Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 312 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 683 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитеті» деген бөліммен және реттік нөмірі 55-жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
      55. «Заң» медиа-корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 67 %»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитеті» деген бөлім мен реттік нөмірі 35-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады