"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қарашадағы № 434 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы N 155 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қарашадағы № 434 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қарашадағы № 434 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қарашадағы № 434 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 477-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулеттік кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Нокин                  - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Серік Кеңесұлы           үй-коммуналдық шаруашылық істері
                         агенттігінің төрағасы;

Арат                   - сәулетші,
Исодзаки                 Жапония (келісім бойынша);

Жан Нувель             - сәулетші,
                         Франция (келісім бойынша);

Платонов               - сәулет академигі, профессор, Ресей (келісім
Юрий Павлович            бойынша);

Роберт Стерн           - сәулетші, Америка Құрама Штаттары (келісім
                         бойынша);

      мына:
«Жүнісов               - «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы
Сәрсембек Ендібайұлы     департаменті» мемлекеттік мекемесінің
                         директоры - Астана қаласының бас сәулетшісі,
                         хатшы»
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Жүнісов               _ «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы
Сәрсембек Ендібайұлы    басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы
                        - Астана қаласының бас сәулетшісі, хатшы»;
      көрсетілген Кеңестің құрамынан К.О. Омаров, Б. Рикардо, Н. Фостер шығарылсын;
      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы ережеде:
      10-тармақтағы «жыл сайын қыркүйек айында» деген сөздер «жылына бір рет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады