Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (2-кезең) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1461 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 619 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.03 № 619 Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: қараңыз.U110088
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (2-кезең) (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 15 шілдеге және 1 ақпанға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 1 тамызға және 1 наурызға Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1461 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015
жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
2011 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (2-кезең)

Р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар
(мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

1

4

5

6

7

1. Көші-қон процестерін реттеу

1

Көші-қон процестеріне мониторинг жүргізу және баға беру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), СА, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 1 тамыз, 1 наурыз

Талап етілмейді


2

Қазақ диаспорасымен, Қазақстаннан бұрын кеткен және шет елдерде тұратын азаматтармен экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту бойынша жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СІМ, ІІМ

Жыл сайын, 1 тамыз, 1 наурыз

Талап етілмейді


3

Оралмандарды еңбекпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 1 тамыз, 1 наурыз

Талап етілмейді


4

Шет елдердегі білім беру ұйымдары берген білім алу туралы құжаттарды мойындау және нострификациялау туралы ұсынысты зерделеу және енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ, СІМ

2011 жылғы 1 тамыз

Талап етілмейді


5

Ішкі көші-қон процестеріне және оның елдің әлеуметтік-экономикалық даму ықпалына мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), Әділетмині, СА, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 1 тамыз, 1 наурыз

Талап етілмейді


2. Заңсыз көші-қон

6

Шет елдермен реадмиссия туралы келісімдер жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), СІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), Әділетмині, БП (келісім бойынша)

Жыл сайын, 1 тамыз, 1 наурыз

Талап етілмейді


7

Заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

Жыл сайын, 1 тамыз, 1 наурыз

Талап етілмейді


3. Көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету

8

ТМД-ға және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын үйлестіруге және біріздендіруге қатысу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), Еңбекмині

Жыл сайын, 1 тамыз, 1 наурыз

Талап етілмейді


9

Алыс шет елдерден келетін оралмандарды зейнетақымен қамтамасыз ету жөнінде келісімдер жасасу туралы мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині, СІМ

Жыл сайын, 1 тамыз, 1 наурыз

Талап етілмейді


4. Көші-қон процестерін басқаруды институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету

10

Көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету (оның ішінде БҰҰ БЖКБ, КҚХҰ халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, СІМ

Жыл сайын, 1 тамыз, 1 наурыз

Талап етілмейді


11

Қазақстандық тараптың көші-қон процестерін басқару мәселелері бойынша халықаралық форумдарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарлар мен симпозиумдарға қатысуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), СІМ, Еңбекмині, СА, ҰҚК (келісім бойынша)

Жыл сайын, 1 тамыз, 1 наурыз

Тартылған қаржылар есебінен


5. Көші-қон процестерін мемлекеттік басқаруды ақпараттық сүйемелдеу

12

БАҚ-та көші-қон саясаты мәселелерінің жариялануын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, БАМ, СІМ

Жыл сайын, 1 тамыз, 1 наурыз

Талап етілмейді


Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша)
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келісім бойынша)
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
КҚХҰ - Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым
БҰҰ БЖКБ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі жоғары комиссарының басқармасы
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады