Тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсат беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1521 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.07.2015 № 552 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңның 16-бабының 58) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсат беру қағидасы бекітілсін.
      2. «Мердігерге Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 261 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 15, 136-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1521 қаулысымен    
бекітілген       

Тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлеміндегі
өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің
технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды
барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су
деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат
беру қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жер асты суларын өндіруге арналған рұқсат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 35-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді.
      Қағида жеке немесе заңды тұлғаға тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде суды төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру тәртібін анықтайды. Осы Қағида жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асыратын, тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде суды төмендету мақсатында жер асты суларын өндіруге қолданылмайды.
      2. Қағидада мынадай ұғым қолданылады:
      ахуалдық схема - тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру үшін тағайындалған ұңғымалардың орналасқан орындарын және шекараларын анықтау мақсатында рұқсатқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушы ұсынатын жер қойнауын пайдалану объектілерінің орналасу бейнесі.
      Осы Қағидада басқа ұғымдар мен терминдер Заңға сәйкес айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
      3. Рұқсат тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруді жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
      4. Рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге беріледі, бұл ретте осы мерзім жер қойнауы пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге жасалған келісім-шарттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

2. Рұқсат беру тәртібі

      5. Жер қойнауын пайдаланушы рұқсат алу үшін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттармен қоса өтініш беріледі:
      1) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі - заңды тұлға үшін түпнұсқаны не нотариалды куәландырылған көшірмені көрсеткенде;
      2) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі - жеке тұлға үшін түпнұсқаны не нотариалды куәландырылған көшірмені көрсеткенде;
      3) жерасты суларының қорлары туралы мемлекеттік сараптамалық қорытынды және жерасты сулары объектілері туралы геологиялық ақпарат;
      4) рұқсатқа 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауы учаскесі және жер қойнауын пайдалану шарттары туралы мәліметтер;
      5) ахуалдық схема.
      6) Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Бір данасы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі, екінші данасы уәкілетті органда сақталады;
      7) Рұқсатты уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      8. Мына:
      1) Қағиданың 5-тармағында саналып көрсетілген құжаттар толық көлемде тапсырылмағанда;
      2) дұрыс емес мәліметтерді тапсырғанда рұқсат беруден бас тартылады.
      9. Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаларды жоғалтқан, бүлдірген кезде жер қойнауын пайдаланушы рұқсаттың телнұсқасын ала алады.
      Жоғалған, бүлінген рұқсаттың бланкілері және (немесе) рұқсатқа қосымшалар жер қойнауын пайдаланушы жазбаша түрде өтініш берген (рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшалардың жоғалу, бүліну фактісін дәлелдейтін құжаттармен қоса) күннен бастап жарамсыз деп саналады.
      Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір беріп және оң жақтағы жоғарғы бұрышта «Телнұсқа» деген жазбамен рұқсаттың телнұсқасын және (немесе) рұқсатқа қосымшаларды беруді жүргізеді.
      10. Уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту туралы шешіміне немесе белгіленген мерзімде бермеуіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

Тәулігіне екі мың және одан да көп 
текше метр көлеміндегі өндірістік- 
техникалық жерасты суларын пайдалы 
қазбаны өндірудің технологиялық  
схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін
оларды барлау мен өндіруге не тау-кен
қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін
төмендету мақсатында жерасты суларын 
өндіруге рұқсат беру қағидасына   
1-қосымша               

ӨТІНІШ
________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдаланудың түрі)
________________________________________________________________
(кәсіпорынның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә)

      Қазақстан Республикасында тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат беруді сұрайды
__________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдаланудың түрі және объектісі - кен орны, жер
                       қойнауы учаскесі)

Жер қойнауын пайдалану мақсаты___________________________________
(жер қабатына айдау үшін алынатын немесе суды төмендету мақсатында шығарылатын жерасты суларының болжамды мөлшері (көлемі) млн.м/жыл, мың м/тәу, л/с)
      1.__________________________________________________________
(жерасты суларын барлаудың және өндірудің басталуы мен аяқталуының болжамды мерзімі)
      2.__________________________________________________________
               (кәсіпорынның толық атауы және деректемелері)
      3.__________________________________________________________
           (басшысының Т.А.Ә лауазымы, кәсіпорын иесінің Т.А.Ә)
      4.__________________________________________________________
      (кәсіпорынның техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы мәліметтер)
      5.____________________________________________________
        (өтініш берушінің бұдан бұрынғы қызметі туралы деректер)
      6.__________________________________________________________
      (өтініш берушінің жер асты суларын кен орнында (жер қойнауы учаскесінде) барлаған және пайдаланған кезде жер қойнауын пайдалану шарттары туралы ниеті)
      7.__________________________________________________________
      өтініш берушінің жерасты суларын, қоршаған ортаны сарқылудан және ластанудан, қорғауға қатысты, техникалық және технологиялық іс-шараларды қоса, жаңартуды және жұмыстардың қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуді қоса алғанда жұмыстардың ниеті
      8.__________________________________________________________
      (жер қойнауын пайдалануға байланысты кірістер мен шығыстардың есебі)
      9.__________________________________________________________
      (жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлемдердің болжамды есебі)

Қосымшалар:
      1. Бұрыштық нүктелердің координаттарымен бірге ахуалдық схемасы (тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат алу үшін).
      2. Жер бөлу
      3. Жер қойнауын пайдалану объектісінің сипаттамасы бар жазба

      Өтініш беруші кәсіпорынның басшысы (лауазымы)
      ________________           _______________________
          (қолы)                          (Т.А.Ә.)

                        м.о.

                                20__жылғы «__»________

Тәулігіне екі мың және одан да көп 
текше метр көлеміндегі өндірістік-
техникалық жерасты суларын пайдалы 
қазбаны өндірудің технологиялық  
схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін
оларды барлау мен өндіруге не тау-кен
қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін
төмендету мақсатында жерасты суларын 
өндіруге рұқсат беру қағидасына  
2-қосымша             

Тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге
РҰҚСАТ

__________________________________________________________________
                                 (кімге)
_____________________________________________________________ үшін
                   (жер қойнауын пайдаланудың түрі)
__________________________________________________________________
                   (жер қойнауын пайдалану объектісі)
__________________________________________________________ берілді.
                    (жер қойнауын пайдалану мақсаты)

      20__жылғы «__»_______

Сериясы ГЖҚПК №_______
(Сериясы АД №)

Комитет төрағасы
(АБ басшысы)        ______________       ___________________
                        (қолы)                  Т.А.Ә.

                               М.О.

Рұқсаттың қолданылу мерзімі
20__жылғы «__»____ дейін ұзартылды

                                       _______________ ____________
                                           (қолы)          Т.А.Ә

М.О.

Тәулігіне екі мың және одан да   
көп текше метр көлеміндегі      
өндірістік-техникалық жерасты суларын
пайдалы қазбаны өндірудің      
технологиялық схемасына сәйкес   
қаттарға айдау үшін оларды барлау мен
өндіруге не тау-кен қазбаларын    
пайдалану кезінде су деңгейін төмендету
мақсатында жерасты суларын өндіруге  
арналған рұқсатқа 1-қосымша    

АХУАЛДЫҚ СХЕМА
масштабы (қоса беріліп отыр)

      Бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары (қажет болған жағдайда тік бұрышты координаттарда) белгіленген.

нүктелердің
№ №

Координаттар

бойлық

ендік




сондай-ақ тігінен келетін бөліністерде___________________________
                         (сутұтқыш қабаттың тереңдігі мен қуаты,
                          стратиграфиялық индексі және т.б.)

бұрыштық нүктелермен ахуалдық схемада белгіленген жер бөлу алаңы
________________________________ гектарды (км2) құрайды.

Тәулігіне екі мың және одан да көп
текше метр көлеміндегі өндірістік- 
техникалық жерасты суларын пайдалы 
қазбаны өндірудің технологиялық   
схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін
оларды барлау мен өндіруге не тау-кен
қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін
төмендету мақсатында жерасты суларын 
өндіруге арналған рұқсатқа     
2-қосымша            

Жер қойнауы учаскесі және жер қойнауын
пайдалану шарттары туралы мәліметтер

      1. Жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер:
      1) тұрғылықты жері (заңды және жеке тұлға үшін)___________
      2) мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке куәлігінің деректері (жеке тұлға үшін) ___________________;
      3) басшы (заңды тұлға үшін)______________________________;
      4) қызметтің негізгі түрі _______________________________.
      2. Кен орнының, жер қойнауы учаскесінің сипаттамасы мен ерекшеліктері:
      1) кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) атауы және геологиялық-морфологиялық байланысуы ___________________________;
      2) пайдалану мақсаты _____________________________________;
      3) өнімді сутұтқыш қабаттың атауы немесе құрғатылатын сулы горизонт________________________________________________________;
      4) объекті пайдалану тәжірибесі және су жинағы немесе су деңгейін төмендетуші (дренаждық) құрылыс туралы мәліметтер _____________________;
      5) кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) сандық және сапалық
көрсеткіштері __________________________________________________.
      3. Кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) кеңістік шекаралары
________________________________________________________________.
      4. Рұқсаттың қолданылу мерзімі (басталуы-аяқталуы)________.
      5. Барлауға арналған рұқсат мерзімін ұзарту шарттары______.
      6. Жұмыс бағдарламасы және кен орнын (жер қойнауы учаскесін) пайдалану не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру жобасын келісуге ұсынудың және жұмыстардың басталу мерзімдері ______________________________.
      7. Жер қойнауын пайдаланудың міндетті шарттары:
      1) барлау ___________________________________________________;
      2) жерасты суларын өндіру (млн./м3 жыл, мың./м3 тәу., л/с)____;
      3) су жинау немесе судың деңгейін төмендету (дренаждық)
құрылысының типі (ұңғылар және т.б.) және олардың арасындағы қашықтық (м) _______________________________________________________________;
      4) пайдаланылатын және резервтік ұңғымалардың, судың деңгейін төмендету құрылыстардың саны _____________________________________;
      5) су көтергіш немесе судың деңгейін төмендету жабдықтарының типі мен өнімділігі _______________________________________________;
      6) бір ұңғыма немесе ұңғымалар тобына, судың деңгейін төмендету құрылыстарына жүктеме (ең төмен, ең жоғары (млн./м3 жыл, мың. м3/тәу., л/с) _____________________________________________________________;
      7) жерүсті деңгейінен қысымның рұқсат етілген төмендеуі немесе
азаюы (м) ________________________________________________________;
      8) су дайындау _____________________________________________;
      9) алынатын судың сапасына қойылатын талаптар_______________;
      10) тұтынушыларға жерасты суларын беру шарттары_____________;
      11) жерасты суларын жинаған немесе деңгейін төмендеткен кезде беткі ағыстың рұқсат етілген азаюы (млн. м3/жыл, мың. м3/тәу, л/с)    __________________________________________________________________;
      12) бақылау-өлшеу аппаратурасының типі______________________;
      13) санитарлық қорғау аймағының (округінің) шекаралары (дара ұңғы және ұңғымалар тобы немесе су жинағы үшін)___________________;
      14) жерасты суларына мониторинг жүргізу бойынша қойылатын талаптар (жер асты сулары кен орнын пайдалануда немесе тау-кен қазбаларын пайдалануда судың деңгейін төмендетуді қадағалау режимдік желінің бар болуы) _______________________________________________;
      15) пайдаланылатын қорларды бағалау және қайта бағалау жөніндегі міндеттемелер соның ішінде дренаждық суларда____________;
      16) жобаға салынатын инвестициялардың көлемі________________;
      17) кен орны (жер қойнауы учаскесі) туралы ақпаратқа құқық __________________________________________________________________;
      18) жер қойнауын пайдаланушының заңды мекен-жайының өзгергендігі туралы ақпарат_______________________________________;
      19) геологиялық ақпаратты геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне және оның аумақтық органдарына ұсыну___________________;
      20) жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалану жөніндегі міндеттемелер___________________________________________;
      21) бірнеше жер қойнауын пайдаланушының пайдалану объектінің технологиялық схемасына байланысты жер қойнауын пайдалану шартын сақтау жөніндегі талаптар_________________________________________;
      8. Жер қойнауын пайдалану қызметіне бақылауды жүзеге асыру тәртібі___________________________________________________________.
      9. Шарттық талаптар_________________________________________.
      10 Кен орнын (жер қойнауы учаскесін) пайдалануға байланысты төлемдер__________________________________________________________.
      11. Өзге де шарттар_________________________________________.

      Қосымша: ахуалдық схема.

      Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
      (өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті)

      20__жылғы «__»_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады