Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 319 Қаулысы

      «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 16 сәуірдегі
№ 319 қаулысымен    
бекітілген       

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін
субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру тәртібін белгілейді.
      2. Субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) бойынша тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.
      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      2) іріктеу - 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты тапсырыс беруші-қатысушылар арасында бөлу үшін бағдарламаға қатысатын тапсырыс беруші-қатысушыларды айқындау;
      3) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
      4) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде куәландыратын рәсім;
      5) тапсырыс беруші - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау сатысындағы, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынған агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;
      6) тапсырыс беруші-қатысушылар - бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілер;
      7) тартылған консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
      8) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
      9) штаттағы консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушінің қызметкері.

2. Агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық
стандарттарын әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі
қызметтердің құнын субсидиялауға байланысты іс-шараларды
қаржыландыру тәртібі

      4. Агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыстарының құнын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға бөлінген қаражатты бөлу үшін бағдарламаның әкімшісі тапсырыс берушілер арасында іріктеу жүргізеді.
      5. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның бүкіл құнынан тапсырыс беруші-қатысушы шығынының 50 %-ынан аспайды.
      6. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілерді іріктеуді жүргізу үшін бағдарламаның әкімшісі:
      1) құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы бар комиссия құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ сан болуы және бес адамнан кем болмауы тиіс;
      2) облыстар, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі - басқармалар) ұсынған тізім бойынша барлық тапсырыс берушілерге шақыру жібереді.
      7. Бағдарламаның әкімшісі бағдарламаны іске асыруға қатысатын және мынадай өлшемдерге жауап беретін тапсырыс берушілерді іріктеуді жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлғалар үшін);
      2) Қазақстан Республикасының азаматы (жеке тұлғалар үшін);
      3) салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері бойынша берешегінің болмауы.
      8. Тапсырыс беруші енгізуді тартылған консультант қамтамасыз ететін халықаралық стандартты пайдаланады не кәсіпорынның құрылымында саны кемінде екі адам штаттағы қызметкерден тұратын сапа қызметі болғанда оны дербес енгізеді.
      9. Тартылған консультантқа қойылатын талаптар:
      1) штатында тиісті дипломдары, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттары және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесі бар халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сәйкестігін одан әрі растау саласындағы білікті мамандардың болуы (заңды тұлғалар үшін);
      2) тиісті дипломының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы (жеке тұлғалар үшін).
      10. Штаттағы консультантқа қойылатын талаптар:
      1) тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) тапсырыс берушінің сапа қызметінің қызметкері ретінде кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі.
      11. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тапсырыс берушілер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлға қол қойған, тапсырыс берушінің мөрі басылған, жабық конвертке салынған өтінімді комиссияға ұсынады.
      12. Тапсырыс беруші өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналарды қоса береді:
      1) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімде берілген салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері бойынша берешегінің болмауы немесе болуы туралы тиісті салық органының бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, тиісті салық органының мөрі басылған белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      3) консалтингтік (консультациялық) қызметтер көрсететін тапсырыс берушінің негізгі қызметкерлерінің түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса берілген байланыс ақпараты);
      4) тапсырыс беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) өтінімге тапсырыс берушінің бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда өтінімге қол қою құқығына арналған сенімхат;
      6) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      7) тартылған консультантпен жасалған халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді көрсетуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      8) тартылған консультантқа: заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері және жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      9) тартылған консультант туралы қысқаша ақпарат (компанияның даму тарихы, компания қызметінің негізгі бағыттары, халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша іске асырылған жобалар жөніндегі ақпарат, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындармен халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі);
      10) халықаралық стандарттарды енгізуді жүзеге асырған, тартылған консультанттың клиенттері туралы ақпарат (мекенжайы, байланыс телефондары, е-mail);
      11) консалтингтік қызметтер көрсететін, тартылған консультанттың негізгі қызметкерлерінің (заңды тұлғалар үшін) түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және тиісті дипломдардың, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса берілген байланыс ақпараты).
      Осы тармақтың 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды консультантты тартқан жағдайда тапсырыс беруші береді.
      13. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігілуі, нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің арғы жағындағы жіптің ұшы «___ парақ тігілді және нөмірленді. Күні 20__ жылғы ___ ____ деген сөздер жазылған қағаз парақпен желімделуі, тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және тапсырыс берушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген жекелеген құжаттар болған кезде мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және тапсырыс берушіге қайтарылады.
      14. Өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша 5 (бес) күн ішінде өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.
      15. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жекелеген отырыста тапсырыс берушілердің өтінімдерін олардың толықтығы мен осы Ереженің талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.
      16. Осы Ереженің талаптарына толығымен сәйкес келетін тапсырыс берушілер комиссияның шешімімен тапсырыс берушілер-катысушылар болып белгіленеді.
      17. Шығындарды субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру үшін әрбір тапсырыс беруші-қатысушыға бөлінетін қаражат көлемінің үлесін комиссия халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның барлық құнынан тапсырыс беруші шығындарының сомаларына тікелей бара-бар түрде белгілейді.
      18. Комиссия отырысында ұсынылған құжаттарды қарау және өтінімдерді бағалау хаттамасы (бұдан әрі - комиссия отырысының хаттамасы) жүргізіледі. Комиссия шешімінің нәтижелері комиссия отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс, онда тапсырыс беруші-қатысушылардың атауы, орналасқан жері, негізінде тапсырыс беруші-қатысушылар айқындалған өлшемдер, тапсырыс беруші-қатысушыларға бөлінетін субсидиялардың көлемі, сондай-ақ өтінімдердің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін тапсырыс берушілердің атауы көрсетіледі.
      19. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде ресімделеді, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды. Комиссия шешімі барлық тапсырыс берушілерге жазбаша хабарланады.
      20. Тапсырыс беруші-қатысушыларды хабарландырған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде бағдарлама әкімшісі мен тапсырыс беруші-қатысушы арасында қаражат аудару тәртібі мен талаптарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін шарт жасалады.
      21. Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыс тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс.
      22. Субсидиялар алу үшін тапсырыс беруші-қатысушы бағдарламаның әкімшісіне мынадай растайтын құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға жұмсалған тапсырыс беруші-қатысушының шығындарын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға арналған өтінімді;
      2) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған, орындалған жұмыстар актілерінің (бухгалтерлік) нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      3) сәйкестікті растау жөніндегі орган мен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған жұмыстар актілерінің (бухгалтерлік) нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      4) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтеріне тапсырыс беруші-қатысушының ақы төлегені туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың тапсырыс беруші-қатысушының мөрі мен қолы қойылған көшірмелерін не қызметтерге ақы төленгенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелерін;
      5) сапа сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмелерін.
      23. Осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырыс беруші-қатысушы бағдарлама, әкімшісіне тиісті жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.
      24. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі растайтын құжаттарды қарағаннан кейін осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада субсидиялар төлеу ведомосын және төлеуге арналған шоттарды қалыптастырады.
      25. Тапсырыс беруші-қатысушыларға субсидияларды төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелеріне төлеуге арналған шоттардың тізілімін екі данада және төлеуге арналған шотты ұсынады.
      26. Іріктеуді жүргізу кезінде қаражат толық бөлінбей қалған жағдайда, сондай-ақ тапсырыс беруші-қатысушылар бөлінетін субсидиядан бас тартқан жағдайда, бағдарламаның әкімшісі іріктеудің жүргізілетін күні мен орнын бекіте отырып, қайта іріктеу жүргізеді.
      Қайта іріктеу осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.
      27. Бюджеттік бағдарламаның нәтижесіне жетпегені үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тартылады.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін
басқару жүйелерін субсидиялауға 
байланысты іс-шараларды    
қаржыландыру ережесіне    
1-қосымша          

Өтінім

_____________________________________________________________________(тапсырыс берушінің атауы)

051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді.

      1. Бағдарламаны іске асыруға қатысушы туралы мәліметтер
Толық атауы _________________________________________________________
Заңды мекен-жайы ____________________________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефондары, факсы, электрондық мекен-жайы
_____________________________________________________________________
Жарғылық капиталының мөлшері, теңге _________________________________
Меншікті капиталының мөлшері, теңге _________________________________
Құрылтайшылар _______________________________________________________
Банктік деректемелері _______________________________________________
Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары
_____________________________________________________________________
Негізгі қызметінің түрі _____________________________________________
Жылдық айналымы, сомасы _____________________________________________
Қызметкерлердің іс жүзіндегі саны ___________________________________

      2. Тартылған консультанттың қысқаша сипаттамасы
Толық атауы _________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу, енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі
_____________________________________________________________________
Сертификат алған кәсіпорындардың саны _______________________________
Заңды мекен-жайы ____________________________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефондары, факсы, электрондық мекен-жайы
_____________________________________________________________________
Құрылтайшылар _____________________________________________________________________
Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары
_____________________________________________________________________
Қызметкерлердің саны ________________________________________________

      3. Жобаның қысқаша сипаттамасы
Жобаның жалпы құны ________________________________________________ ;
Төлем шарттары ______________________________________________________
Жоба бойынша жұмыстардың басталған және аяқталған күні ______________

Р/с

Жұмыстардың кезеңдері мен түрлерінің атауы

Құны (теңге)

Жұмыстардың басталған және аяқталған күні

Оның ішінде орындалған жұмыстардың актісі ұсынылды





















4. Жобаны іске асырудан жоспарланатын нәтижелер _____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________________                               ____________________  (лауазымы, Т:А Ә)               м.о                   (қолы, күні)

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін
басқару жүйелерін субсидиялауға 
байланысты іс-шараларды     
қаржыландыру ережесіне     
2-қосымша            

Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау
жөніндегі тапсырыс беруші-қатысушының шығындарын субсидиялауға
байланысты іс-шараларды қаржыландыруға арналған
өтінім

Күні 20__ж.__ _________

      Осымен тапсырыс беруші-қатысушы _______________________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 200__ жылғы _____ № ___ халықаралық стандарттар әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын бюджеттік субсидиялау туралы шартқа сәйкес 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша тапсырыс берушінің (банк атауы) № _________ шотына республикалық бюджеттен _________ теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.

____________________        м.о.         ___________________________
(кәсіпорынның атауы)                 (кәсіпорынның бірінші басшысының
                                          қолы мен Т.А.Ә.)

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін
басқару жүйелерін субсидиялауға 
байланысты іс-шараларды     
қаржыландыру ережесіне     
3-қосымша             

«Бекітемін»         
Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
жауапты хатшысы      
_______________________________
20___ жылғы «___» ______ № _____

051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін
субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша
субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Р/с

Тапсырыс берушінің атауы

Субсидиялауға арналған шарттың № және күні

Барлық көрсетілген қызметтер сомасы (теңге)

Оның ішінде

Төлеуге жататыны (теңге)

консультациялық

сертификаттық

















      Төлеуге жататын сома ____________________________________ теңге
                                    (цифрмен, жазбаша)

      Қайта өңдеу өнеркәсібін
      және аграрлық азық-түлік нарығын
      дамыту департаментінің директоры               ________________

      Қаржылық қамтамасыз ету                        ________________
      департаментінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады