Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 184 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына өз құзыреті шегінде жәрдемдесу;»;
      37) тармақшадағы «тапсыру» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
      «38) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;
      3) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      12-тармақтың 2) тармақшасында:
      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді;
      пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеуді жүзеге асыруды;
      отыз төртінші абзац «азаматтығы жоқ адамдарға» деген сөздерден кейін «, оның ішінде босқындарға» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      «пана іздеген адамдарды және босқындарды уәкілетті органның қабылданған шешімдерін не соттың заңды күшіне енген шешімдерін орындау үшін мәжбүрлеп шығарып жіберуді жүзеге асыруды;
      Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруды;».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады