Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының 2008 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивиденттер төлеу туралы шешім қабылдау және Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандығы дивидендтің мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 239 Қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 23 мекен-жайында орналасқан, деректемелері: салық төлеушінің тіркеу нөмірі 620200333937, «Қазақстанның Халық Банкі» акционерлік қоғамындағы жеке сәйкестендіру коды 034467207, Астана қаласы, банктік сәйкестендіру коды 195301603, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) қаржылық есептілігіне сәйкес Қордың 352336455000 (үш жүз елу екі миллиард үш жүз отыз алты миллион төрт жүз елу бес мың) теңгені құрайтын 2008 жылғы таза табысын бөлу тәртібі:
      8645160000 (сегіз миллиард алты жүз қырық бес миллион бір жүз алпыс мың) теңге - дивидендтер төлеуге жіберілсін;
      343691295000 (үш жүз қырық үш миллиард алты жүз тоқсан бір миллион екі жүз тоқсан бес мың) теңге - инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, борыштық міндеттемелерді өтеу және активтер сатып алу үшін Қордың және оның компанияларының иелігінде қалдырылсын;
      2) Қордың бір жай акциясына шаққанда 2008 жылғы дивидендтің мөлшері 2 (екі) теңге 52 (елу екі) тиын.
      2. Дивидендтер төлеу басталатын күн - осы қаулыға қол қойылған күн белгіленсін.
      3. Дивидендтер төлеу 10 (он) жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке 201301 бюджеттік сыныптама коды бойынша қолма-қол емес аудару жолымен ақшалай нысанда жүргізілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады