Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 338 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

       «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 382-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесінде:
      2-тармақтың 5) тармақшасында «сараптама жасауды» деген сөздерден кейін «және сынауды» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтағы «сонылығын, ерекшелігін, біртектілігін және тұрақтылығын» деген сөздер «патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Патент қабілеттілігі мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.»;
      23-тармақта:
      бірінші абзацтағы «және фитосанитариялық» деген сөздер «немесе фитосанитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «құжаттармен» деген сөзден кейін «, фитосанитариялық сертификатпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.»;
      35-тармақтың 4) тармақшасындағы «деректер банкі түрінде» деген сөздер «деректер банкінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Өтінім берушінің деректері бойынша сортты шаруашылық пайдалылығына сынау кезінде белгілер кешені бойынша егістік сынаулар және сортты морфологиялық белгілері бойынша сәйкестендіру мынадай жағдайларда жүргізілмейді, егер:
      1) өтінім беруші рұқсат беруге ұсынылатын топырақ-климаттық параметрлері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жағдайларына ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сортын сынаудың оң нәтижелерін растайтын құжаттаманы бергенде;
      2) өтінім беруші берген ауыл шаруашылығы өсімдігінің сортын сынау нәтижелері түсімділігі бойынша стандарттан жоғарлылығы, негізгі ауруларға төзімділігі стандарт деңгейінде екендігін немесе сортты пайдалану мақсатын анықтайтын айрықша шаруашылық бағалы белгілері болғандығы туралы куәландырады.»;
      46-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «Кез келген мүдделі тұлға өтінім туралы мәліметтер жарияланған күнінен бастап алты ай ішінде Мемлекеттік комиссияға мәлімделген селекциялық жетістікке қатысты талабын жібере алады.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады