Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 236 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 714 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.11.2017 № 714 қаулысымен.

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2010 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 26 наурыздағы
№ 236 қаулысына
қосымша

2010 жылы әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери қызметке
шақыруға жататын запастағы офицерлер саны

Р/с

Әскери-есептік мамандық

Саны

Офицер

1.

мотоатқыштар әскерлері

10

2.

танк әскерлері

10

3.

артиллерист

90

4.

әуе шабуылына қарсы қорғаныс радиотехникалық әскерлері

32

5.

зениттік-зымыран әскерлері

10

6.

метеоролог

12

7.

автомобиль әскерлері

7

8.

байланыс

65

9.

медициналық қызмет

28

10.

химиялық әскерлері

2

11.

инженерлік әскерлері

10

12.

тәрбие және құқықтық жұмыстар жөніндегі

17

13.

тіл маманы

5

14.

зымырандық-артиллериялық қару-жарақ

2

15.

Қазақстан Республикасының Әскери прокуратурасы үшін заңгер

10

16.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

70

17.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

26

БАРЛЫҒЫ

406


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады