Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл темір жол желілерін салу жобаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 758 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 34 және 35-тармақтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл темір жол желілерін жобалау және салу (бұдан әрі – жобалар) жөнінде шаралар қабылдасын.
      2. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобаларды іске асыру үшін жер учаскелеріне уақытша өтеусіз жерді пайдалану құқығын ұсыну бойынша шаралар қабылдасын.
      4. «Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 136 қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады