Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 136 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 758 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 758 Қаулысымен.

      «Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:қараңыз Р110001103
      1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының теңгерімдік құны 69298000 (алпыс тоғыз миллион екі жүз тоқсан сегіз мың) теңге «Жезқазған - Бейнеу темір жол учаскесін салу» жобасының (бұдан әрі - мүлік) техникалық-экономикалық негіздемесін кейіннен «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне беру үшін республикалық меншікке ерікті және өтеусіз беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікті қабылдап алу-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады