"1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 180 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі,
ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен
олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      Астанада 2009 жылғы 21 мамырда қол қойылған 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, бұдан әрі Тараптар деп аталады,
      1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 24-бабына сәйкес,
      «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты бұдан әрі нығайтуға ұмтылысты растай отырып,
      екі мемлекеттің мүдделерін өзара құрметтеу қағидатына сүйене отырып,
      мына төмендегілер жайында келісімге келді:

1-бап

      Келісімнің 13-бабына мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      1) 1-тармақта «басқа да банктері» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 2-тармақта:
      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Байқоңыр қаласының аумағында жұмыс істейтін шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
      үшінші абзац алынып тасталсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Байқоңыр қаласының аумағында Қазақстан Республикасы банктерінің және шетел валютасымен айырбастау операцияларға ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаларының қызметін қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары жүзеге асырады.».

2-бап

      Осы Хаттама, Тараптардың хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді және Келісіммен бір мезгілде қолданылуын тоқтатады.

      Астана қаласында 2009 жылғы 21 мамырда әрқайсысы екі дана етіп қазақ және орыс тілдерінде жасалды, екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы                  Ресей Федерациясы
             үшін                                   үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады