Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде әскери кафедра құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1475 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының қорғанысты және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны студенттерінің қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін запастағы офицерлерді даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында оқу орнының қаражаты мен штат саны шегінде әскери кафедра құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, осы қаулыны іске асыру жөнінде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады