Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 18.04.2018 № 204 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің 307-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасы және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі бекiтілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1528 қаулысымен
бекітілген

Көмірсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасы және пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу тәртібі және пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі

      Ескерту. 1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      1. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініштерді беру және қарау тәртібі

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      1. Кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу үшін осы бөлімнің 2-кіші бөлімінде айқындалған өлшемдерге сәйкес көмiрсутек шикiзаты кен орнын игеруді көздейтін қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш береді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2. Ағымдағы аяқталмаған күнтiзбелiк жылға кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы өтiнiш ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлуге тиiс:

      1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған алдыңғы қаржы жылындағы қаржылық есептілік түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде аудитті міндетті жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың алдыңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілген жағдайда, онда алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есептілігінің түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады;

      3) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы есепті кезең (тоқсан, жартыжылдық немесе тоғыз ай) бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдағы қаржылық есептілігінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      4) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам куәландырған алдыңғы күнтізбелік жылдағы бюджеттің атқарылуы туралы есептемесі;

      5) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам куәландырған ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;

      6) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам куәландырған, өтініш берген күннің алдындағы тоқсан күнтізбелік күн бұрынғы жағдай бойынша ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есеп;

      7) алдыңғы салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша салықтық есептілік (корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша, ағымдағы және алдыңғы күнтізбелік жылда келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша үстеме пайдаға салынатын салық (бұдан әрі – ҮПС) бойынша декларациялар);

      8) КТС бойынша аванстық төлемдердің есебі (егер жер қойнауын пайдаланушы аванстық төлемдердің төлеушісі болса) және ағымдағы есептік жылға жоспарланған КТС мөлшерінің есептемесі;

      9) КТС бойынша салықтық міндеттемелердің есебі, сондай-ақ осы кезеңдегі жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның бюджетіне, көмірсутек шикізатының болжамды бағасына, және көмірсутек шикізатын өндірудің жоспарлы көлеміне осы есептерді егжей-тегжейлі беркітумен бірге ағымдағы салық кезеңіндегі келісім-шарт бойынша сатылымдардың таза кірісінің, рентабельділігінің есептемесі;

      10) келісімшарт бойынша рентабельділік көрсеткіштерінің есебі үшін пайдаланылған көмірсутек шикізатына болжамды бағаны негіздеу;

      11) құзыретті органмен келісілген көмірсутек шикізатын өндірудің келісімшарт бойынша жоспарланатын көлемі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Алдағы күнтiзбелiк жылға кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы өтiнiш ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 30 қыркүйегінен ерте емес, бірақ ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi. Өтiнiшке осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттар қоса берiледі:

      1) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам куәландырған алда тұрған күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;

      2) компанияның КТС бойынша салықтық міндеттемелерінің есебі, сондай-ақ осы есептік кезеңдегі жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның бюджетіне, көмірсутек шикізатының болжамды бағасына және келісімшарт бойынша көмірсутек шикізатын өндірудің жоспарланатын көлеміне осы есептерді егжей-тегжейлі беркітумен бірге алда тұрған күнтізбелік жылға арналған келісімшарт бойынша сатылымдардың таза кірісінің, рентабельділігінің есептемесі.

      3) Бұл ретте осы Қағиданың 2-тармағының 3), 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер ағымдағы күнтізбелік жылдың өткен тоғыз айы үшін беріледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      4. Қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейін бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiш берушiден өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есептердi сұрата алады.

      Өтініш беруші уәкiлеттi органның тиісті сұратуын алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қағиданың осы тармағына сәйкес сұратылатын, өтiнiште қамтылған мәліметтерді негіздейтін құжаттар мен есептердi уәкілетті органға береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4-1. Өтініш беруші ұсынған құжаттарда мәліметтер толық болмаған және (немесе) осы Қағиданың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған немесе өтініш осы Қағидада белгіленген талаптарды бұза отырып берілген жағдайда, уәкiлеттi орган өтініш және (немесе) өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін қосымша құжаттар мен есептер түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiшті қараудан уәжді түрде бас тартуды жібереді.

      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Уәкiлеттi орган өтiнiшті және (немесе) өтiнiште қамтылған мәліметтерді негiздейтін құжаттар мен есептердi қарауға қабылдағаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiш пен оған қоса берiлетін құжаттардың көшiрмелерiн төменде көрсетілген мемлекеттiк органдарға мынадай мәселелер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне – салық есептілігінің деректерін растау үшін;

      2) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға – жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бекiтiлген жұмыс бағдарламаларын (жұмыстардың жылдық бағдарламаларын) және/немесе жобалық шешiмдер мен мiндеттемелердi ескере отырып, көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң жоспарланып отырған көлемi мен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар көлемiнiң негiздiлiгi мәселелерi бойынша;

      3) өзге мемлекеттiк органдарға – олардың құзыретіне жататын және уәкiлеттi орган қойған мәселелер бойынша пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салықтың жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшерлері жөнінде негізделген шешімдер әзірлеу мақсатында қорытындылар дайындау үшін жібереді.

      Тиiстi мемлекеттiк органдардың қорытындылары өтiнiш пен оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмесi алынған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкiлеттi органға берiлуге тиiс. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушi ұсынған деректердің негiзiнде көрсетiлген мерзiмде келiсiмшарт бойынша рентабельдiлiктiң есебiн жүргiзедi және пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салықтың жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшерлері бойынша ұсыныстар дайындайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      6. Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың барлық қорытындылары алынған күннен бастап жеті жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган мемлекеттік органдардың қорытындылары қоса берілген өтінішті кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдар әзірлейтін ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына енгізеді.

      Комиссия он жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш пен мемлекеттік органдардың қорытындыларын қарауға және көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу немесе жатқызудан бас тарту, рентабельділігі төмен кен орны бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасының көлемі (көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы ұсыныс әзірленген жағдайда) туралы ұсыныс әзірлейді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы комиссияның ұсынысы әзiрленген жағдайда уәкiлеттi орган он бес жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес белгiленетiн пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық мөлшерлемесін қоса беріп және осындай мөлшерлемелер қолданылатын күнтізбелік жылды көрсетіп, көмiрсутек шикiзатының кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орынының бір бөлігін) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызылған кен орындарының тiзбесiне қосу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесі күнтізбелік жылға белгіленеді. Егер пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесі көрсетілген жыл ішінде белгіленген жағдайда, осы жылдың міндеттемелері бойынша күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелген және төленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық осы Қағидаға сәйкес белгіленген мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі.

      9. Уәкiлеттi орган комиссия әзiрлеген ұсыныстарды ескере отырып, көмiрсутек шикiзатының кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және бас тарту себептерiн көрсете отырып, комиссия тиісті шешім қабылдағаннан кейін он жұмыс күнi iшiнде жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткiзедi.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      10. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тартудың негіздемелері мыналар болып табылады:

      1) корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемелердің тапсырылған есеп-қисабының, сондай-ақ таза табыстың, кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша тиісті күнтізбелік жылға сату рентабельділігінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, оның ішінде осы Қағиданың 11-тармағына сәйкес келмеуі;

      2) жер қойнауын пайдаланушының тиісті күнтізбелік жылға көмiрсутек шикiзатына рентабельділік деңгейін есептеуге пайдаланған негізсіз болжамды бағаны қолдануы;

      3) кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша тиісті күнтізбелік жылға мәлімделген өндіру көлемдерінің жоспарланған өндіру көлемдеріне сәйкес келмеуі;

      4) егер өтініш ағымдағы күнтізбелік жылға берілсе, алдыңғы күнтізбелік жылдың деректерімен салыстырғанда бір тонна көмірсутек шикізатына өндірістік шығындардың, сату шығындары мен жалпы әкімшілік шығындардың елеулі (10 %-дан жоғары) және (немесе) негізсіз ұлғайтылуы немесе өтініштің көрсетілген кезеңге арналған бюджет негізінде, енгізілетін түзетулерді есептей отырып, жыл бойындағы болжамдық деректерді негізге алып есептелген ағымдағы жылдың деректерімен алдағы күнтізбелік жылға берілуі;

      5) ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың өтініш берілген күннің алдындағы есепті кезеңдердің (жартыжылдық немесе тоғыз ай) қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділіктің іс жүзіндегі деңгейінің 0 %-дан жоғары болуы.

      Жер қойнауын пайдаланушыға көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тартуға себеп болған себептер жойылған жағдайда, ол осы тарауда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қайтадан өтініш жолдауға құқылы.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу өлшемдері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      11. Егер алдағы күнтiзбелiк жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтiзбелiк жылдың қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельдiлiктiң жоспарланып отырған деңгейi жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта белгiленген тәртiппен дербес жүргiзген есептер бойынша 0 %-дан аз немесе оған тең болса, көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызылады.

      Көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланып отырған рентабельдiлiк деңгейiнiң күнтiзбелiк жыл есебi тиiстi кезең бойынша көмiрсутек шикiзаты бағаларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының болжамды мәліметтері мен уәкілеттi орган растаған өндiру көлемiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

      Кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланып отырған рентабельдiлiк деңгей мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТТк к)

      СРк = -------– х 100,

      ЖЖТк

      мұнда:

      СРк – көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша пайыздық көрсеткіштегі сату рентабельдiлiгi;

      ТТк – осы тармаққа және жер қойнауын пайдаланушының жеке салық есебiн жүргiзу әдiстемесiне сәйкес есептелген және Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 310-бабының талаптарына сәйкес бекiтiлген және салық органына ұсынылған кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыс (бұдан әрi – жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесi);

      Зк – 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін туындаған Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 13-тарауына сәйкес есептелген, көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша алынған және өтелмеген залал сомасы;

      ЖЖТк – жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесiне сәйкес есептелген көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жылдық жиынтық табыс.

      Салық кезеңiнде көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыстың мөлшерiн жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша айқындайды:

      ТТк = СТк – КТСк,

      мұндағы:

      КТСк – жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесiне сәйкес есептелген көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша корпоративтiк табыс салығы;

      СТк – Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 133-бабында көзделген кiрiс пен шығыс сомасына азайтылған, жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесiне сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салық салынатын табыс.

      Салық салынатын табысты айқындау кезiнде қосымша салық мiндеттемелерiнiң есебінен шегерімдер сомасын не өсуi табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) тарифтерін көтеруге байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомаларын ұлғайтуды қоспағанда, салық кезеңiнде шегерiмдер сомасы алдыңғы салық кезеңiнiң шегерiмдер сомасынан аспауға тиiс. Ағымдағы аяқталмаған күнтiзбелiк жылы көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң жоспарланып отырған көлемi алдыңғы жылдың деңгейiнен 10 %-дан аса ауытқыған жағдайда көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік деңгейді айқындау мақсаттары үшін шегерiмдер сомасы өндiру көлемiнiң өзгеруіне қарай түзетiлуі мүмкін.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      12. Рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкалары келісімшарт бойынша рентабельділік деңгейі 0 % деңгейге қол жеткізу мақсатында, мұнайдың бір баррелі үшін әлемдік баға шкаласы бойынша 1 АҚШ доллары өлшемімен белгіленеді.

      Рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың ең төменгі ставкасы тиісті салық кезеңінде қолданылатын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жалпы белгіленген ставкасының 5 %-ы мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін белгіленетін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасы осы Қағидаға сәйкес тиісті салық кезеңінде қолданылатын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жалпы белгіленген ставкаларынан аспауға тиіс.

      Егер рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкалары тиісті күнтізбелік жылға көрсетілген жыл ішінде белгіленсе, онда күнтізбелік жылдың басынан бастап төленген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық, өткен салық кезеңдерінде нақты қалыптасқан бағалар тұрғысынан алғанда, осы тарауға сәйкес белгіленген ставкалар бойынша қайта есептеледі.

      Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 334-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын баға негізінде осы тармаққа сәйкес белгіленген ставкаларды дербес қолданады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      13. Салық төлеушi осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес белгіленген пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық ставкасын қолданған күнтiзбелiк жылдан кейiнгi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмейтін мерзімде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларын қолдана отырып, нақты мәліметтердің негiзiнде өткен жылдың рентабельдiлiк көрсеткiштерiнiң есебiн жүргiзедi.

      Егер кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша нақты рентабельділік деңгейі 0 % мәнінен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салықтық міндеттемелерді мына формула бойынша есептелетін ставка бойынша қайта есептеуді жүргізеді:



      мұнда:

      СТк – кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша ПҚАС ставкасы, пайызбен;

      ЖЖТк – кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген жылдық жиынтық табыс;

      Шк – ПҚАС-ты есептемегенде, кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген шегерімдер;

      СБк – кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген ПҚАС-тың салықтық базасы.

      Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есептелген ПҚАС ставкаларының мөлшері үтірден кейін үлкенге қарай дөңгелектеу арқылы екі белгіге дейінгі дәлдікпен есептеледі және осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген бастапқы мәндердің шеңберінен аспауға тиіс.

      Жер қойнауын пайдаланушы ПҚАС ставкасының алынған мәнін өткен күнтізбелік жылда төлеуге жататын ПҚАС сомасын есептеу үшін қолданады. Егер осы тармаққа сәйкес өткен күнтізбелік жыл ішінде есептелген ПҚАС сомасы осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес өткен күнтізбелік жыл ішінде есептелген ПҚАС сомасынан асып кетсе, тиісті артылған сома пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі. Осы декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық сомасы өткен күнтізбелік жылдың 4-тоқсанының салықтық міндеттемелері болып табылады және жалпы белгіленген тәртіппен төлеуге жатады. Осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша рентабельділіктің нақты деңгейін есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер өзгерген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осындай өзгерістер салық есебінде көрсетілген сәттен бастап күнтізбелік 45 күннен аспайтын мерзімде салықтық міндеттемелерін осы тармаққа сәйкес қайта есептеуді және орындауды өздігінше жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу тәртібі

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      1. Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініштерді беру және қарау тәртібі

      14. Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) игеруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы уәкілетті органға өтінішті сонымен бір мезгілде мына талаптарды орындай отырып бере алады:

      1) кен орны осы Қағиданың 25-тармағында көрсетілген критерийлердің біріне сәйкес келеді;

      2) кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша көмірсутек шикізатын өндірудің көлемі жылына 3 (үш) миллион тоннадан аспайды;

      3) өткен күнтізбелік жылдың немесе аяқталмаған ағымдағы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша рентабелділіктің нақты немесе жоспарланған деңгейі кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша 25 %-ға тең немесе одан төмен.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабелділіктің есебі кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша көрсеткіштер негізінде осы Қағиданың 11-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      15. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      1) Кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) қол жеткізілген технологиялық көрсеткіштерінің бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігі туралы есеп;

      2) қорлар мен тау-кен бөлінуі жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамасының көшірмесі;

      3) өтініш берілген күннің алдындағы соңғы тоқсанның аяқталған күнгі жағдай бойынша келісімшарттық (лиценизиялық) міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;

      4) осы Қағиданың 2 тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттар.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейін бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiш берушiден өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есептердi сұрата алады.

      Өтініш беруші уәкiлеттi органның тиісті сұратуын алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қағиданың осы тармағына сәйкес сұратылатын, өтiнiште қамтылған мәліметтерді негіздейтін құжаттар мен есептердi уәкілетті органға береді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      16-1. Өтініш беруші ұсынған құжаттарда мәліметтер толық болмаған және (немесе) осы Қағиданың 15 және 16-тармақтарында көзделген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған немесе өтініш осы Қағидада белгіленген талаптарды бұза отырып берілген жағдайда, уәкiлеттi орган өтініш және (немесе) өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін қосымша құжаттар мен есептер түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiшті қараудан уәжді түрде бас тартуды жібереді.

      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      17. Өтініш түскеннен кейін уәкілетті орган кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының критерийлеріне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі немесе әзірленіп, бекітілген жобалық шешімдер және оларды өтініш берушінің сақтауы туралы қорытынды дайындау үшін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш пен оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға қарауға жібереді.

      Тиiстi мемлекеттiк органдардың қорытындылары уәкілетті органнан өтiнiш пен оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмесi алынған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкiлеттi органға берiлуге тиiс.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      18. Мемлекеттік органдардың қорытындылары алынған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган қорытындылар қоса берілген өтінішті комиссияның қарауына енгізеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      19. Комиссия он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті қарайды және кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу немесе жатқызудан бас тарту туралы ұсынысты әзірлейді.

      20. Комиссия кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы ұсыныс шығарған жағдайда уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді, онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

      тау-кендік бөлуге сәйкес кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) атауы және координаттары;

      жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және лицензияның (бар болса) берілген күні және тіркеу нөмірі;

      осы Қағиданың 25-тармағында көрсетілген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) сәйкес келетін бір немесе бірнеше өлшем;

      Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі қабылданған күнтізбелік жылдың басынан бастап төленген, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық қосымша декларациялар беру жолымен Салық кодексінің 334-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын, өткен салық кезеңдерінде нақты қалыптасқан бағалар тұрғысынан Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті шешім қабылдаған күнтізбелік жылдың бірінші салық кезеңінен бастап осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша қайта есептеледі.

      Егер кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың әртүрлі ставкалары белгіленген осы Қағиданың 25-тармағында көрсетілген бірнеше критерийлерге сәйкес келген жағдайда, көрсетілген салықты есептеу мен төлеу мақсаттары үшін мәні мейлінше аз ставка қолданылады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      21. Пайдалы қазбаларды өндіруге осы Қағиданың 20-тармағының екінші бөлігіне сәйкес салық ставкаларын қолданған салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіруге осы ставкалар қолданылған күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кеш емес мерзімде өткен жыл үшін кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша нақты деректемелер негізінде осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкаларын қолдана отырып, нақты рентабельділік есебін шығарады.

      Егер кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша есептелетін нақты рентабельдік деңгейі 20 % мәннен асып кеткен, бірақ 25 % мәннен аспаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес салық ставкаларын Қазақстан Республикасының Салық кодексі тиісті жылға белгілеген ПҚАС-тың 5 %-ға өсірілген базалық ставкалары бойынша салықтық міндеттемелерін қайта есептеуді жүргізеді.

      Егер кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша есептелген нақты рентабельділік деңгейі 25 % мәннен асып кеткен жағдайда жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салықтық міндеттемелерді мына формула бойынша есептелетін ставка бойынша қайта есептеуді жүргізеді:

      ЖЖТб х (0,75-К) - Шб х (1-К)

      СТб = -------------------------------- х 100,

      СБб х (1-К)

      мұнда:

      СТб - кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша ПҚАС ставкасы, пайызбен;

      ЖЖТб - кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген жылдық жиынтық табыс;

      Шб - ПҚАС-ты қоспағанда, кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген шегерімдер;

      СБб - кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген ПҚАС-тың салықтық базасы;

      К - салық заңнамасымен тиісті салық кезеңіне белгіленген пайыздағы ставканы 100-ге бөлу арқылы ондық бөлшекке ауыстырылған корпоративтік табыс салығы ставкасының мәні.

      Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есептелген ПҚАС ставкаларының мөлшері үтірден кейін үлкенге қарай дөңгелектеу арқылы екі белгіге дейінгі дәлдікпен есептеледі және осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген бастапқы мәндердің шеңберінен аспауға тиіс.

      Жер қойнауын пайдаланушы ПҚАС ставкасының алынған мәнін күнтізбелік жылда төлеуге жататын ПҚАС сомасын есептеу үшін қолданады. Егер осы тармаққа сәйкес өткен күнтізбелік жылы есептелген ПҚАС сомасы өткен күнтізбелік жылы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ставка бойынша есептелген ПҚАС сомасынан асып кеткен жағдайда, тиісті артылған сома пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі. Осы декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық өткен сомасы күнтізбелік жылдың 4-тоқсанының салықтық міндеттемелері болып табылады және жалпы белгіленген тәртіппен төлеуге жатады. Осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша рентабельділіктің нақты деңгейін есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер өзгерген жағдайда осы тармаққа сәйкес салықтық міндеттемелерді салықтық есептеу жүргізіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      22. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындары санатына жатқызудан бас тарту туралы шешімді комиссия әзірлеген ұсыныстарды ескере отырып, уәкілетті орган қабылдайды және он жұмыс күнінің ішінде бас тартудың себептерін көрсете отырып, жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткізеді.

      23. Мыналар кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызудан бас тартудың негіздері болады:

      КТС бойынша салықтық міндеттемелердің тапсырылған есебінің, сондай-ақ таза табыс есебінің, келісімшарттар бойынша тиісті күнтізбелік жылға сату рентабелділігінің заңнамаға, соның ішінде осы Қағиданың 11-тармағына сәйкес келмеуі;

      өтініш беруші рентабелділік деңгейін есептеу үшін пайдаланған тиісті күнтізбелік жылға жер қойнауын пайдаланушының көмірсутек шикізатына негізделмеген болжамды бағаны қолданғаны;

      өндірудің мәлімделген көлемдерінің өндірудің жоспарланған көлемдеріне сәйкес келмеуі;

      кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабелділіктің нақты немесе жоспарлы деңгейі өткен күнтізбелік жылдың немесе аяқталмаған ағымдағы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша 25 %-дан жоғары болса.

      Кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) осы Қағиданың 25-тармағында көрсетілген, мәлімделген критерийлердің бірде-біреуіне сәйкес келмеуі;

      мәлімделген критерийлерге (критерийге) өтініш берушінің бекітілген жобалық шешімдерді (құжаттарды) бұзуы салдарынан қол жеткізілген.

      24. Заңнамада белгіленген тәртіппен жобалық шешімдерге (құжаттарға) сәйкес кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) қайтарымын ұлғайтуға арналған шараларды қабылдаудың нәтижесінде кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы шешім қабылдағаннан кейін жүргізілген, өтініште көрсетілген кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) параметрлерін өзгерту бұрын қабылданған шешімді қайта қарауға негіз болмайды.

      Өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе игерілу критерийлеріне қарай сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізілген кен орны бойынша бастапқы бекітілген қорларды және мұнайдың орташа тәуліктік дебитін ұлғайтқан жағдайда, егер критерийді өзгерту жер қойнауын пайдаланушы қабылдаған кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) қайтарымын ұлғайтуға бағытталған шаралармен байланысты болмаса, мұндай ұлғайтудың нәтижесінде кен орны көрсетілген критерийге сәйкес келмесе, комиссия бұрын қабылданған шешімді қайта қарайды.

      Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізілген кен орындары (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) жөнінде ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынатын қорлар туралы деректерді жыл сайын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға береді.

      Осы тарауда белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті органға өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе игеру критерийлеріне қарай сарқылған кен орындарының тізбесінде көрсетілген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) сәйкес келетін критерийін (критерийлерін) өзгерту бойынша өтініш бере алады.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу критерийлері

      25. Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі), кен орнында (кен орындарының бір тобында, кен орнының бір бөлігінде) игеру барысында бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес сарқылу, су басу, мөлшердің азаю көрсеткіштерінің біріне қол жеткізілген не кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) мұнайдың өте тұтқырлығымен сипатталған жағдайда, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызылуы мүмкін, олар мынадай мәндерге сәйкес келеді:

      1) көмірсутек шикізаты кен орнының (кен орындарының топтары бойынша жекелей алғанда әрбір кен орнының, кен орнының бір бөлігінің) сарқылуы белгіленген тәртіппен бекітілген қазылып алынатын қордың 80 және одан да көп пайызын құрайды.

      Кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) сарқылу дәрежесі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Сд – бекітілген қазып алынатын қордың пайыздарында көрсетілген мұнай қорының сарқылу дәрежесі;

      Qж – тұтастай тоннамен алынған кен орнындағы (кен орнының бір бөлігіндегі) жинақталған мұнай өнімі;

      Qқ – мұнайдың бекітілген қазылып алынатын қоры тоннамен;

      2) көмірсутек шикізаты кен орнының (кен орындарының топтары бойынша жекелей алғанда әрбір кен орнының, кен орнының бір бөлігінің) өнімін су алуы тоқсан және одан да көп пайыз құрайды.

      Кен орнын (кен орнының бір бөлігін) су алуы мынадай формула бойынша есептеледі:



      формуладағы:

      Ом – кен орнын (кен орнының бір бөлігін) су алу пайызы;

      Qв – өтініш берген күннің алдындағы кемінде бір жыл бұрынғы кезеңде өндірілген су көлемі;

      Qж – өтініш берген күннің алдындағы кемінде тізбектілік бір жыл бұрынғы кезеңде өндірілген сұйық көлемі;

      3) кен орны (кен орындарының топтары бойынша жекелей алғанда әрбір кен орны, кен орнының бір бөлігі) мұнайының қойнауқат жағдайындағы өте тұтқырлығы 200 мПа х секундты және одан да көп уақытты құрайды;

      4) кен орны (кен орындарының топтары бойынша жекелей алғанда әрбір кен орны, кен орнының бір бөлігі) ұңғымаларының орташа шығымы тәулігіне кемінде үш тоннаны құрайды.

      Кен орны (кен орнының бір бөлігі) бойынша бір ұңғыма мұнайының орташа тәуліктік шығымы мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      qн кен орны (кен орнының бір бөлігі) бойынша бір ұңғыма мұнайының орташа тәуліктік шығымы;

      Qн – кен орны (кен орнының бір бөлігі) бойынша өтініш берген күннің алдындағы кемінде тізбектілік бір жыл бұрынғы кезеңде мұнай өндірудің орташа тәуліктік көлемі;

      N – кен орны (кен орнының бір бөлігі) ұңғымаларының тиісті кезеңдегі қолданыстағы өндіруші қорының орташа мөлшері.

  Көмiрсутек шикiзаты кен орнын
(кен орындарының бiр тобын,
кен орнының бiр бөлiгiн)
рентабельділігі төмен, өте тұтқыр,
су басқан, дебитi аз және сарқылған
кен орындарының санатына жатқызу
қағидасына және пайдалы қазбаларды
өндiруге салынатын салық бөлігінде
салық салу тәртібіне
1-қосымша

Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен
орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр,
су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының
санатына жатқызу туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      1. Жер қойнауын пайдаланушының (заңды не жеке тұлғаның) толық

      атауы: ______________________________________________________________

      2. Тұратын жері (пошталық мекенжайы):________________________________

      3. Салық төлеушіні тіркеу нөмірі ______________________________

      4. Шеңберінде көмірсутек шикізатын өндіру жүзеге асырылатын және кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу тәртібін қолдану күтілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт:

      4.1. Келісімшарттың толық атауы, келісімшарттың тараптары, келісімшарт жасалған күн: __________________________________________;

      4.2. Құзыретті органда келісімшартты тіркеу күні мен нөмірі:

      ____________________________________________________________________;

      4.3. Келісімшарттың (кен орнының, кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) атауы: ______________________________________;

      4.4. Кен орнының келісімшарттық аумағының (кен орнының, кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) орналасуы ____________________________________________________________________;

      4.5. Өндірілетін пайдалы қазбаның түрі _____________________________;

      5. Өтініш беруге негіздеме (таңдаған жолдарға "Х" белгісі қойылсын):

      рентабельділігі төмен

      өте тұтқыр

      су басқан

      дебиті аз

      сарқылған

      6. Байланыстырушы тұлға (Т.А.Ә., лауазымы, телефоны):

      ___________________________________________________________________.

      Қосымшалар:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Басшының Т.А.Ә., лауазымы ___________________________________

      МО

      Өтініш берілген күн: 20__ ж. "___" _______________

  Көмiрсутек шикiзаты кен орнын
(кен орындарының бiр тобын,
кен орнының бiр бөлiгiн)
рентабельділігі төмен, өте тұтқыр,
су басқан, дебитi аз және сарқылған
кен орындарының санатына жатқызу
қағидасына және пайдалы қазбаларды
өндiруге салынатын салық бөлігінде
салық салу тәртібіне
2-қосымша

Су басқан, дебиті аз, сарқылған, өте тұтқыр көмірсутек шикізаты
кен орнын игеретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы
қазбаларды өндiруге салынатын салық ставкалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнің 2012.09.29 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      1. Өте тұтқыр кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:

Р/с

Жылдық өндіру көлемі

Тұтқырлығы 200-ден 300 мПа*сек болғандағы ставкалар, %-бен

Тұтқырлығы 300 мПа*сек және одан жоғары болғандағы ставкалар, %-бен

1.

қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін

1,5

0,25

2.

қоса алғанда 500 000 тоннаға дейін

2,1

0,35

3.

қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін

2,4

0,4

4.

қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін

2,7

0,45

5.

қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін

3,0

0,5

6.

қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін

3,3

0,55

7.

қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін

3,6

0,6

8.

қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін

3,9

0,65

9.

қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін

4,5

0,75

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

5,4

0,9


      2. Су басқан кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:

Р/с

Жылдық өндіру көлемі

Су алғыштығы 90-нан 95 %-ке дейінгі ставкалар, %-бен

Су алғыштығы 95 % және одан жоғары болғандағы ставкалар, %-бен

1.

қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін

1,5

0,25

2.

қоса алғанда 500 000 тоннаға дейін

2,1

0,35

3.

қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін

2,4

0,4

4.

қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін

2,7

0,45

5.

қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін

3

0,5

6.

қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін

3,3

0,55

7.

қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін

3,6

0,6

8.

қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін

3,9

0,65

9.

қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін

4,5

0,75

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

5,4

0,9


      3. Сарқылған кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:

Р/с

Жылдық өндіру көлемі

Сарқылғыштығы 80-нен 95 %-ке дейінгі ставкалар, %-бен

Сарқылғыштығы 95 % және одан жоғары болғандағы ставкалар, %-бен

1.

қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін

1,5

0,25

3.

қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін

2,4

0,4

4.

қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін

2,7

0,45

5.

қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін

3

0,5

6.

қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін

3,3

0,55

7.

қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін

3,6

0,6

8.

қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін

3,9

0,65

9.

қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін

4,5

0,75

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

5,4

0,9


      4. Дебиті аз кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:

Р/с

Жылдық өндіру көлемі

Ұңғымалардың шығымсыздығы тәулігіне 2 т-дан 3 т-ға дейінгі ставкалар, %-бен

Ұңғымалардың шығымсыздығы тәулігіне 1 т-дан 2 т-ға дейінгі ставкалар, %-бен

Ұңғымалардың шығымсыздығы тәулігіне 1 т-дан аз болғандағы ставкалар, %-бен

1.

қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін

2,5

1,5

0,25

2.

қоса алғанда 500 000 тоннаға дейін

3,5

2,1

0,35

3.

қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін

4

2,4

0,4

4.

қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін

4,5

2,7

0,45

5.

қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін

5

3

0,5

6.

қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін

5,5

3,3

0,55

7.

қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін

6

3,6

0,6

8.

қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін

6,5

3,9

0,65

9.

қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін

7,5

4,5

0,75

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

9

5,4

0,9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады