Қазақстан Республикасының спортшылары - 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына төленетін біржолғы төлемдер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 379 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес және Ванкувердегі (Канада) 2010 жылғы XXI қысқы Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының спортшыларын көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1059 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына біржолғы төлемдерді жүзеге асыру үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 55822000 (елу бес миллион сегіз жүз жиырма екі мың) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 5 мамырдағы
№ 379 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасының спортшылары - 2010 жылғы Ванкувер
қаласындағы (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарының
жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына төленетін
біржолғы төлемдер

Р/с

Орын

Спорт түрі

Жарыс бағдарламасы

Спортшының Т.А.Ә.

2010 жылғы Ванкувер қаласындағы (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарындағы  Қазақстан Республикасының жүлдегерлеріне төленетін біржолғы төлемдер

Жаттықтырушының Т.А.Ә.

2010 жылғы Ванкувер қаласындағы (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан Республикасы жүлдегерлерінің жаттықтырушыларына төленетін біржолғы төлемдер

Барлығы доллармен

Барлығы теңгемен

доллар

теңге

доллар

теңге

1

2-орын

биатлон

15 км. жеке сайыс

Хрусталева Елена Владимировна

150000

22035000

Смирнов Виктор Борисович

150000

22035000

300000

44070000

2

5-орын

биатлон

7,5 км. спринт

Хрусталева Елена Владимировна

10000

1469000

Смирнов Виктор Борисович

10000

1469000

20000

2938000

3

5-орын

шаңғы жарысы

командалық спринт

Полторанин Алексей Юрьевич

10000

1469000

Наконечный Алексей Александрович

10000

1469000

20000

2938000

4

5-орын

шаңғы жарысы

1600 метрге спринт

Полторанин Алексей Юрьевич

10000

1469000

Наконечный Алексей Александрович

10000

1469000

20000

2938000

5

5-орын

шаңғы жарысы

командалық спринт

Чеботько Николай Сергеевич

10000

1469000

Васильев Виктор Петрович

10000

1469000

20000

2938000





Жалпы:





190000

27911000



190000

27911000

380000

55822000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады