Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
2-тармақ «Ішкі істер министрлігі,» деген сөздерден кейін «Президенттің Күзет қызметі,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар тізбесінің өзгеруі туралы хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов