"1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 наурыздағы N 195 Қаулысы

       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

      1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін, қаһармандығы мен қайсарлығын терең құрмет тұта отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен наградтау ережесі (бұдан әрі - Ереже);
      2) «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
      3. «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен Ережеге сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары; мүгедектері; оларға теңестірілген, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдар наградталсын.
      4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы «__» ________
№ ____ Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

«1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен наградтау
ЕРЕЖЕСІ

      1. Осы Ереже «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) наградтау тәртібін реттейді.
      2. Мерекелік медальмен:
      бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армиялар мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, азамат және Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын қимыл жасаушылары;
      іс-қимыл жасаған армиялар мен флоттың әскери қызметшілері, бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын қимыл жасаушылары, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майданда, ұрыс әрекеттерінің ауданында, темір жолдардың соғыс маңындағы учаскелерінде, қорғаныс шептерінің құрылыстарында, әскери-теңіз базалары мен аэродромдарда алған жарақат, контузия, мертігу немесе сырқаттану салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша әскери қызметшілерге теңестірілгендер;
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде алған жарақат, контузия, мертігу салдарынан немесе майданда болуына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
      жарақат, контузия, мертігу салдарынан не майданда болуына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
      1944 жылғы 1 қаңтардан бастап 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығында Украина КСР-нің, Белорусь КСР-інің, Литва КСР-інің, Латвия КСР-інің, Эстония КСР-інің аумақтарында жойғыш батальондардың, взводтардың және халықты қорғау жасақтарының командалық жауынгерлері  мен құрамы ішінен осы батальондарда, взводтарда, жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақат, контузия, мертігу салдарынан мүгедек болған адамдар;
      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтіліне есептелген қалаларда қызмет өткерген бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының адамдары;
      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армияның құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдарды атқарған не тиісті кезеңде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтіліне есептелген қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының әскерлері мен ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті құрамдағы адамдары;
      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армияның және флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полктар мен юнгалардың ұлдары (тәрбиеленушілері) ретінде болған адамдар;
      екінші дүниежүзілік соғыс жылдары шет елдердің аумақтарында партизандық жасақтардың, астыртын топтардың және басқа да антифашистік құралымдардың құрамында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы ұрыс әрекеттеріне қатысқан адамдар;
      Қатынас жолдары халықтық комиссариаты, Байланыс халықтық комиссариаты, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзетін құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамы, бұрынғы КСР Одағының Балық өнеркәсібінің халықтық комиссариаты, теңіз және өзен флотының арнайы құрылымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және ұрыстағы майдандардың, флоттардың жедел аймақтарының тылдық шекаралары шегінде майдандағы армия мен флоттың мүддесіндегі тапсырмаларды орындаған жұмысшылары, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының басында басқа мемлекеттің порттарында тұрған көлік флоты кемелерінің тұтқындалған экипаждарының мүшелері;
      құрсау кезеңінде Ленинград қаласында қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Құрсаудағы Ленинград тұрғынына» белгісімен наградталған азаматтар;
      концлагерлердің, геттолардың және екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары;
      Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр кезеңінде кемінде алты ай жұмыс (қызмет) істеген және жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар наградталады.
      3. Мерекелік медальмен наградталатын азаматтардың тізімін жасау  және бекіту мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      тізімдер осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес № 1 нысан бойынша осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген адамдардың ішінен азаматтарға;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Республикалық ұланының, Президентінің Күзет қызметінің орталық аппараттары осы органдарда есепте тұрған адамдарға;
      жергілікті атқарушы органдар - тұрғылықты жері бойынша.
      Тізімдерді жасауға жауапты лауазымды адамдар оларға қол қояды  және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бекітеді.
      Тізімдердің дұрыс жасалуы үшін жауаптылық органдардың басшыларына жүктеледі.
      4. «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалін тапсыру Қазақстан Республикасы Президентінің атынан  және тапсырмасы бойынша жүргізіледі. Медаль наградталушының тізімге енгізілген жері бойынша тапсырылады.
      Наградталған адамға медальмен қоса белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі.
      5. «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалі сол жақ омырауға тағылады және «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медалінен кейін орналасады.
      6. Мерекелік медальдің табыс етілгендігі туралы наградтау тізіміне тиісті жазба жазылады.
      Табыс етілмеген медальдар мен олардың куәліктері қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады.
      Мерекелік медальдің табыс етілгендігі туралы мәліметтерді осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес № 2 нысан бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2010 жылғы 1 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына ұсынады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы «__» ________
№ ____ Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

«1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы

      «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалі жезден дайындалады, диаметрі 32 мм шеңбер нысанында болады. Медальдің бет жағында I дәрежелі Даңқ орденінің бейнесі, жұлдыздың төменгі сәулелерінің арасында «1945 - 2010» цифрлары орналасқан.
      Медальдің сырт жағында, ортада «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» деген жазу бар.
      Медальдің шеттері өрнеумен жиектелген. Медальдағы барлық бейнелер, жазулар мен цифрлар бедерлі.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы қызыл түсті қатқыл жібек лентамен тысталған бес бұрышты тағанға жалғанады.
      Лентаның ені 24 мм. Лентаның ортасында бес жолақ бар: үш қара  және екі қызғылт сары түсті, әрқайсысының ені 2 мм. Шеткі қара жолақтары ені 1 мм қызғылт сары жолақтармен жиектелген.
      Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.

«1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы
Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен
наградтау ережесіне      
1-ҚОСЫМША           

№ 1 нысан

      Бекітемін
______________________________
(мемлекеттік органның басшысы,
қолы, мөрі)        

    «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл»
              мерекелік медалімен наградтау үшін
           ________________________________________ бойынша
                  (мемлекеттік органның атауы)
                           ТІЗІМ

Р/с № Тегі, аты, әкесінің аты Үйінің мекенжайы Тізімге енгізу үшін негіз Медальді тапсыру датасы
1 2 3 4 5

      Тізімнің жасалуына жауапты адамның
      Т.А.Ә., лауазымы
      (қолы)

«1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы
Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен
наградтау ережесіне      
2-ҚОСЫМША          

№ 2 нысан

     «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл»
         мерекелік медальдарының тапсырылғандығы туралы
           _______________________________________ бойынша
                 (мемлекеттік органның атауы)
                             ЕСЕП

Наградтау тізіміне енгізілгендердің барлығы Табыс етілген медальдар мен олардың куәліктерінің барлығы Қайтарылғаны Қалғаны
1 2 3 4

      Мемлекеттік органның басшысы
      (қолы, мөрі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады