Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1495 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «14-1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығының негізінде мемлекеттік қызметі тоқтатылған, оның ішінде:
      1) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және сатылмаған тұрғын үйді сату туралы Тұрғын үй комиссиясының оң шешімі бар;
      2) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатуға үміткерлерді алдын ала іріктеуден өткен;
      3) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімімен бекітілген төлемге қабілеттілігін оң бағалау туралы қарыз берушінің хабарламаларын алғаннан кейін іріктеуден өткен өтініш берушілердің тізімінде тұрған мемлекеттік қызметшілердің тұрғын үйді сатып алуға құқығы сақталады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады