Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызыл-Ағаш су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 197 Қаулысы

      2010 жылы 11 наурызда Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызыл-Ағаш су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызыл-Ағаш су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылсын.
      2. Комиссия жұмысқа тез арада кіріссін, топтық жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын жан-жақты тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген зиянның көлемін анықтасын, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Комиссияның жетекшісі В.К. Божко топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру нәтижелері мен зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 197 қаулысына    
қосымша        

Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызыл-Ағаш су қоймасы
бөгетінің бұзылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның
себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия

Божко                           - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович                 жағдайлар министрі, жетекші

Петров                          - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович                жағдайлар вице-министрі,
                                  жетекшінің орынбасары

Баталов                         - Қазақстан Республикасы Алматы
Амандық Ғаббасұлы                 облысы әкімінің орынбасары,
                                  жетекшінің орынбасары

Шолпанқұлов                     - Қазақстан Республикасының
Берік Шолпанқұлұлы                Қаржы вице-министрі

Кармазина                       - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауияқызы                  және бюджеттік жоспарлау
                                  вице-министрі

Күтербеков                      - Қазақстан Республикасының Көлік
Дулат Қазистайұлы                 және коммуникация вице-министрі

Жөргенбаев                      - Қазақстан Республикасы Бас
Мұхтар Әкебайұлы                  прокурорының орынбасары

Құсдәулетов                     - Қазақстан Республикасының
Дулат Рашитұлы                    Әділет вице-министрі

Оразаев                         - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Әбілахатұлы                 шаруашылығы вице-министрі

Садықов                         - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Болат Нұрмырзаұлы                 сақтау министрлігінің жауапты
                                  хатшысы

Орман                           - Қазақстан Республикасы Ауыл
Анарбек Оңғарұлы                  шаруашылығы министрлігі Су
                                  ресурстары комитетінің төрағасы

Әміров                          - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Мұхарам Серікұлы                  министрлігі Тергеу комитетінің
                                  төрағасы

Бисақаев                        - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Серікқали Ғұмарұлы                әлеуметтік қорғау министрлігі
                                  Бақылау және әлеуметтік қорғау
                                  комитетінің төрағасы

Абауов                          - Қазақстан Республикасы
Мұхаметжан Мейрамұлы              Премьер-Министрінің Кеңсесі
                                  Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық
                                  даму бөлімінің бас инспекторы

Данаев                          - Қазақстан Республикасы
Дәурен Төлегенұлы                 Төтенше жағдайлар министрлігі
                                  Алматы облысы Төтенше жағдайлар
                                  департаментінің бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады