
74. Конкурс мынадай жағдайларда:
1) осы концессия объектісі бойынша үшінші және кейінгі конкурстарды қоспағанда, ұсынылған конкурстық өтінімдер болмаған;
2) осы концессия объектісі бойынша үшінші және кейінгі конкурстарды қоспағанда, екіден кем конкурстық өтінім ұсынылған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен
бекітілген
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға
мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 158-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-1-тармағына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы Қағидалар концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингі мен олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Концессия шарттарының мониторингін жүргізу тәртібі
3. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі ақпарат жинау, концессия объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және қолдану және тиісінше жай-күйде сақтау бөлігінде жай-күйді талдау, бағалау және болжамдау жүйесін білдіреді.
4. Концессия шарттарының мониторингін:
республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша – республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша – жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
5. Концессия шарттары мониторингінің міндеттері:
1) концессия объектілерін басқару тиімділігін талдау, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің жай-күйін бағалау;
2) концессияға берілген мемлекеттік мүлікке залал келтіретін нысаналы емес пайдалану жағдайларының алдын алу, қажет болған жағдайда мемлекеттік мүлікті тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеу;
3) мониторинг объектісінің техникасы мен технологиясының жай-күйін және олардың даму перспективаларын сараптамалық бағалау;
4) мемлекеттің экономикалық өсуін, экономиканың ықтимал теріс факторларға осалдығы дәрежесін барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
6. Мониторинг объектілерін тексеру, ақпаратты жинау және талдау, ұсынымдарды пысықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды тартады.
7. Концессия шарттарына мониторинг жүргізуге уәкілетті республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарына мониторингті жүзеге асыру мақсатында:
1) республикалық және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша дұрыс және объективті талдау жүргізу үшін қажетті мониторинг объектісінің өндірістік-техникалық, технологиялық және құқықтық параметрлері туралы ақпаратты сұратады және алады;
2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарынан, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдардан және ведомстволық тиесілігіне қарамастан заңды тұлғалардан мониторинг объектілерін басқару тиімділігін талдау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
3) елдің және өңірлер экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін, бірыңғай және дербес коммуникациялық және энергетикалық жүйелерді сақтауға және нығайтуға қолайсыз әсер ететін факторларды уақтылы анықтау және бейтараптандыру, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында мониторинг объектілері бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектісі дамуының жай-күйі мен үрдістерін жүйелі түрде байқауды жүргізеді;
4) жыл сайын 30 қаңтарға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңге арналған мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды және қажет болған жағдайда ұсынымдар береді.
8. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессионер республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның және/немесе олардың тиісті растаушы өкілеттіктері бар сенімді тұлғаларының сұрау салуы бойынша басқару тиімділігін дұрыс және объективті талдау үшін қажетті барлық ақпаратты қағаз және электрондық жеткізгіштерде береді.
9. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттары мониторингінің мазмұнын:
1) мемлекеттік меншікке жататын мониторинг объектілерін базалық тексерулерді үш жылда бір реттен жиі емес, ал мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайларда, қажет болған жағдайда, бірақ жылына бір реттен жиі емес;
2) мониторинг объектілерін базалық кешенді тексерулер арасындағы кезеңдерде объектілердің қызметі бойынша мониторингтің негізгі деректерін ағымдағы жаңартуға арналған, концессиядағы мемлекеттік мүліктің жай-күйі жөніндегі ақпаратты кезең-кезеңімен жедел жинау құрайды.
10. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі мыналарды талдауды қамтиды:
1) негізгі және қосалқы өндірістердің ресурстарының жай-күйін, технологиясын;
2) мониторинг объектісін тексеру және оның қызметіне жүргізілген талдау негізінде тексеру жүргізген сарапшылар есепті және бастапқы материалдарды ресімдейді, олар:
қағаз нұсқада республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға;
сараптама компаниясының қолы қойылған және мөрімен расталған есептің қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі бекітіле отырып, тізілімге электрондық есеп түрінде ұсынылады.
3. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібі
Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11. Концессиялық жобаның орындалу барысын және концессия шарты мен мынадай бағыттар бойынша концессиялық жобаның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді үздіксіз бақылау және талдау процесі концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау болып табылады:
1) ресурстарды нысаналы пайдалану;
2) құрылыс жұмыстарының барысы;
3) жоба бойынша шарттық құжаттаманың сақталуын және өзгеруін бақылау: жабдықтарды жеткізушілер, бас мердігерлер, бөгде құрылыс ұйымдары, өңірлік және муниципалдық билік органдары (жобаға жерді жалға алған немесе сатып алған жағдайда), тартылған мамандар және т.б.;
4) жабдықтарды сатып алуды, жеткізуді, сақтандыруды және кеден бажының төленуін бақылау;
5) рұқсат беру құжаттамасының алынуын бақылау (жер, коммуникациялар жүргізу, құрылыс салуға рұқсат, жобаны бекіту және т.б.);
6) жобаның қаржылық көрсеткіштерін бақылау;
7) жоба шеңберінде нақты деректерді және өзгерістерді ескере отырып, жоба дамуының қаржылық-экономикалық моделін түзету;
8) есепке алу саясатын бақылау.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. Концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалаудың мақсаты концессиялық жобаларды іске асыру кезіндегі ағымдағы проблемалар мен туындауы мүмкін әлеуетті тәуекелдерді анықтау және оларды жою және азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
13. Концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия объектілерін құру (реконструкциялау) кезеңінде жүзеге асырады.
Концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингі тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ақпарат ұсыну мерзімі жыл сайын концессия шартын жасасқан сәттен бастап концессия объектісі мемлекеттік меншікке берілгенге дейін 20 сәуірден, 20 шілдеден, 20 қазаннан және 20 қаңтардан кешіктірмей.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия объектілерін құру (реконструкциялау) және оларды кейіннен пайдалану кезеңінде жүзеге асырады.
Концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу үшін ақпаратты тиісті саладағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары және концессионер жыл сайын 10 шілдеге дейін концедентке, ал концедент жыл сайын 31 шілдеге дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
16. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау мақсатында тиісті саладағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары, концессионер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға:
1) 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды;
2) 2-қосымшаға сәйкес концессиялық жоба жөніндегі концеденттің түйіндеме есебін;
3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес концессионер көрсететін қызметтерді концеденттің бағалауын ұсынады.
17. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау мақсатында концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын тиісті саладағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ концедент, концессионер және облигациялар ұстаушылардың өкілдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға концессиялық жобаның іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады.
18. Облигациялар ұстаушылардың өкілі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттің кепілгерлігімен қарыз алған концессионердің қаржылық жай-күйіне жүргізілген мониторинг нәтижелері жөніндегі ақпарат (инфрақұрылымдық облигацияларды шығару жолымен қаражат тартқан жағдайда) ұсынады.
19. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін алынған ақпаратты жыл сайын 30 тамыздан кешіктірмей концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға жібереді.
20. Концессиялық жобаларға тоқсан сайын мониторинг жүргізудің аяқталу нысаны концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жыл сайын 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберетін мониторинг қорытындылары бойынша есеп болып табылады.
21. Концессиялық жобалардың іске асырылуының мониторингі қорытындысы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ақпаратты қамтиды.
22. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдар болып табылады.
23. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдар 5-қосымшаға сәйкес ақпаратты қамтиды және жыл сайын 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның уәкілетті өкілі бекіткен есеп нысанында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
24. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 1 наурызға дейінгі мерзімде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органға және концедентке жібереді.
Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, концессиялық жобаларға
мониторинг жүргізу және олардың
іске асырылуын бағалау қағидаларына
1-қосымша
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға
мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау үшін осы
Қағидалардың 16-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттар
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с |
Ұсынылатын ақпарат |
Ақпарат ұсыну |
|
Мониторинг жүргізу кезеңінде |
Бағалау жүргізу кезеңінде |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Ағымдағы есепті күнге қолданыстағы концессионер компаниясы жарғысының көшірмесі |
бір рет және өзгеруіне қарай |
бір рет және өзгеруіне қарай |
2 |
Концессионер компаниясының құрылтай шартының көшірмесі және акция ұстаушылар тізілімінен есепті күнге акционерлер құрамы туралы үзінді |
бір рет және өзгеруіне қарай |
бір рет және өзгеруіне қарай |
3 |
Уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі бар концессия шартының және барлық қосымша келісімдердің (болған кезде) көшірмесі |
бір рет және өзгеруіне қарай |
бір рет және өзгеруіне қарай |
4 |
Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген концессионердің алдыңғы және ағымдағы есепті күнге қаржылық есептілігі (бас компаниямен шоғырландырылған және филиалды Қазақстан Республикасында тіркеу жолымен концессиялық жобаны іске асыру кезінде филиал бойынша жеке) (түпнұсқалар): |
тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар) |
жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей |
5 |
Концессионердің алдыңғы есепті кезеңдегі аудиторлық есебі мен аудиторлық қаржылық есептілігі |
заңнамада белгіленген тәртіппен |
заңнамада белгіленген тәртіппен |
6 |
Есептік саясат |
бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда қайтадан |
бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда қайтадан |
7 |
Концессиялық жоба бойынша тәуекелдер матрицасы (олардың әсері мен туындау ықтималдығын айқындай отырып, әлеуетті тәуекелдер тізімі, тәуекелдерді сандық талдау) |
тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар) |
жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей |
8 |
Жоба бойынша ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәліметтер (төлемдердің құны мен мерзімін, жүргізілген төлемдер туралы ақпаратты қоса алғанда) |
тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар) |
жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей |
9 |
Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарының көшірмесі |
бір рет және өзгеруіне қарай |
бір рет және өзгеруіне қарай |
10 |
Құрылыс кестесінің көшірмесі (айлар бөлінісінде) |
бір рет және өзгеруіне қарай |
бір рет және өзгеруіне қарай |
11 |
Инвестицияларды игеру кестесінің көшірмесі (айлар бөлінісінде) |
бір рет және өзгеруіне қарай |
бір рет және өзгеруіне қарай |
12 |
Ақша қаражатын игеруді және олардың нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттардың көшірмелері |
игеру кезеңінде: тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар) |
игеру кезеңінде: жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей |
13 |
Сақтандыру шарттарының көшірмелері (қолданыстағы заңнамада және концессия шартында көзделген) |
жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей |
|
14 |
Кепілгерлік шарты және тіркеу куәлігі (болған кезде) |
бір рет және өзгеруіне қарай |
бір рет және өзгеруіне қарай |
15 |
Өтеу кестесі бар, кредиттік шарттардың немесе ақша қаражатын қайтару көзделетін концессиялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін өзге шарттардың көшірмелері |
бір рет және өзгеруіне қарай |
бір рет және өзгеруіне қарай |
16 |
Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісі, облигацияларды орналастыру кестесі, облигация ұстаушылар туралы ақпарат, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару шарттарының орындалу барысы туралы ақпарат және есептер (концессиялық жобаларды қаржыландыру кезінде инфрақұрылымдық облигацияларды шығару жолымен) |
бір рет және өзгеруіне қарай |
бір рет және өзгеруіне қарай |
17 |
Құрылыс бойынша растаушы құжаттардың көшірмелері қоса берілген құрылыс бойынша есептер |
құрылыс кезеңінде: тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар) |
құрылыс кезеңінде: жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей |
18 |
Ақпаратты ұсыну күніндегі жағдай бойынша күрделі құрылыс объектілерінің құрылысы (реконструкциясы) бойынша орындалған жұмыстардың нәтижелері туралы концеденттің фотоесебі (электрондық түрде) |
құрылыс кезеңінде: тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар) |
құрылыс кезеңінде: жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей |
19 |
Көшпелі мониторинг нәтижелері бойынша есеп |
жыл сайын 20 шілдеге дейін |
жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей |
20 |
Тарифтерді бекітетін құжаттардың көшірмелері және концессионер табыстарының өзгеруіне әкеп соғатын өзге де құжаттар |
бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда, жыл сайын 20 шілдеге дейін |
бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда, жыл сайын 31 шілдеге дейін |
Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, концессиялық жобаларға
мониторинг жүргізу және олардың іске
асырылуын бағалау қағидаларына
2-қосымша
Концессиялық жоба бойынша концеденттің түйіндеме есебі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жоба: |
Кезеңі |
|
Шаралар қабылдау талап етілетін мәселелер: |
Концессионер қабылдаған іс-қимылдар |
Концедент қабылдаған іс-қимылдар |
1 |
2 |
3 |
1. Концессионердің мерзімдерді сақтамауы |
||
2. Концеденттің мерзімдерді сақтамауы |
||
3. Концессионердің пайдалану көрсеткіштерін сақтамауы |
||
4. Концессионердің/концеденттің ақы төлеу кезіндегі бұзушылығы |
||
5. Жобаны іске асыру кезінде концедент жол берген бұзушылықтар (құрылыс (құру) немесе реконструкция кезеңінде – нормалардан ауытқу және т.б., пайдалану кезеңінде – қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетпеу, жобаның техникалық сипаттамасын сақтау және т.б.) |
||
6. Анықталған проблемалар жойылмаған жағдайда, оларды жою жөніндегі ұсыныстар |
||
7. Концессионер тарапынан бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін басқа мәселелер |
||
6. Концедент тарапынан бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін басқа мәселелер |
||
7. Оның ішінде орындалған жұмыстар туралы ақпаратты, жобаны іске асыруға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті және концессиялық жоба шарттарының орындалуына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын концеденттің түсіндірме жазбасының осы есебіне қосымша түрінде жобаны ілгерілету және іске асыру жөніндегі түсініктемелер |
||
8. Егер мұндайлар бар болса, қосымша ұсыныстар |
*Осы түйіндеме есепке қосымша тараптардың концессия шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауын растайтын құжаттар болып табылады (оның ішінде жер учаскелерін бөлу туралы, концессионердің қаржылық жабу бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуді, уақтылы және сапалы құрылыс бойынша қамтамасыз етуді ұсыну туралы және концессия шартында көзделген т.б.)
Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, концессиялық жобаларға
мониторинг жүргізу және олардың іске
асырылуын бағалау қағидаларына
3-қосымша
Концессионер ұсынатын қызметтерге концеденттің бағасы
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с |
Тақырыбы |
Концессионердің шарт талаптарын бұзуы немесе орындамауы |
Бұзушылықтың туындау мерзімі |
Бұзушылықтың жою мерзімі |
Материалдық көріністе келтірілген залал |
Берілетін балл (бағалау шәкілі 1-ден 10-ға дейін) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Концессионердің концессия объектісін салу (құру) немесе реконструкциялау кезеңінде міндеттемелерін орындауы |
1) |
||||
2 |
Клиенттердің мүдделерін бірінші орынға қоятын сапалы және икемді қызметтер көрсету |
|||||
3 |
Өндірісте және процесте үздіксіз жақсаруды қамтамасыз етуге ықпал ететін концессияның барлық объектісін кешенді пайдалану |
1) |
||||
4 |
Концессия объектісін уақтылы және тиімді басқару |
1) |
||||
5 |
Концессия объектісін қауіпсіз басқару |
1) |
||||
6 |
Концессионердің клиенттердің ұсыныстары мен шағымдарына ден қоюы |
1) |
||||
7 |
Техникалық қызмет көрсету және объектіні пайдалану сипаттамаларын сақтау |
1) |
||||
8 |
Экологиялық талаптарды сақтау |
1) |
||||
9 |
Концессиялық жобаның ТЭН-інде бекітілген барлық көрсеткіштерге қол жеткізу |
1) |
||||
10 |
Есептілік беру мерзімдерін сақтау |
1) |
Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, концессиялық жобаларға
мониторинг жүргізу және олардың іске
асырылуын бағалау қағидаларына
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Концессия шарттарының, концессиялық жобалардың мониторингісінің қорытындысы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер;
2) концессионер компания туралы жалпы мәліметтер;
3) олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар;
4) концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау;
5) концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат;
6) концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау;
7) жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер;
8) тұжырымдар мен ұсынымдар.
Бөлімдердің мазмұны:
1. «Концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер» деген бөлімде:
1) жобаның атауы;
2) жобаның мақсаты мен міндеттері;
3) концеденттің атауы;
4) концессионер-компанияның атауы;
5) концессиялық келісімді (концессия шартын) жасасу күні;
6) жобаны іске асыру кезеңі (концессия объектісін салу және пайдалану кезеңі);
7) құрылыс (концессия объектісін реконструкциялау) құны;
8) жобаның физикалық параметрлері мен қуаттылығы;
9) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары;
10) жобаны қаржыландыру көздері қамтылуы тиіс.
2. «Концессионер компания туралы жалпы мәліметтер» деген бөлімде:
1) концессионер компанияның атауы;
2) концессионер компанияның тіркелуі туралы куәліктің нөмірі мен күні;
3) жарғылық (акционерлік) капиталдағы қатысу үлесін көрсете отырып, концессионер компанияның құрылтайшылары туралы ақпарат;
4) концессионер компанияның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
5) концессионер компанияның (іс жүзіндегі және заңды) мекенжайы;
6) концессионер компания қызметінің сипаттамасы қамтылуы тиіс.
3. «Олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар» негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттардың (нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалық, құрылтай және басқа да құжаттар) тізбесі, сондай-ақ, болған жағдайда олар бойынша тиісті ескертулер мен ұсынымдар қамтылуы тиіс.
4. «Концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау» деген тармақта концессионер компанияның қаржылық есептілігіне (бухгалтерлік балансына, кірістер мен шығыстар туралы есебіне, ақша қаражатының қозғалысы туралы есебіне және жеке капиталдың қозғалысы туралы есебіне) деңгейлес және сатылай талдау жүргізу және концессионер компанияның қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасау қажет.
5. «Концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі» деген тармақ концессия шартына, концессиялық жобаның нақты көрсеткіштеріне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге (концессия объектісін қаржыландыру және салу/жаңғырту бойынша) қол жеткізу дәрежесін айқындауға бағытталған.
Осы бөлімде мынадай ақпараттар келтіріледі және талдаулар жүргізіледі:
1) жобаны қаржыландыру көздері мен құрылымы;
2) қаржыландыру жоспарын орындау;
3) жобаны қаржыландыру уақтылығы (жоспар, факт);
4) концессиялық жобаның мемлекеттік бюджеттен, сол сияқты өз қаражаты есебінен бөлінген ақша қаражатының нысаналы жұмсалуы;
5) оның ішінде жұмыс түрлері мен орындау мерзімдері бойынша бөле отырып, концессия объектісін салу/реконструкциялау кестесінің орындалуы.
Егер концессия объектісі мемлекеттік меншікке беру кезеңінде болған жағдайда:
6) объектіні салу/реконструкциялаудың нақты құнына концессия шартында жоспарланғанмен салыстырғанда концессия объектісінің құнына;
7) тұрғызылған объектінің сапасына және оның концессия шартында көзделген техникалық сипаттамаларына сәйкестігіне;
8) концессия объектісінің пайдалануға дайындығы туралы талдау жүргізіледі.
6. «Концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау» деген тармақта тараптардың концессиялық келісімді (концессиялық шартты), оның ішінде ерекше шарттарын орындау жай-күйі сипатталады.
6. «Жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер» деген тармақта концессиялық жобаны іске асырудың барлық әлеуетті проблемаларының сипаттамасы келтіріледі және жобаның тәуекелдері анықталады және тәуекелдерді барынша азайту бойынша шешімдердің жолдары ұсынылады.
7. «Тұжырымдар мен ұсынымдар» деген тармақта әлеуетті проблемаларды жою және концессиялық жобаларды одан әрі іске асыру кезінде туындауы мүмкін тәуекелдердің пайда болу ықтималын төмендету бойынша ұсынымдар көрсетілуі тиіс.
Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, концессиялық жобаларға
мониторинг жүргізу және олардың іске
асырылуын бағалау қағидаларына
5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындысы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер;
2) концессионер компания туралы жалпы мәліметтер;
3) олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар;
4) концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау;
5) концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат;
6) концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау;
7) жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер;
8) тұжырымдар мен ұсынымдар.
Бөлімдердің мазмұны:
1. «Концессиялық жоба бойынша жалпы мәліметтер» деген тармақта:
1) жобаның атауы;
2) жобаның мақсаты мен міндеттері;
3) концеденттің атауы;
4) концессионер компанияның атауы;
5) концессиялық келісімді (концессия шартын) жасасу күні;
6) жобаны іске асыру кезеңі (концессия объектісін салу және пайдалану кезеңі);
7) құрылыс (концессия объектісін реконструкциялау) құны;
8) жобаның физикалық параметрлері мен қуаты;
9) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары;
10) жобаны қаржыландыру көздері қамтылуы тиіс.
2. «Концессионер компания туралы жалпы мәліметтер» деген тармақта:
1) концессионер компанияның атауы;
2) концессионер компанияның тіркелуі туралы куәліктің нөмірі мен күні;
3) жарғылық (акционерлік) капиталдағы қатысу үлесін көрсете отырып, концессионер компанияның құрылтайшылары туралы ақпарат;
4) концессионер компанияның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
5) концессионер компанияның (іс жүзіндегі және заңды) мекенжайы;
6) концессионер компанияның қызметінің сипаттамасы қамтылуы тиіс.
3. «Олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар» деген тармақта негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттардың (нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалық, құрылтай және басқа да құжаттар) тізбесі, сондай-ақ, болған жағдайда олар бойынша тиісті ескертулер мен ұсынымдар қамтылуы тиіс.
4. «Концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау» деген тармақта концессионер компанияның қаржылық есептілігіне (бухгалтерік балансына, кірістер мен шығыстар туралы есебіне, ақша қаражатының қозғалысы туралы есебіне және жеке капиталдың қозғалысы туралы есебіне) деңгейлес және сатылай талдау, өтімділік және тиімділік, табыстылық, қаржылық орнықтылық талдауын жүргізу және концессионер компанияның қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасау қажет.
5. «Концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі» деген тармақта концессиялық жобаның нақты көрсеткіштерімен салыстыра отырып, концессия шарты мен концессиялық жобаның қаржылық-экономикалық үлгісіне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге (өндірістік және қаржылық) қол жеткізу дәрежесін айқындауға бағытталған.
Егер концессиялық жоба концессия объектісін салу/реконструкциялау кезеңінде болған жағдайда:
1) жобаны қаржыландыру құрылымы мен уақтылығына (жоспар, факт);
2) концессия объектісін салу/реконструкциялау кестесінің орындалуына, оның ішінде жұмыс түрлері мен орындау мерзімдері бойынша бөле отырып;
3) қаржыландыру жоспарының орындалуына талдау жүргізіледі.
Егер концессиялық жоба концессия объектісін пайдалану кезеңінде болған жағдайда:
4) объектіні салу/реконструкциялаудың жоспарлы және нақты құнына, концессия шартында жоспарланғанмен салыстырғанда концессия объектісінің құнына;
5) жоба бойынша жоспарлы өндірістік көрсеткіштердің орындалуына;
6) өнімдер түрлерінің бөлінісінде жоба бойынша қаржылық көрсеткіштердің орындалуын (өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын (тарифін) талдау), тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің түсімін, өзіндік құнын талдау;
7) бюджетпен есеп айырысуларды (қоршаған ортаны қорғау, салық төлемдері және т.б. бойынша бюджетке төленетін төлемдердің уақтылығы мен толықтығы) талдау жүргізіледі.
Егер концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы, пайдалану шығындарының өтемақысы, концессия объектісін басқаруды жүзеге асыруға сыйақылар төлемі, қолжетімділік үшін ақы төлеу көзделген болса, онда концессиялық жобаның іске асырылуын бағалау туралы қорытындыда міндетті түрде концессионердің пайдалану міндеттемелерін орындау сапасы, уақтылығы, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемінің концессия шартында көзделген көлемдерге сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
6. «Концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау» деген тармақта тараптардың концессиялық келісімді (концессиялық шартты), оның ішінде ерекше шарттарын орындау жай-күйінің сипаттамасы беріледі.
7. «Жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер» деген тармақта концессиялық жобаны іске асырудың барлық әлеуетті проблемаларының сипаттамасы келтіріледі және жобаны іске асыру тәуекелдері анықталады.
8. «Тұжырымдар мен ұсынымдар» деген тармақта әлеуетті проблемаларды жою және концессиялық жобаларды одан әрі іске асыру кезінде туындауы мүмкін тәуекелдердің пайда болу ықтималын төмендету бойынша ұсынымдар келтіріледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен
бекітілген
Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін
концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 230-бабына сәйкес әзірленді және концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру және мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту рәсімдерінен өту тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес концессия шартының шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз алушының қарыз берушінің алдындағы борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны қамтиды.
3. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген концессиялық жобалар бойынша беріледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келісудің нәтижелері бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін көрсете отырып, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігі берілуі мүмкін концессиялық жобалар тізбесінің жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Концессионердің қызметіне мемлекеттік қолдауды, концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсына отырып, концессионердің таңдауы бойынша конкурс өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын Концессиялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін жүзеге асырылады.
4. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты концессия объектілерін міндетті түрде мемлекеттік меншікке бере отырып, концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылуы тиіс.
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға тыйым салынады.
5. Мемлекет кепілгерліктері қазірдің өзінде тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша беріле алмайды.
6. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.
7. Әлеуетті концессионер (қарыз алушы) концессиялық жобаларды іріктеу конкурсы шеңберінде мемлекет кепілгерлігін алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық өтінімді әзірлейді және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынады.
8. Қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға қарыз алушы ретіндегі үміткер тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мынадай талаптар қойылады:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болуы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;
3) тиісті саладағы уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
4) концессиялық жобаны қаржылық сараптау бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
5) концессиялық өтінімді сараптаудың оң қорытындысының болуы;
6) бұрын мемлекет кепілгерлігімен немесе мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу немесе қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ кредиторлар алдында төлеу мерзімі өткен басқа да берешегінің болмауы;
7) концессия объектісінің құнына қатысты кемінде 20 (жиырма) пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;
8) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыруы.
2. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеу тәртібі
9. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 4-тармағында көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарау үшін талап етілетін мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер заңды тұлғаның (конкурстық өтінімі үздік деп танылған концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушының) құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
10. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер әлеуетті концессионер конкурсқа ұсынған концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімге сараптамасының оң қорытындысын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаға қаржылық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде тиісті қорытынды әзірлеп, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
11. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобаны қаржылық сараптау бойынша қорытындысына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалады.
12. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобаның қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жоба бойынша ақпарат дайындайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді, ол мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені Республикалық бюджет комиссиясына шығарады.
13. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекет кепілгерлігін беру бойынша қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған кезде конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессиялық жобаны қаржыландырудың балама көздерін қарау мақсатында келіссөз жүргізу процесін қайта бастайды.
14. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігін беру лимитінің немесе лимитінің көлемін ұлғайту шегінде әрбір концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін айқындайды.
15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзіндіні алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
16. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде концессия шартының жобасын мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіскеннен кейін салалық уәкілетті орган (конкурсты ұйымдастырушы) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және тиісті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
17. Мемлекет кепілгерлігі:
1) концессия шартын жасасқаннан;
2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделгеннен және ұсынылғаннан;
3) мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушының алдын ала біржолғы төлемақысы (алымы) төленгеннен кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптарды қанағаттандырған жағдайда, кепілгерлік шартын жасасу жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде беріледі.
Кепілгерлік шартының мерзімі концессия шартының қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.
Қарыз алушы концессия шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде сақтандыру шартын жасасуы тиіс.
3. Мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту тәртібі
18. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту:
1) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға конкурсты өткізген кезде ескерілмеген өзгерістер немесе толықтырулар енгізілсе және концессия шартының тараптары осындай өзгерістің немесе толықтырудың сомасына қосымша қаржыландыру туралы бірлескен шешім қабылдаса;
2) егер ұлғайту құрылыс жұмыстарының ұзақ мерзімділігіне және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген концессия объектісі құрылысының құнына объективті, концессионерге тәуелді емес себептердің (форс-мажорлық мән-жайлар, инфляция, дағдарыс, салық саясатының өзгеруі және басқалары) ықпал етуіне байланысты болса, концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Берілген мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың міндетті шарттары:
1) жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерліктерінің жалпы лимитінің болуы;
2) концессиялық жобаның экономикалық өзін-өзі өтеу параметрлерінің сақталуы (оның ішінде болжамды кассалық айырмашылықтардың болмауы, таза келтірілген құнның оң көрсеткішінің болуы, концессиялық жобаның ішкі кірістілігі нормасының сақталуы) және концессия шартында көзделген қаржы ковенанттарының (қарыз алушының кейбір қаржылық көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде ұстау міндеттемелері) орындалуы;
3) концессионер концессия объектісін салуға/реконструкциялауға салатын меншікті қаражатының мөлшерін концессия объектісі құрылысының ұлғаятын құнының кемінде 20 (жиырма) пайызын құрайтын мөлшерге дейін теңбе-тең ұлғайту;
4) мемлекет кепілгерлігі сақтандыру шарты ұсынылмастан берілген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының сомасын ұлғайту болып табылады.
20. Концессионер концессия объектісі құрылысының құнын ұлғайтуды көздейтін жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысын алғаннан кейін концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейді және салалық уәкілетті органға сараптауға және табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органға (табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша) келісуге жібереді.
21. Салалық уәкілетті органның, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның (табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша) оң сараптамаларын алғаннан кейін концессионер, мыналарды:
1) салалық уәкілетті органның сараптамасын;
2) жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптау қорытындысын;
3) табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін келісу хатын, және;
4) мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың негіздемесі болып табылатын басқа құжаттарды қоса, концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін сараптамадан өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым сараптаманы құжаттар топтамасын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
23. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алғаннан кейін концессионер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтуды қарау үшін талап етілетін құжаттаманы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігі көлемін ұлғайтудың қаржылық сараптамасының оң қорытындысының негізінде кезекті қаржы жылы лимитінің шеңберінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту туралы мәселені қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
25. Республикалық бюджет комиссиясы мемлекет кепілгерлігін ұлғайту көлемін айқындайды.
26. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Республикалық бюджет комиссиясының шешімі хаттамасының үзінді көшірмесін және қаржылық сараптама қорытындысының көшірмесін салалық уәкілетті органға (концедентке) жібереді.
27. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде салалық уәкілетті орган (концедент) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту мәселесі бойынша шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
28. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде концедент қаржылық және экономикалық сараптаманың қорытындыларын ескере отырып, концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ егер концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын жағдайда, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жібереді.
29. Мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдардың, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасына келісімі алынғаннан кейін концессия шартына қосымша келісім жасалады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады.
30. Концессия шартына қосымша келісім жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кепілгерлік шартына қосымша келісім жасалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен
бекітілген
Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін
әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптар
Ескерту. Қаулы талаптармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-2-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі – ТЭН) құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН-інің экономикалық сараптамасы қорытындысына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) концессиялық жоба ТЭН-інің экономикалық сараптамасы – жобаның жүзеге асатындығы мен іске асырылу тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген экономикалық талдауды бағалау;
2) концессиялық жобаның ТЭН-і – маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, тәуекелдерді бағалау және концессиялық жобаның қатысушылары арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемін айқындау, сондай-ақ жобаны іске асыру кезінде оның мемлекеттік бюджетке әсері және тұтастай алғанда экономиканың және оның саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық әсері жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжаттама;
3) ТЭН-ді түзету – техникалық шешімдердің өзгеруіне және/немесе қосымша шығыстарға алып келетін бекітілген ТЭН-дегі жобаның техникалық-экономикалық параметрлерінің жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды бекіткенге дейінгі немесе бекітілген ТЭН-де көзделмеген қосымша құрамдауыштарын енгізуге байланысты жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама бекітілгеннен кейінгі өзгеруі;
4) концессиялық жобаның жүзеге асатындығы – жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган айқындаған концессионердің ішкі кірістілік нормасының мөлшерлемесі бойынша концессионер пайдасының оң таза келтірілген құны көрсеткіштерінің қолжетімділігі;
5) концессиялық жобаның орындылығы – жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі (іске асыру мерзіміне, қаржыландыру көздеріне және т.б. сәйкестігі) және/немесе ТЭН-нің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы бар концессиялық ұсынысқа сәйкестігі;
6) концессиялық жобаның тиімділігі – жобаның бюджеттік тиімділігінің ең үздік нәтижесінің және концессиялық жобаны іске асыру кезіндегі әлеуметтік-экономикалық әсердің оң нәтижесінің қолжетімділігі.
2. Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге
қойылатын талаптар
3. Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеу мақсаты жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасын әзірлеу болып табылады.
4. Кейіннен қажетті сараптамаларды жүргізе отырып, концессиялық жобаның ТЭН-ін түзету техникалық шешімдерді өзгертуге және қосымша шығыстарға алып келетін концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда жүргізіледі.
5. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар концессиялық жобаның ТЭН-ге қойылатын талаптар осы Талаптарда және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтерде айқындалады.
6. Әзірлеу немесе түзетудің нәтижелері бойынша концессиялық жобаның ТЭН-і мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
1) жобаның паспорты;
2) кіріспе;
3) институционалдық бөлім;
4) маркетингтік бөлім;
5) техникалық-технологиялық бөлім;
6) қаржылық бөлім;
7) әлеуметтік-экономикалық бөлім;
8) жобаның мемлекеттік бюджетке әсері;
9) тәуекелдерді бағалау және бөлу;
10) жоба бойынша тұжырымдар;
11) қосымшалар (қажет болған жағдайда).
7. ТЭН-де жобаның ерекшелігіне байланысты қосымша бөлімдер мен қосымшаларды қосуға рұқсат етіледі.
8. Жобаның паспортында жоба туралы қысқаша ақпарат ашылады.
Жобаның паспорты мынадай ақпаратты қамтиды:
1) концессиялық жобаның ТЭН-іне тапсырыс беруші мемлекеттік органның атауы;
2) концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеушінің атауы;
3) жобаның атауы;
4) жобаны іске асыру орны;
5) жобаның мақсаты мен міндеттері, оның ішінде сандық мәнде;
6) жобаның ауқымы;
7) жобаның қуаты;
8) жобаны іске асыру кезеңі:
9) объектіні салу кезеңі;
10) концессионердің объектіні пайдалану мерзімі;
11) концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберіндегі есептеулер үшін қабылданған, жобаның ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы жоспарланған жалпы құны, оның ішінде:
инвестициялық шығындар;
пайдалану шығындары;
өзге шығындар;
12) концессиялық жобаны қаржыландырудың болжамды көздері;
13) мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері;
14) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудан негізгі пайда алушылар.
9. «Кіріспе» деген бөлімде концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланатын саланың (өңірдің) проблемасы сипатталады, сондай-ақ осы проблеманы, оның ішінде технологиялық, институционалдық, қаржылық шешімдер бойынша шешудің балама нұсқалары көрсетіледі.
10. Институционалдық бөлімде жобаның барлық тіршілік циклінің ішінде оны басқарудың ұсынылған оңтайлы схемасы, концессиялық жобаның қатысушылары және олардың функциялары, олардың өзара іс-қимыл тәртібі сипатталады.
Сондай-ақ осы бөлімде институционалдық шешімдер бойынша концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларына салыстырмалы талдау жүргізіледі.
11. Маркетингтік бөлім жобаны іске асыру нәтижесінде түзілетін өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтыну факторларын ұсынудың қазіргі кездегі және болжамды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюнктурасын талдауды қамтиды.
Бөлім мыналарды қамтиды:
1) сұраныстың сандық параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе концессиялық жоба шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарға/көрсетілетін қызметке) қажеттілікті бағалау;
2) тұтынушылардың санаттары бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, жүргізілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
3) жоба шеңберінде әлеуетті тұтынушылардың өнім (тауар/көрсетілетін қызмет) бірлігін сатып алуға (өнім бірлігі үшін төлеуге) дайындығын және мүмкіндігін талдау;
4) өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігі үшін белгілі қолайлы (әлеуметтік әділ) бағаны талдау және негіздеу;
5) тұтынушылардың санаттары бойынша концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
6) концессиялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізаттар, материалдар, жабдықтар нарығын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
7) инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, шетелдік мамандарды тарту негіздемесі.
Әрбір кіші бөлімде пайдаланылатын ақпарат көздері және өткізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемелері көрсетіледі.
12. Техникалық-технологиялық бөлім концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған, жобаның параметрлері мен құрамдауыштарын айқындайтын, жобаны іске асырудың техникалық-технологиялық шешімдерін қамтиды.
Бөлім мыналарды қамтиды:
1) жобаны іске асырудың таңдалған оңтайлы нұсқасының негіздемесімен техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы және салыстырмалы талдауы;
2) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктері ескерілген көлік магистральдарына жақындығына қатысты жобаның іске асырылу орнының негіздемесі;
3) қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерді ескере отырып жобаның қуатының есептік негіздемесі;
4) жобаны іске асыру болжанатын өңірдің инфрақұрылымына жобаның әсерін бағалау;
5) таңдалған жобалық жабдықтың негіздемесі, оның ішінде бұрыннан пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық үйлесімдігі (егер бұл жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын болса), «баға-сапа» оңтайлы арақатынасы, жабдықты таңдау бойынша балама нұсқалар, инновациялық жабдықты қолдану, ноу-хауды пайдалану, жобада сапа стандарттарын, жобаға қойылатын техникалық және технологиялық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарды пайдалану;
6) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары;
7) қолда бар көлік кіреберістері мен құралдарын, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтауды және кәрізді ескере отырып, жобаны іске асырудың инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қоймалық үй-жайлармен қамтамасыз етілуі;
8) жоба бойынша уақыт ішіндегі іс-шаралардың бірізділігі мен ұзақтығы графикалық түрде көрсетілген, концессияға беруге ұсынылатын объектіні құру/реконструкциялау мерзімін, оны іске асыру жылдары бойынша және технологиялық кезеңдері бойынша пайдалану мерзімін көрсететін жобаны іске асыру кестесі (жоспар-кесте).
Жоба бойынша техникалық-технологиялық шешімдерді таңдау кезінде, бірінші кезекте, экологияға теріс әсері ең төмен және жобаны іске асырудан барынша жоғары әлеуметтік-экономикалық әсер беретін шешімдер таңдалады.
13. Концессиялық жобаның ТЭН-інде қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес орындалады.
14. Қаржылық бөлімде жобаны қаржыландырудың балама схемаларын және көздерін ескере отырып, қаржылық пайданы және шығындарды, жобаның іске асырылуына инфляцияның әсерін талдау, жобаның қаржылық тиімділігін бағалау жүргізіледі, концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған қаржылық шешімдер ашылады.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
1) жалпы инвестициялық шығындардың есебі;
2) пайдалану шығындарының есебі (өндірістік шығындар, ұстауға арналған ағымдағы шығыстар);
3) өнімдердің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының, тауарларды өткізу бағаларының (көрсетілетін қызметтер тарифтерінің) есебі;
4) сатудан түсетін кірістердің есебі;
5) ақша қаражаттары ағынының есебі;
6) бөлінбеген және таза пайда есебі;
7) инфляцияның, валюта бағамының есебі, дисконт нормасының және тәуекелдер түзетулерінің анықтамасы;
8) ең аз шығындардың талдауы;
9) ең көп пайданың талдауы;
10) дисконттау әдістерінің көмегімен жобаны талдау, оның ішінде таза келтірілген құнның есебін (Net Present Value – NPV), кірістіліктің ішкі нормасын (Internal Rate of Return, IRR), дисконтталатын пайдалар мен шығындардың, өтемділіктің дисконтталатын мерзімнің қатынасын талдау;
11) жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолайлы параметрлерін айқындау;
12) пайдалану шығыстарын мұндай шығыстарды кім және қашан қаржыландыратынын айқындай отырып, қаржыландыру көздері;
13) жобаның үлестік қаржылық тиімділігінің, ағымдағы төлемге қабілеттілігінің, қаржылық тетігінің, борыштың қамтамасыз етілуінің, капиталдың кірістілігінің есебі;
14) жобаның сезімталдығын талдау және шығынсыздық шекарасын есептеу.
Бөлімде формулалар мен қабылданған жорамалдар көрсетіле отырып, көрсеткіштерді есептеу тәртібі ашылады. Деректер мен есептеулер тиісті түсініктемелері бар кестелер, графиктер, диаграммалар түрінде беріледі.
Сандық және сапалық көрсеткіштер өзара байланысқан болуы тиіс және экономикалық аяқталған қорытындылары бар салыстырмалы кестелерде көрсетілген болуы тиіс. Талдау математикалық үлгілерді және халықаралық практиканы ескере отырып, эмпирикалық көрсеткіштерді пайдалана отырып, негізделген есептеулер негізінде жүргізілуі тиіс.
15. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның жобаны ескермегендегі даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
2) негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
3) негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) салынған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);
4) концессиялық жобаны іске асырған жағдайдағы саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық перспективаларын талдау, оның ішінде:
5) негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
6) негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) салынған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);
7) нәтижелердің, салдарлар мен әсер етулердің, көбейтілген пайда мен шығындардың, тұтынушылардың қосымша пайдасының, қалпына келмейтін шығындардың, сыртқы әсерлердің, халықаралық әсерлердің, жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданың талдауын қамтитын жоба бойынша пайда мен шығындардың талдауы;
8) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсерді есептеу;
9) таза қоғамдық пайданың, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value – ENPV), кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
10) жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдау;
11) жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдау.
16. «Жобаның мемлекеттік бюджетке әсері» деген бөлімде мыналар көрсетіледі:
1) концессионер қызметін қолдау үшін көрсетілуі жоспарланған мемлекеттік қолдау түрлері мен көлемі, олардың есептеулері және негіздемесі;
2) жобаны іске асыру жылдары бойынша мемлекеттік бюджетке (республикалық немесе жергілікті) түсетін жүктемені есептеу;
3) концессия объектісін пайдалану кезінде мемлекеттік бюджетке түсуі жоспарланған салықтық түсімдер;
4) таза бюджеттік пайданың, бюджеттік таза келтірілген кірістің (мемлекеттік бюджеттің NPV), кірістіліктің бюджеттік ішкі нормасының (мемлекеттік бюджеттің IRR) көрсеткіштерін есептеу;
5) концессияның тиімді мерзімін айқындау;
6) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың, жобаны тек мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырудың салыстырмалы талдауы.
17. «Тәуекелдерді бағалау және бөлу» деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде, оның ішінде дайындық кезеңінде, концессия объектісін салу/реконструкциялау және оны пайдалану кезеңінде басталуы мүмкін тәуекелдер сипатталады.
Бұл бөлімде мыналар қамтылады:
1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;
2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;
3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;
4) техникалық тәуекелдерді бағалау;
5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;
6) тәуекелдердің негізгі факторларын, олардың өзгеруінің болжамды сипаты мен диапазонын, оларды төмендету бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын концессионер мен концедент үшін ерекше тәуекелдерді бағалау;
7) тәуекелдерді жоба қатысушыларының арасында бөлуді талдау;
8) белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметрдің өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәндерін айқындау.
Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.
18. «Жоба бойынша тұжырымдар» деген бөлімде мыналар сипатталады:
1) жоба бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер;
2) жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасы;
3) жоба бойынша сыни тәуекелдер және оларды төмендету бойынша шаралар.
19. Концессиялық жобаның ТЭН-і концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын кестелерден, диаграммалардан, суреттерден, жергілікті жердің карталарынан, сондай-ақ барлық ашылатын формулаларымен Excel форматындағы электрондық нұсқада ұсынылатын, жобаны іске асырудың қарастырылатын ТЭН-і нұсқаларының (жобаны қаржыландыру көздері бойынша) әрқайсысы бойынша қаржылық-экономикалық үлгілерден тұратын қосымшаны қамтиды.
20. Концессиялық жобаның ТЭН Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына қағаз және электрондық жеткізгіштерде, оның ерекшелігіне байланысты тиісті оң сараптамаларын, атап айтқанда:
1) құрылыс құрамдастары болған кезде жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасын;
2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасын;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасын;
4) «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес банктік сараптаманы;
5) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын қоса бере отырып ұсынылады.
Жобаның ерекшелігіне байланысты концессиялық жобалар бойынша мынадай бастапқы құжаттар талап етіледі:
1) құрылыс қызметін көздейтіндерге ТЭН-ге салалық, мемлекеттік, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары, сондай-ақ ТЭН әзірлеуге берілген тапсырмаға қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, оның ішінде техникалық шарттар, жаңа объектілер салуды көздейтін жобалар бойынша жер учаскелерін бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері (қажет болған жағдайда жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың залалдарының, алынатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының есептеулерін қоса бере отырып) және қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды көздейтін жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке тиісті құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері талап етіледі;
2) инновациялық қызметті көздейтіндерге салалық және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалардың қорытындылары талап етіледі.
ТЭН-ді түзету кезінде осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына мына құжаттар ұсынылады:
1) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған тиісті салыстырмалы кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжамданған техникалық шешімдер және/немесе қосымша шығыстарды немесе концессиялық жобаның ТЭН-і бойынша енгізілетін қосымша құрамдауыштарды көрсете отырып, өтінім беруші мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған өтінім-хат;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде бұдан бұрын қарастырылған сараптама қорытындылары мен концессиялық жоба ТЭН-і бойынша құжаттар (бастапқы бекітілген ТЭН бойынша).
3. Концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасына қойылатын талаптар
21. ТЭН сараптамасы екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, конкурстық құжаттаманың құрамында не екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық өтінімнің құрамында ұсынылған концессиялық жобаның ТЭН-і және осы Талаптардың 20-тармағында көрсетілген жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін концессиялық жоба ТЭН-нің тиісті оң сараптамалық қорытындыларының негізінде жүргізіледі.
Концессиялық жобаның ТЭН-інің сараптамасын жүргізген кезде ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті басқа сараптамалар талап етілуі мүмкін.
22. ТЭН сараптамасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының сараптамасы шеңберінде не екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық өтінімнің сараптамасы шеңберінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүргізеді.
23. Құрылыс саласындағы концессиялық жобаның ТЭН-і бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүргізеді.
24. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтерде айқындалады.