"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы - "Темірбанк» акционерлік қоғамының акцияларын сатып алуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 372 Қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен 23500000000 (жиырма үш миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайтын сомаға «БТА Банк» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы - «Темірбанк» акционерлік қоғамының жай акцияларын сатып алсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады