Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы Қызылорда қаласының жерінен жалпы алаңы 70,0 гектар жер учаскесі қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5547 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілсін.
2. Қызылорда облысының әкімі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1397 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің
«5547 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілетін
жердің экспликациясы
Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар |
Оның ішінде жайылым |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер учаскесінің орны |
70,0 |
70,0 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5547 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесінің оқу-атыс орталығы үшін |
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі |