Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1754 қаулысының қолданылуын тоқтата тұру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 161 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1754 қаулысының қолданылуын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1754 қаулысын қолдану 2010 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союға жол бермеу жөніндегі талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері 2010 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сою алаңдарын салуды және пайдалануға беруді аяқтауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады