РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 17697 теңге мөлшерінде базалық лауазымдық айлықақы белгіленсін;
2) азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі – ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және (немесе) кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін.";
3-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады;".
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 647 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі
1. "Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 38-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 409 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 223-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1229 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 514-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1257 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 244 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 247-құжат).
7. "Базалық лауазымдық жалақының, түзету коэффициентінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына арналған жоғарылату коэффициентінің мөлшерлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 600-құжат).