Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1474 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі қолданыстағы тетіктерді іске асыру» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жолда:
      екінші абзацта:
      «пайдалануға берілетін тұрғын үйдің үштен бір бөлігі (барлығы 2124 пәтер)» деген сөздер «пайдалануға берілетін тұрғын үй (барлығы 2224 пәтер)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «кейіннен» деген сөз «мынадай тәртіппен:
      1) 2124 пәтерді кейіннен орталық мемлекеттік органдардың арасында бөлу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілердің арасында қайта бөлуі мүмкін.» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «2) кейіннен «Қазақ ұлттық өнер университеті» MM (бұдан әрі - «ҚазҰӨУ» MM) профессор-оқытушылық құрамының арасында бөлу үшін 100 (жүз) пәтер.
      Бұл ретте, кейіннен «ҚазҰӨУ» MM профессор-оқытушылық құрамының арасында бөлу үшін көрсетілген 100 (жүз) пәтер жалдау шартымен берілетін болады.
      Тұрғын үй беруге ұсыныс жасалған (жалдау шарттарымен) «ҚазҰӨУ» MM профессор-оқытушылық құрамы қызметкерлерінің тізімі жыл сайын «ҚазҰӨУ» ММ-ның тұрғын үй комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен бекітіледі және «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК-ға тапсырылады.
      Жалдау (жалға алу) шарттары бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады, бұл ретте жалдау (жалға алу) шартын бұзуға негіз болмаған жағдайда «ҚазҰӨУ» MM ұсынатын тізімге сәйкес ол келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
      «ҚазҰӨУ» MM профессор-оқытушылық құрамының қызметкері берілген пәтерден бас тартқан жағдайда «ҚазҰӨУ» ММ оны қайта бөлуі мүмкін.
      Пәтер «ҚазҰӨУ» MM профессор-оқытушылық құрамы қызметкерінің жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындамауына байланысты және өзге де себептер бойынша босатылған жағдайда «ҚазҰӨУ» ММ оны тұрғын үйге мұқтаж «ҚазҰӨУ» MM профессор-оқытушылық құрамының өзге қызметкерлері арасында қайта бөлуі мүмкін.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады