Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 802 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 408 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының және психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 802 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Ахметұлы Мусиновқа» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Акрамұлы Әубәкіровке» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады