Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1468 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) бірінші басшылары:
      1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 2011 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2011 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 2011 жылғы 10 шілдеден және 2012 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1468 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 N 1690 Қаулысымен.

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінің жергілікті атқарушы органдармен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен жұмыс істеу бойынша өзара іс-қимылы

Меморандумдар

Әділетмині, жергілікті мемлекеттік органдар

1-тоқсан

2

Түрлі бейіндегі заң кадрларын даярлау мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, Әділетмині, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

1-тоқсан

3

Ұлттық заңнаманы кодификациялаудың параметрлері мен нақты өлшемдерін пысықтау бойынша іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

1-тоқсан

4

Тұрғылықты жері, жұмысы, демалысы бойынша бақылау мүмкіндігін ескере отырып, адамдардың есепте тұрған санаттарының тәртібін қылмыстық-атқару инспекцияларының қадағалау нысандары мен әдістерін жетілдіру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині

Жартыжылдықтардың қорытындылары бойынша

5

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді актілер деңгейінде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

2-тоқсан

6

Бағалау қызметі саласындағы ұлттық заңнаманың халықаралық практиканың талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2-тоқсан

7

Ағымдағы және перспективалық заң жобалау жұмыстарының жоспарларын қалыптастыру және заң жобаларын әзірлеу барысында Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын ғана емес, жолдауларын есепке алуға қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне және Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарындағы заң жобалау жұмысын ұйымдастыру  ережесіне түзетулер енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Әділетмині

2-тоқсан

8

Құқық қорғау қызметі саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бағдарламалар және жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды қорыту, сондай-ақ 2010 жыл бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2-тоқсан

9

Азаматтардың жеке өмірі туралы ақпаратты таратуға қатысты мәселені пысықтау, атап айтқанда қолданыстағы заңнамадағы «жеке өмірге қол сұқпаушылық», «жеке салымдар мен жиналымдардың, хат алмасу, телефондық сөйлеулер, пошта, телеграф және басқа хабарламалардың құпиясы құқығы» ұғымдарының аражігін ажырату

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині, ҰҚК (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2-тоқсан

10

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің тұжырымдамасын әзірлеу

Кодекс жобасының тұжырымдамасы

Әділетмині, ЭДСМ мүдделі мемлекеттік органдар

2-тоқсан

11

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жұртшылық өкілдерін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

3-тоқсан

12

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің балалардың құқықтарын сақтау және мүдделерін қорғау жөніндегі мамандарымен, балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімі мамандарымен он-лайн режимінде семинар ұйымдастыру және өткізуі

Әдістемелік ұсынымдар

БҒМ

3-тоқсан

13

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды түзеу процесіне, сондай-ақ оларды босатуға дайындау және қайта әлеуметтендіруге қоғамдық бірлестіктерді тарту

Меморандумдар

Әділетмині

3-тоқсан

14

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

3-тоқсан

15

«Кейбір заңнамалық актілерге пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

3-тоқсан

16

Құқықтық түсіндіру жұмысының стандарттарын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

17

Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингіне, оларды қолдану практикасын талдауға негізделген заң жобалау қызметін болжау-талдаумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау

Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

18

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа білікті заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

4-тоқсан

19

Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

20

Қылмыстық қудалау органдарында қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды электрондық тіркеуді енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БП (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

21

«Азаматтық қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобалары

ТЖМ

4-тоқсан

22

Сот отырыстарының заңдарын аудио, бейне тіркеу жүйелерімен кезең-кезеңімен жарақтандыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесіне есеп

ЖС (келісім бойынша)

4-тоқсан

23

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 N 1690 Қаулысымен.

24

Бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның қызметіне негізсіз араласуды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЭСЖККА (келісім бойынша) мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині       - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                   министрлігі
ЭДСМ             - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
                   сауда министрлігі
БП               - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ЖС               - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ТЖМ              - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                   министрлігі
ҰҚК              - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                   комитеті
ЭСЖҚКА           - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
                   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы
                   полициясы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады