2010 жылғы 11 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауданында Ми-817 тікұшағының құлауы салдарынан бір топ адамның қаза болу себептерін тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауданында Ми-817 тікұшағының құлауы салдарынан бір топ адамның қаза болу себептерін тексеру жөнінде үкіметтік комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кірісіп, тікұшақтың құлау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз етсін, қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссия басшысы Е.С. Дүйсембаев тікұшақтың құлауы салдарынан бір топ адамның қаза болу себептерін тексеру нәтижелері мен қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
4. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 16 наурыздағы
№ 206 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауданында
Ми-817 тікұшағының құлауы салдарынан бір топ
адамның қаза болу себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік
комиссияның құрамы
Дүйсембаев - Қазақстан Республикасының Көлік
Еркін Сейдеғалиұлы және коммуникация вице-министрі,
басшы
Оспанқұлов - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Төлеген Қапақұлы халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Бақылау және
әлеуметтік қорғау комитеті
төрағасының орынбасары - бас
мемлекеттік еңбек инспекторы,
басшының орынбасары
Әбденов - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
Серік Сақбалдыұлы бірінші орынбасары, басшының
орынбасары
Аққұлов - Қазақстан Республикасы Көлік және
Нұрлан Таныстанұлы коммуникация министрлігінің
авиациялық оқиғалар мен тосын
оқиғаларды тексеру басқармасының
бастығы
Нұрбатчанов - Қазақстан Республикасы Төтенше
Руслан Зауытқанұлы жағдайлар министрлігі Шығыс
Қазақстан облысы бойынша төтенше
жағдайлар департаментінің бастығы
Әбілқайыров - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Қайрат Қадірманапұлы халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Бақылау және әлеуметтік
қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан
облысы бойынша бас мемлекеттік
еңбек инспекторы
Шерубаев - Шығыс Қазақстан облысы Энергетика
Айтқазы Сейідұлы және коммуналдық шаруашылық
басқармасының бастығы
Иманбаев - Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық
Қайрат Мұсаұлы сақтау басқармасының бастығы
Түсіпова - «Шығыс Қазақстан облыстық
Нұржан Құрмантайқызы кәсіподақтар кеңесі» СОО-ның
төрайымы
Жөргенбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Мұхтар Әкебайұлы прокурорының орынбасары
Қазбеков - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Серік Ғабдоллаұлы министрлігі Тергеу комитеті
төрағасының орынбасары