"Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 893 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 18.04.2018 № 204 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасында және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібінде:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы есепті кезең (тоқсан, жартыжылдық немесе тоғыз ай) бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдағы қаржылық есептілігінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;";

      4-тармақта:

      бірінші бөлік алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Өтініш беруші уәкiлеттi органның тиісті сұратуын алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қағиданың осы тармағына сәйкес сұратылатын, өтiнiште қамтылған мәліметтерді негіздейтін құжаттар мен есептердi уәкілетті органға береді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Өтініш беруші ұсынған құжаттарда мәліметтер толық болмаған және (немесе) осы Қағиданың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған немесе өтініш осы Қағидада белгіленген талаптарды бұза отырып берілген жағдайда, уәкiлеттi орган өтініш және (немесе) өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін қосымша құжаттар мен есептер түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiшті қараудан уәжді түрде бас тартуды жібереді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкiлеттi орган өтiнiшті және (немесе) өтiнiште қамтылған мәліметтерді негiздейтін құжаттар мен есептердi қарауға қабылдағаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiш пен оған қоса берiлетін құжаттардың көшiрмелерiн төменде көрсетілген мемлекеттiк органдарға мынадай мәселелер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне – салық есептілігінің деректерін растау үшін;

      2) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға – жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бекiтiлген жұмыс бағдарламаларын (жұмыстардың жылдық бағдарламаларын) және/немесе жобалық шешiмдер мен мiндеттемелердi ескере отырып, көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң жоспарланып отырған көлемi мен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар көлемiнiң негiздiлiгi мәселелерi бойынша;

      3) өзге мемлекеттiк органдарға – олардың құзыретіне жататын және уәкiлеттi орган қойған мәселелер бойынша пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салықтың жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшерлері жөнінде негізделген шешімдер әзірлеу мақсатында қорытындылар дайындау үшін жібереді.

      Тиiстi мемлекеттiк органдардың қорытындылары өтiнiш пен оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмесi алынған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкiлеттi органға берiлуге тиiс. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушi ұсынған деректердің негiзiнде көрсетiлген мерзiмде келiсiмшарт бойынша рентабельдiлiктiң есебiн жүргiзедi және пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салықтың жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшерлері бойынша ұсыныстар дайындайды.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың барлық қорытындылары алынған күннен бастап жеті жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган мемлекеттік органдардың қорытындылары қоса берілген өтінішті кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдар әзірлейтін ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына енгізеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы комиссияның ұсынысы әзiрленген жағдайда уәкiлеттi орган он бес жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес белгiленетiн пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық мөлшерлемесін қоса беріп және осындай мөлшерлемелер қолданылатын күнтізбелік жылды көрсетіп, көмiрсутек шикiзатының кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орынының бір бөлігін) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызылған кен орындарының тiзбесiне қосу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.";

      10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың өтініш берілген күннің алдындағы есепті кезеңдердің (жартыжылдық немесе тоғыз ай) қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділіктің іс жүзіндегі деңгейінің 0 %-дан жоғары болуы.";

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейін бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiш берушiден өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есептердi сұрата алады.

      Өтініш беруші уәкiлеттi органның тиісті сұратуын алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қағиданың осы тармағына сәйкес сұратылатын, өтiнiште қамтылған мәліметтерді негіздейтін құжаттар мен есептердi уәкілетті органға береді.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Өтініш беруші ұсынған құжаттарда мәліметтер толық болмаған және (немесе) осы Қағиданың 15 және 16-тармақтарында көзделген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған немесе өтініш осы Қағидада белгіленген талаптарды бұза отырып берілген жағдайда, уәкiлеттi орган өтініш және (немесе) өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін қосымша құжаттар мен есептер түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiшті қараудан уәжді түрде бас тартуды жібереді.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Өтініш түскеннен кейін уәкілетті орган кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының критерийлеріне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі немесе әзірленіп, бекітілген жобалық шешімдер және оларды өтініш берушінің сақтауы туралы қорытынды дайындау үшін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш пен оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға қарауға жібереді.

      Тиiстi мемлекеттiк органдардың қорытындылары уәкілетті органнан өтiнiш пен оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмесi алынған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкiлеттi органға берiлуге тиiс.

      18. Мемлекеттік органдардың қорытындылары алынған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган қорытындылар қоса берілген өтінішті комиссияның қарауына енгізеді.";

      20-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Комиссия кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы ұсыныс шығарған жағдайда уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді, онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:";

      24-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізілген кен орындары (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) жөнінде ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынатын қорлар туралы деректерді жыл сайын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға береді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады