Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін басқару жүйесін жетілдіру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 357 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының пакеттері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сенімді басқаруға берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.

      2) "Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1068 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 306-құжат):

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековті Директорлар кеңесінің төрағасы етіп "Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының;";

      7) тармақшадағы "(қадағалау кеңестерінің)" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Павлович Рауды "Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының".

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады