Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнің 16.10.2017 № 647 қаулысымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 38-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "10890" деген сандар "13613" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |