Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1370 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету шеңберінде материалдық құндылықтарды жеткізу бойынша көлік шығыстарын өтеу үшін 59415633,08 теңге (елу тоғыз миллион төрт жүз он бес мың алты жүз отыз үш теңге сегіз тиын) сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бөлінген қаражаттың мақсаты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады