"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1471 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

жоба 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы
экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, ст. 114; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      19-1-бап алынып тасталсын;
      32-бапта:
      2-тармақтағы «, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешімі негізінде» деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
      3) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшасымен
толықтырылсын:
      «3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасы шеңберінде екінші рет жер пайдалануға жер учаскелерін беруі кезінде.»;
      4) 43-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы «, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақтың екінші және алтыншы бөліктері алынып тасталсын;
      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігіне» деген сөздер алынып тасталсын;
      6-тармақтағы «, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешімімен» деген сөздер алынып тасталсын;
      7)-тармақтағы «, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің» деғен сөздер алынып тасталсын;
      5) 48-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасы шеңберінде басқарушы компанияға».
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, № 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат, № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
      1) 117-баптың 1-тармағындағы кестенің үшінші жолындағы «компьютерлер» деген сөзден кейін «, бағдарламалық қамтамасыз ету» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 120-баптың 2-тармағындағы кестенің үшінші жолындағы «компьютерлер» деген сөзден кейін «, бағдарламалық қамтамасыз ету» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 150-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      1. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар деп бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін заңды тұлғалар танылады:
      1) тұрғылықты жері бойынша арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органдарында тіркеу есебінде тұрған;
      2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлімшелері жоқ;
      3) меншікті өндіріс тауарларын, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден, осы бөлімде көзделген қызмет түрлерінен алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін құрайтын заңды тұлғалар.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      2. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға мыналар жатпайды:
      1) жер қойнауын пайдаланушылар;
      2) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;
      3) арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар;
      4) преференцияларды қолданған ұйымдар;
      5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.
      3. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органының уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті өнеркәсіп саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда берілген растауының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу, сондай-ақ нөлдік ставка бойынша салынатын айналымдар бойынша қосымша құн салығының артығын қайтару осы бөлімде және осы Кодекстің 244-2 және 244-3-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      5. Осы бөлімнің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған арнайы экономикалық аумақтарға қатысты қолданылады.»;
      4) 151-бап алынып тасталсын;
      5) мынадай мазмұндағы 151-1, 151-2, 151-3, 151-4, 151-5 және 151-6-баптармен толықтырылсын:
      «151-1-бап. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
      химия өнеркәсібі өнімдері өндірісі;
      резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі;
      өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
      тұрмыстық электр аспаптары өндірісі;
      машиналар мен жабдықтар өндірісі;
      металлургия өнеркәсібі;
      электр жабдығы, оның ішінде электрлік жарықтандыру жабдығы өндірісі;
      жарықтандыру аспаптарына арналған шыны компоненттері өндірісі;
      тамақ өнімі өндірісі;
      сүрек массасы мен целлюлозы, қағаз бен картон өндірісі;
      жиһаз өндірісі;
      автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі;
      темір жол локомативтері мен жылжымалы құрам өндірісі;
      әуе және ғарыштық ұшу аппараттары өндірісі;
      негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі;
      жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру».
      2. Қызметін «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде:
      1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады:
      2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты, арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша мыналар:
      жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
      уақытша өтеусіз жер пайдалану шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
      мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
      151-2-бап. Қызметін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
      химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі;
      мұнай-химия өнімі, сондай-ақ іліспе, жанама өндірістер мен технологиялар өнімі өндірісі.
      2. Қызметін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде:
      1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады:
      2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты, арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша мыналар:
      жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
      уақытша өтеусіз жер пайдалану шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
      мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
      151-3-бап. Қызметін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
      тұрмыстық электр аспаптары өндірісі;
      былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі
      резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі;
      өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
      металлургия өнеркәсібі;
      дайын металлургия бұйымдары өндірісі;
      машиналар мен жабдықтар өндірісі;
      мұнай-химия өнімі, сондай-ақ іліспе, жанама өндірістер мен технологиялар өнімі өндірісі.
      2. Қызметін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде:
      1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады:
      2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты, арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша мыналар:
      жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
      уақытша өтеусіз жер пайдалану шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
      мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
      151-4-бап. Қызметін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
      бағдарламалық қамтамасыз етуді, деректер қоры мен аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу, тәжірибелік өндіру және өндіру;
      ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
      мәтіндерді өңдеуге арналған машиналар, көшіру-көбейту жабдығын, мекенжайлық машиналар, калькуляторлар, кассалық аппараттар, маркирлеу машиналары, билеттік-кассалық машиналар өндірісі,басқа да кеңсе машиналар мен жабдықтар, электрондық есептеу машиналары мен ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдық өндірісі;
      электрлік - және радиоэлементтер, беру аппаратуралары, дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және жаңғыртуға арналған аппаратура өндірісі;
      тұрмыстық электрлік аспаптар өндірісі.
      2. Қызметін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде:
      1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады:
      2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты, арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша мыналар:
      жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
      уақытша өтеусіз жер пайдалану шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
      мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
      3) бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 359-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасы бір мезгілде төмендегі шарттар сақталған кезде 100 пайызға азайтылады:
      жеңілдікті қолданудың барынша көп мерзімі - қызметін арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын ұйым ретінде тіркелген күннен бастап 5 жыл;
      корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде қызметкерлердің еңбек төлеміне арналған шығыстар жылдық жиынтық кірістің кемінде 70 пайызын құрайды;
      корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге шығындардың 90 пайызын қызметкерлердің - Қазақстан Республикасының резиденттерінің еңбек төлеміне арналған шығыстарды құрайды.
      151-5-бап. Қызметін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
      киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі;
      трикотаж бұйымдарының өндірісі;
      жібек маталар және оның негізінде жасалған бұйымдардың өндірісі;
      маталық емес тоқыма материалдары және одан жасалған бұйымдардың өндірісі;
      кілемдер, кілем бұйымдары және гобелендер өндірісі;
      мақта целлюлозасы және одан өндірілгендердің өндірісі;
      мақта шикізатынан жасалған жоғары сапалы қағаз өндірісі;
      былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі.
      2. Қызметін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде:
      1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады:
      2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша мыналар:
      жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
      уақытша өтеусіз жер пайдалану шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
      мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
      151-6-бап. Қызметін «Бурабай» арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері туристік қызмет көрсету болып табылады:
      2. Қызметін «Бурабай» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде:
      1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады:
      2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша мыналар:
      жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент
      уақытша өтеусіз жер пайдалану шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
      мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
      6) мынадай мазмұндағы 244-2 және 244-3-баптармен толықтырылсын:
      «244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асырылатын тауарларға салық салу
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына жауап беретін, қызметін жүзеге асыру кезінде толық пайдаланылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асыруға нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы салынады.
      Осы баптың мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тауарлар деп арнайы экономикалық аймақтың кедендік рәсімдерімен орналастырылған және кедендік бақылауда тұратын тауарлар түсіндіріледі.
      2. Айналымды растайтын, нөлдік ставка бойынша салық салынатын, тауарларды іске асыру кезінде толық пайдаланылатын, қызметті іске асыру кезінде арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына жауап беретін құжаттар мыналар болып табылады:
      1) арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісім);
      2) еркін кеден аймағының кедендік режимінде тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілерімен жүк кеден декларациясының көшірмесі;
       осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмесі 4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      3. Арнайы экономикалық аумақтың аумағында өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының асып кетуін қайтару арнайы экономикалық аймақ аумағында тұрған салық органынан растау алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі. Растау үшін негіздеме арнайы экономикалық аймақ аумағында тұрған салық органының сұратуы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары беретін арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарларды пайдалану туралы құжат болып табылады.
      244-3-бап. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері
      1. Егер осы Кодекстің 244-2 бабында өзгеше көзделмесе «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым, әкімшілік және тұрғын үй кешендерінің объектілерін салу және пайдалануға беру барысында толық тұтынылатын тауарларды өткізуге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
      Осы баптың мақсаттары үшін құрылыс барысында толық тұтынылатын тауарлар деп мұндай тауарларды еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастыру және кедендік бақылаудан табу шартымен инфрақұрылым, әкімшілік және тұрғын үй кешендерінің объектілерін көтеру процесіне тікелей тартылған тауарлар (электр энергиясын, бензинді, дизельдік отын мен суды қоспағанда) түсініледі.
      2. Осы бапқа сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
      1) Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілер құрылысын жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);
      2) еркін кеден аймағының кедендік режимінде тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар кеден жүк декларациясының көшірмелері;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарлар жөнелтуді растайтын тауарда ілеспе құжаттарының көшірмелері;
      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
      3. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында іске асырылатын тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару, осы бапқа сәйкес «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу барысында әкелінген, нақты тұтынылған тауарлар бөлігінде жүргізеді. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұратуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органдарына берілетін әкелінген тауарларды инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу барысында пайдалану туралы құжат растау үшін негіздеме болып табылады.
      7) 359-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      4. Қызметін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекстің 151-4-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып әлеуметтік салықты есептейді.»;
      8) 481-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекстің 151-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында, 151-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында, 151-2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында, 151-3-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында, 151-4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында, 151-5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 151-6-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы есептейді.
      3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, байланысты арнайы экономикалық аймақтың қатысушысында жұмыс істейтін;
      2) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар орта білімнен кейінгі және жоғары білімді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мына санаттарына қатысты болмайды.».
      4. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      34-1-баптың 1-тармағындағы «ұлттық компаниялардың» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қатысты болатын арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының» деген сөздермен толықтырылсын.
      2-бап. Осы Заң, арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада айқындалған тәртіпте арнайы экономикалық аймақтарды таратқаннан кейін қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-баптың 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағын қоспағанда.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады