«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 1005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 470-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8 және 9-жолдармен толықтырылсын:
«
8. |
Маңғыстау облысының Ақтау қаласында автовокзал салу және пайдалану |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
9. |
Маңғыстау облысының Маңғышлақ (Тамақ) станциясында темір жол вокзалын салу және пайдалану |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов