"Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 16 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 14 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 16 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 3-тармақтың бірінші абзацында "бірінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші және екінші бөліктерінде" деген сөздермен, "Сот сараптамасы туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер іс апелляциялық сатыда қаралған кезде сараптамалық зерттеу жүргізу қажет болып танылса, онда осындай жағдайларда сараптаманы жүргізу және алынған қорытындыны бағалау ҚІЖК-нің 409-бабының төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Сараптама жүргізу кассациялық және қадағалау сатылары соттарының құзыретіне кірмейді. Материалдарды, оның ішінде қосымша келіп түскен және дұрыс шешім қабылдау үшін маңызы бар материалдарды сараптамалық зерттеу қажет болған кезде, олар сот актілерінің күшін жойып, істі жаңа сот қарауына жібере алады.";

      3) 10-тармақта:

      бірінші сөйлемдегі "болмайды" деген сөз "болады" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемдегі "кейін" деген сөзден кейін "іс бойынша іс жүргізу жаңартылады және" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 15-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚІЖК-нің 355-бабына сәйкес сот талқылауы барысында сарапшыдан жауап алу қорытынды жария етiлгеннен кейiн ғана оны түсiндiру, нақтылау немесе толықтыру үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.";

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "ҚІЖК-нің 253-бабы үшінші бөлігінің талабына сәйкес, сарапшыдан оның қорытындысына қатысы жоқ, сот-психиатриялық сараптама өткізуге, сондай-ақ тірі адамдарға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты оған белгілі болған мән-жайлар бойынша жауап алуға тыйым салынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

М. Әлімбеков

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады