Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 2-бабы 2-тармағының g тармақшасы бойынша ұғымды түсіндіруге қатысты және 8-бабы бойынша міндеттемелерге қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1527 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 2-бабы 2-тармағының g тармақшасы бойынша ұғымды түсіндіруге және 8-бабы бойынша міндеттемелерге қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдиновке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 2-бабы 2-тармағының g тармақшасы бойынша ұғымды түсіндіруге қатысты және 8-бабы бойынша міндеттемелерге қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы ноталар алмасу нысандағы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
       3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1527 қаулысымен   
мақұлданған      

(Токио,) 

(2011 жылғы 6 мамырда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2011 ж., № 3, 49-құжат)

      Жоғары мәртебелі,
      Мен Токиода 2010 жылғы 2 наурызда қол қойылған Жапонияның Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) және атап айтқанда, Келісімнің 2-бабы 2-тармағының (g) тармақшасына сүйенуді құрмет санаймын, аталған Баптың 1-тармағында көрсетілген ынтымақтастықты Тараптар келісуге болатын басқа да салаларда қолдануға болатыны белгіленген.
      Бұдан әрі мен Жапония Үкіметінің атынан Келісімнің 2-бабы 2-тармағының (g) тармақшасы ережелеріне мына ұғымды ұсынуды құрмет санаймын:
      1. Жапонияның Aтoм энергиясы жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы арасындағы тиісті келісімшарттар бойынша іске асырылатын ықтимал қайталама қиын жағдайды жою және азайту мақсатында белсенді аймақтың бұзылуымен жүретін постулатталған авария үдерісінде балқыған отын мен таттанбайтын болаттың орнын ауыстыруды және олардың өзара әрекеттесуін бағалау үшін шапшаң реакторлардың қауіпсіздігі саласындағы эксперименттер жөніндегі жобалар Келісімнің 2-бабы 2-тармағының (g) тармақшасында айқындалған ынтымақтастық ретінде қарастырылатын болады.
      2. Жоғарыдағы 1-тармақта айқындалатын осындай қызмет Келісімнің 2-бабы 2-тармағының (g) тармақшасына сәйкес ынтымақтастық ретінде Келісімге сәйкес жүргізілетіндігі расталады.
      Егер жоғарыда баяндалған ұғым Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін қабылдауға лайық болса, мен бұдан әрі ұсынылған Нота мен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жоғарыда аталған ұғымды растайтын Жоғары мәртебелі Сізден келген жауап нотаның Келісіммен бір мезгілде күшіне енетін екі Үкімет арасында келісім жасасу деп қаралуын ұсынуды құрмет деп білемін.
      Жоғары Мәртебелі Сізге аса зор ілтипатпен өз растауымызды білдіру үшін осы жағдайды пайдаланып отырмын.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1527 қаулысымен   
мақұлданған      

(Токио,)       

      Жоғары мәртебелі,
      Мен Жоғары Мәртебелі Сізден мынадай мазмұндағы Нотаны бүгінгі күні алғандығымызды растауды құрмет санаймын:
      «Жоғары мәртебелі,
      Мен Токиода 2010 жылғы 2 наурызда қол қойылған Жапонияның Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) және атап айтқанда, Келісімнің 2-бабы 2-тармағының (g) тармақшасына сүйенуді құрмет санаймын, аталған Баптың 1-тармағында көрсетілген ынтымақтастықты Тараптар келісуге болатын басқа да салаларда қолдануға болатыны белгіленген.
      Бұдан әрі мен Жапония Үкіметінің атынан Келісімнің 2-бабы 2-тармағы (g) тармақшасы ережелеріне мына ұғымды ұсынуды құрмет санаймын:
      1. Жапонияның Aтoм энергиясы жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы арасындағы тиісті келісімшарттар бойынша іске асырылатын ықтимал қайталама қиын жағдайды жою және азайту мақсатында белсенді аймақтың бұзылуымен жүретін постулатталған авария үдерісінде балқыған отын мен таттанбайтын болаттың орнын ауыстыруды және олардың өзара әрекеттесуін бағалау үшін шапшаң реакторлардың қауіпсіздігі саласындағы эксперименттер жөніндегі жобалар Келісімнің 2-бабы 2-тармағының (g) тармақшасында айқындалған ынтымақтастық ретінде қарастырылатын болады.
      2. Жоғарыдағы 1-тармақта айқындалатын осындай қызмет Келісімнің 2-бабы 2-тармағының (g) тармақшасына сәйкес ынтымақтастық ретінде Келісімге сәйкес жүргізілетіндігі расталады.
      Егер жоғарыда баяндалған ұғым Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін қабылдауға лайық болса, мен бұдан әрі ұсынылған Нота мен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жоғарыда аталған ұғымды растайтын Жоғары мәртебелі Сізден келген жауап нотаның Келісіммен бір мезгілде күшіне енетін екі Үкімет арасында келісім жасасу деп қаралуын ұсынуды құрмет деп білемін.
      Жоғары Мәртебелі Сізге аса зор ілтипатпен өз растауымызды білдіру үшін осы жағдайды пайдаланып отырмын.».
      Бұдан әрі, мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда баяндалған ұғым қабылдауға лайық екенін растауды және Жоғары мәртебелі Сіздің Нотаңыз бен осы Нотаның Келісіммен бір мезгілде күшіне енетін, екі Үкімет арасында келісім жасасу деп қаралатынына келісуді құрмет санаймын.
      Жоғары Мәртебелі Сізге аса зор ілтипатпен өз растауымызды білдіру үшін осы жағдайды пайдаланып отырмын.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1527 қаулысымен   
мақұлданған      

(Токио,)      

(2011 жылғы 6 мамырда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2011 ж., № 3, 50-құжат)

      Жоғары Мәртебелі,
      Мен Токиода 2010 жылғы 2 наурызда қол қойылған Жапонияның Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - «Келісім» деп аталатын) және атап айтқанда, осы Келісім шеңберінде берілген ядролық материалдар, арнайы ядролық емес материалдар, жабдық пен технологиялар, сондай-ақ технологияларға негізделген жабдық пен жанама өнім ретінде қайта қалпына келтірілген немесе өндірілген ядролық материалдар қабылдаушы Тараптың заңды құзыры арқылы беруші Тараптың, беруші Тараптың заңды құзыры арқылы беруді қоспағанда, алдын ала жазбаша келісімін алмай берілмейтіні немесе қайта берілмейтіні белгіленген Келісімнің 8-бабына сүйенуді құрмет санаймын.
      Мен бұдан әрі Жапония Үкіметінің атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуды құрмет санаймын:
      1. Жапония Үкіметінің заңды құзырына Келісімнің А қосымшасының В бөліміндегі 11-тармақта көрсетілген жабдықты пайдалану арқылы алынған жанама өнім ретінде қайта қалпына келтірілген немесе өндірілген ядролық материалдарды және Келісім шеңберінде Жапония Үкіметінің заңды құзыретінен берілген оған қатысты технологияларды беруді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды құзырынан беруге қатысты Жапония Үкіметі осымен төмендегі 2-4-тармақтардың ережелері сақталған жағдайда, Келісімнің 8-бабына сәйкес өз келісімін береді.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі қосымша хаттамамен толықтырылған алушы үшінші мемлекет үкіметі мен Aтoм энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (бұдан әрі «Агенттік» деп аталатын) арасындағы кепілдіктерді қолдану туралы келісім тарабы болып табылатын алушы үшінші мемлекеттің үкіметінен осы тармақта көрсетілген барлық шарттардың орындалатыны туралы алдын ала жазбаша растау алады:
      (1) 1-тармақтың анықтамасы бойынша жанама өнім ретінде қайта қалпына келтірілген немесе өндірілген ядролық материалдар тек бейбіт, жарылыстарға байланысы жоқ мақсаттарда алушы үшінші мемлекетте қолданылатын болады.
      (2) Егер алушы үшінші мемлекет, 1968 жылғы 1 шілдеде қабылданған Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа сәйкес ядролық қаруы жоқ мемлекет болса, онда осы мемлекеттегі барлық ядролық материалдар Агенттік кепілінде болады және бола береді.
      (3) Агенттіктің кепілдіктері 1-тармақтың анықтамасы бойынша алушы үшінші мемлекеттің ядролық қаруы бар немесе жоқ мемлекет екеніне қарамастан, жанама өнім ретінде қайта қалпына келтірілген немесе өндірілген ядролық материалдарға қолданылатын болады.
      (4) Алушы үшінші мемлекетте ядролық материалдарға қатысты кем дегенде Келісімнің В қосымшасында белгіленген деңгейде физикалық қорғаудың тиісті шаралары сақталады және сақталатын болады.
      (5) 1-тармақтың анықтамасы бойынша жанама өнім ретінде қайта қалпына келтірілген немесе өндірілген ядролық материалдар, алушы үшінші мемлекет үкіметінің заңды құзырынан басқа мемлекет үкіметінің заңды құзырына егер соңғы мемлекет осы тармақта белгіленгенге ұқсас растау ұсынбаса, бұдан әрі берілмейтін болады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жапония Үкіметіне беруді жүзеге асыру ниеті туралы жазбаша түрде алдын ала хабардар етеді, сондай-ақ 2-тармақта белгіленген барлық шарттардың орындалғандығы туралы хабарлайды.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2-тармаққа сәйкес жыл сайын Жапония Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі алушы үшінші мемлекеттерден алған растау құжаттарының көшірмелерін ұсынатын болады.
      Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін баяндалған уағдаластықтар қолайлы болса, будан әрі ұсынылған Нота мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда аталған уағдаластықты растайтын Жоғары мәртебелі Сізден келген Нотаның Келісіммен бір мезгілде күшіне енетін екі Үкімет арасында келісім жасасу ретінде қаралуын ұсынуды құрмет санаймын.
      Жоғары Мәртебелі Сізге аса зор ілтипатпен өз растауымызды жаңарту үшін осы жағдайды пайдаланып отырмын.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1527 қаулысымен   
мақұлданған      

(Токио,)       

      Жоғары Мәртебелі,
      Мен Жоғары Мәртебелі Сізден мынадай мазмұндағы Нотаны бүгінгі күнмен алғанымызды растауды құрмет санаймын:
      «Жоғары Мәртебелі,
      Мен Токиода 2010 жылғы 2 наурызда қол қойылған Жапонияның Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - «Келісім» деп аталатын) және атап айтқанда, осы Келісім шеңберінде берілген ядролық материалдар, арнайы ядролық емес материалдар, жабдық пен технологиялар, сондай-ақ технологияларға негізделген жабдық пен жанама өнім ретінде қайта қалпына келтірілген немесе өндірілген ядролық материалдар қабылдаушы Тараптың заңды құзыры арқылы беруші Тараптың, беруші Тараптың заңды құзыры арқылы беруді қоспағанда, алдын ала жазбаша келісімін алмай берілмейтіні немесе қайта берілмейтіні белгіленген Келісімнің 8-бабына сүйенуді құрмет санаймын.
      Мен бұдан әрі Жапония Үкіметінің атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуды құрмет санаймын:
      1. Жапония Үкіметінің заңды құзырына Келісімнің А қосымшасының В бөліміндегі 11-тармақта көрсетілген жабдықты пайдалану арқылы алынған жанама өнім ретінде қайта қалпына келтірілген немесе өндірілген ядролық материалдарды және Келісім шеңберінде Жапония Үкіметінің заңды құзыретінен берілген оған қатысты технологияларды беруді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды құзырынан беруге қатысты Жапония Үкіметі осымен төмендегі 2-4-тармақтардың ережелері сақталған жағдайда, Келісімнің 8-бабына сәйкес өз келісімін береді.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі қосымша хаттамамен толықтырылған алушы үшінші мемлекет үкіметі мен Aтoм энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (бұдан әрі «Агенттік» деп аталатын) арасындағы кепілдіктерді қолдану туралы келісім тарабы болып табылатын алушы үшінші мемлекеттің үкіметінен осы тармақта көрсетілген барлық шарттардың орындалатыны туралы алдын ала жазбаша растау алады:
      (1) 1-тармақтың анықтамасы бойынша жанама өнім ретінде қайта қалпына келтірілген немесе өндірілген ядролық материалдар тек бейбіт, жарылыстарға байланысы жоқ, мақсаттарда алушы үшінші мемлекетте қолданылатын болады.
      (2) Егер алушы үшінші мемлекет, 1968 жылғы 1 шілдеде қабылданған Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа сәйкес ядролық қаруы жоқ мемлекет болса, онда осы мемлекеттегі барлық ядролық материалдар Агенттік кепілінде болады және бола береді.
      (3) Агенттіктің кепілдіктері 1-тармақтың анықтамасы бойынша алушы үшінші мемлекеттің ядролық қаруы бар немесе жоқ мемлекет екеніне қарамастан, жанама өнім ретінде қайта қалпына келтірілген немесе өндірілген ядролық материалдарға қолданылатын болады.
      (4) Алушы үшінші мемлекетте ядролық материалдарға қатысты кем дегенде Келісімнің В қосымшасында белгіленген деңгейде физикалық қорғаудың тиісті шаралары сақталады және сақталатын болады.
      (5) 1-тармақтың анықтамасы бойынша жанама өнім ретінде қайта қалпына келтірілген немесе өндірілген ядролық материалдар, алушы үшінші мемлекет үкіметінің заңды құзырынан басқа мемлекет үкіметінің заңды құзырына егер соңғы мемлекет осы тармақта белгіленгенге ұқсас растау ұсынбаса, бұдан әрі берілмейтін болады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жапония Үкіметіне беруді жүзеге асыру ниеті туралы жазбаша түрде алдын ала хабардар етеді, сондай-ақ 2-тармақта белгіленген барлық шарттардың орындалғандығы туралы хабарлайды.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2-тармаққа сәйкес жыл сайын Жапония Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі алушы үшінші мемлекеттерден алған растау құжаттарының көшірмелерін ұсынатын болады.
      Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін баяндалған уағдаластықтар қолайлы болса, бұдан әрі ұсынылған Нота мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда аталған уағдаластықты растайтын Жоғары мәртебелі Сізден келген Нотаның Келісіммен бір мезгілде күшіне енетін екі Үкімет арасында келісім жасасу ретінде қаралуын ұсынуды құрмет санаймын.
      Жоғары Мәртебелі Сізге аса зор ілтипатпен өз растауымызды жаңарту үшін осы жағдайды пайдаланып отырмын.».
      Бұдан әрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда баяндалған ұғым қабылдауға лайык екенін растауды және Жоғары мәртебелі Сіздің Нотаңыз бен осы Нотаның Келісіммен бір мезгілде күшіне енетін екі Үкімет арасында келісім жасасу деп қаралатынына келісуді құрмет санаймын.
      Жоғары Мәртебелі Сізге аса зор ілтипатпен өз растауымызды жаңарту үшін осы жағдайды пайдаланып отырмын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады