Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Intergas International В. V.» компаниясына сатып алу-сату шартын жасасу арқылы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының пайдасына «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы акциялары пакетінің 100 %-ын иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов