Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген III бөлімде:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі жаңа тетіктерді іске асыру» деген кіші бөлімде:
3-1) тармақшаның екінші абзацында:
«10 млрд. теңге» деген сөздер «7 млрд. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Алматы қаласындағы «Күн квартал» және «Шаңырақ» тұрғын үй кешендерінің құрылысын қаржыландыру «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы арқылы 3 млрд. теңге сомасында жүзеге асырылады, оның ішінде «Күн квартал» тұрғын үй кешенін қаржыландыруға - 2 млрд. теңге, «Шаңырақ» тұрғын үй кешеніне - 1 млрд. теңге бөлінеді;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов