Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясына Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін - 1984 (WGS-84) енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 376 Қаулысы

      «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан) ережелеріне сәйкес азаматтық авиацияның халықаралық стандарттарын енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық авиациядағы аэронавигация мақсаттары үшін көлденең жазықтықта есептеу (геодезиялық) жүйесі ретінде Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін - 1984 (WGS-84) пайдалану, тік жазықтықта есептеу жүйесі ретінде негіз есебінде қабылданған теңіздің орташа деңгейін (MSL) пайдалану болып белгіленсін;
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігімен келісім бойынша:
      Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 4, 11, 14, 15-қосымшаларына сәйкес дәлдікпен және айыру қабілетімен Қазақстан Республикасының әуе трассалары мен әуеайлақтары жөніндегі аэронавигациялық деректерді осы қаулының 1-тармағына сәйкес анықтау мен жариялауды қамтамасыз етсін;
      осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де іс-шаралар қабылдансын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады