Электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен тауарларды өткізу тәртібі туралы келісімге қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 432 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1282 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.03 № 1282 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен тауарларды өткізу тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.16 № 594 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      2. Электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен тауарларды өткізу тәртібі туралы келісімге қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 432 қаулысымен  
мақұлданған   

жоба

Электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен
тауарларды өткізу тәртібі туралы
келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен тауарларды өткізу тәртібі туралы келісімге қол жеткізу мақсатында,
      Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы 2007 жылғы 6 қазандағы шарттың және Кеден одағының кеден кодексі туралы 2009 жылғы 27 қарашадағы шарттың ережелеріне негізделе отырып,
      халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Келісімнің мәні

      Осы Келісім кедендік бақылауда тұрған тауарларды электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен кеден одағының кедендік аумағына әкелу, осы аумақтан әкету және кеден одағының кедендік аумағы бойынша өткізу тәртібін, оның ішінде құбыржол көлігін пайдалана отырып аралас тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі оларды кедендік декларациялау, сондай-ақ мұндай тауарлар үшін кедендік транзит кедендік рәсімін пайдалану ерекшеліктерін айқындайды.

2-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын негізгі терминдер

      1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1) тасымалдаушы - құбыржол көлігін пайдалану және (немесе) өткізуге (өткізуді ұйымдастыруға) арналған шарт (шарттар) бар болған жағдайда тауарларды құбыржол көлігімен өткізуге, сондай-ақ құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды бақылау мен есепке алуға жауапты болып табылатын тұлға;
      2) оператор — электр беру желілерін пайдалану және (немесе) өткізуге (өткізуді ұйымдастыруға) арналған шарт (шарттар) бар болған жағдайда тауарларды электр беру желілері бойынша өткізуге, сондай-ақ электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды бақылау мен есепке алуға жауапты болып табылатын тұлға;
      3) тауарды өткізу туралы акт - тасымалдаушы (оператор) электр беру желілері және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есептеу аспаптарының негізінде ресімдейтін, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) кедендік бақылауда тұрған тауарларға қатысты жасалатын, мынадай мәліметтері бар құжат:
      - құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар үшін:
      акті жасау нөмірі мен күні;
      есептеу аспабының атауы мен оның тіркеу нөмірі (құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды қоспағанда);
      есептеу аспаптарын орнату орнының атауы;
      есептеу аспаптарын орнату иесінің (кәсіпорынның) атауы (құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газ бен мұнайды қоспағанда);
      көрсеткіштерді алу уақыты мен күні (кезеңі);
      тауарды өндіруші (құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды қоспағанда);
      тауарды алушы (алушылар) (құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды қоспағанда);
      тауарды жөнелтуші (жөнелтушілер) (құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды қоспағанда);
      кедендік декларацияның нөмірін (құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды қоспағанда);
      техникалық регламенттерге және ұлттық стандарттарға сәйкес тауардың физика-химиялық сипаттамалары (құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды қоспағанда);
      өткізілген тауардың саны;
      - электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлар үшін:
      актінің нөмірі мен жасалған күні;
      есептеу аспабының атауы мен оның тіркеу нөмірі;
      есептеу аспаптарын орнату орнының атауы;
      есептеу аспаптарын орнату орны иесінің (кәсіпорынның) атауы;
      электр беру желілерінің атауы;
      көрсеткіштерді алу уақыты мен күні (кезеңі);
      өткізілген тауардың саны;
      4) электр энергиясын сыртқы сауда шарты бойынша іс жүзінде жеткізу туралы акт — кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты ресімделген, электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есептеу аспаптарының көрсеткіштері негізінде ресімделетін, мынадай мәліметтері бар құжат:
      актінің нөмірі мен жасалған күні;
      сыртқы сауда шартының нөмірі мен күні;
      жеткізу кезеңі;
      өткізілген тауардың саны;
      тауарлардың шығарылған елі;
      тауарды экспорттаушы (импорттаушы);
      тауардың межелі елі;
      5) табиғи газды іс жүзінде жеткізу туралы акт - кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін табиғи газға қатысты ресімделген, өлшеулерді жүргізу табиғи газды тасымалдаудың технологиясымен шартталған және (немесе) сыртқы сауда шартының (сыртқы сауда шарттарының) шарттарымен айқындалған, оның негізінде осындай өткізу жүзеге асырылатын, мынадай мәліметтері бар құжат:
      актінің нөмірі мен жасалған күні;
      сыртқы сауда шартының нөмірі мен күні;
      жеткізу кезеңі;
      өткізілген тауардың саны;
      тауарды экспорттаушы (импорттаушы);
      6) орталық кеден органы - беларусь тарапынан - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, қазақстандық тараптан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті - ресей тарапынан - Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі;
      7) әкелу орындары - электр беру желілері бойынша және (немесе) құбыржол көлігімен өткізілетін, Кеден одағы кеден кодексінің 337-бабына сәйкес айқындалған және кеден одағының немесе шекаралас мемлекеттің аумағында орналасқан, олардың көрсеткіштерінің негізінде электр беру желілері бойынша және (немесе) құбыржол көлігімен әкелінген тауарлардың саны айқындалатын, тауарларды есептеу аспаптарын орнату орындары;
      8) әкету орындары - электр беру желілері бойынша және (немесе) құбыржол көлігімен өткізілетін, Кеден одағы кеден кодексінің 337-бабына сәйкес айқындалған және кеден одағының немесе шекаралас мемлекеттің аумағында орналасқан, олардың көрсеткіштерінің негізінде электр беру желілері бойынша және (немесе) құбыржол көлігімен әкетілген тауарлардың саны айқындалатын, тауарларды есептеу аспаптарын орнату орындары;
      9) жөнелту орны - мұндай тауарларды өткізу аумағынан басталатын кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында орналасқан, құбыржол көлігімен өткізілетін, 335-баптың 5-тармағының немесе 336-баптың 4-тармағының талаптарын ескере отырып айқындалған тауарларды есептеу аспаптарын орнату орны;
      10) межелі орны - мұндай тауарларды өткізу аумағынан аяқталатын кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында орналасқан, құбыржол көлігімен өткізілетін, 335-баптың 6-тармағының немесе 336-баптың 4-тармағының талаптарын ескере отырып айқындалған тауарларды есептеу аспаптарын орнату орны;
      11) аралас тасымалдау - тауарларды кейіннен көліктің өзге түрлеріне қайта тиеумен тауарларды құбыржол көлігімен тасымалдау, сондай-ақ кейіннен құбыржол көлігіне қайта тиеумен құбыржол көлігінен өзге көлікпен тауарларды тасымалдау;
      2. Осы Келісімде пайдаланылатын өзге де терминдер Кеден одағының кеден кодексінде айқындалған мәндерде пайдаланылады.
      3. Егер тауарды өткізу туралы актіде, электр энергиясын сыртқы сауда шарты бойынша іс жүзінде жеткізу туралы актіде немесе табиғи газды іс жүзінде жеткізу туралы актіде осы баптың 1-тармағының 3), 4)  және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер жоқ болса жетіспейтін мәліметтер жеке құжаттар түрінде осы құжаттармен бірге ұсынылуы мүмкін.
      Егер, әкелу, әкету, жөнелту немесе межелі орындарында тауарды тасымалдаушыдан (оператордан), басқа тасымалдаушыға (операторға) немесе тауарларды алушыға, немесе тауарларды жөнелтушіден тасымалдаушыға (операторға) немесе тауарларды алушыға беру-қабылдау жүзеге асырылса, тауарды өткізу туралы акті ретінде тауарды беру-қабылдау актісі қолданыла алады.

3-бап
Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік
декларациялау

      1. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау, оның ішінде құбыржол көлігін пайдалана отырып, аралас тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде, тауарларды кедендік декларациялау үшін қажетті алдын-ала (бағдарлы) мәліметтері бар кедендік декларацияны беруге жол беріледі.
      Алдын ала (бағдарлы) мәліметтері бар кедендік декларацияны беру кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін мерзімдерде және тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен, оның ішінде мәлімделген кедендік рәсіміне сәйкес жөнелту орнынан, сондай-ақ әкету орнынан шығарылған тауарларды жеткізуді тасымалдаушы жүзеге асыратын уақыт кезеңі шектелуі мүмкін.
      3. Декларант, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін мерзімдерде және тәртіппен құбыржол көлігімен іс жүзінде өткізілген тауарлар туралы нақты мәліметтері бар кедендік декларацияны беруге міндетті.
      Көрсетілген кедендік декларацияны беру кезінде декларант, оның аумағында құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есептеу аспаптары орналасқан кеден одағына мүше мемлекет кеден органының белгілері бар, кеден одағының кедендік аумағынан әкетуді, кеден одағының кедендік аумағына әкелуді немесе кеден одағының аумағы бойынша өткізуді растайтын:
      1) шетелдік тауарлардың транзиті кезінде әкелу орнында немесе  әкету орнында;
      2) тауарларды әкету кезінде жөнелту орнында немесе әкету орнында;
      3) кеден одағының ішінде өткізу кезінде жөнелту орнында және межелі орнында;
      4) тауарларды әкелу кезінде әкелу орнында және межелі орнында;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы кеден одағының аумағы арқылы тауарларды өткізу кезінде әкету орнында және әкелу орнында жасалған тауарды өткізу туралы акттерді (табиғи газды қоспағанда) ұсынуға міндетті.
      Табиғи газға қатысты көрсетілген кедендік декларацияны беру кезінде декларант табиғи газды іс жүзінде жеткізу туралы акті ұсынуға міндетті.
      Тауарды өткізу туралы актіде бар мәліметтердің дұрыстығы үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тасымалдаушы жауапкершілікте болады.
      4. Тасымалдаушы декларанттың жазбаша өтініші бойынша осы баптың 3-тармағымен көзделген кеден одағына мүше мемлекет кеден органының белгілері бар оған декларанттың қатысы бар, әкелу орнында, әкету орнында, жөнелту орнында, межелі орнында ресімделген, осы тауарды декларациялаудың мақсаттары үшін қажетті, тауарды өткізу туралы акттерді (табиғи газды қоспағанда) ұсынуға міндетті.
      5. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік декларацияны толтыру ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.
      6. Кедендік декларациялау кезінде декларацияланатын тауарлар туралы алдын ала (бағдарлы) мәліметтері бар декларацияны пайдалану кедендік бақылауды жүзеге асыруға кедергі болмау керек, сондай-ақ декларантты кеден одағының кеден заңнамасында, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасында белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтаудан босатпау керек.
      7. Кеден органдары құбыржол көлігімен өткізілетін, оның ішінде құбыржол көлігін пайдаланумен аралас тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде тауарларды кедендік декларациялау тәртібін біріздендіру бойынша шараларды қабылдайды.

4-бап
Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды беру

      1. Мұндай беру тауарларды өткізу үшін қажеттілігі шарты кезінде бір тасымалдаушыдан екінші тасымалдаушыға кеден одағының аумағы бойынша құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды беруге жол беріледі.
      Тауарды беру-қабылдау актісі кедендік мақсаттар үшін мұндай беруді растайтын құжат болып табылады.
      2. Көліктің өзге түрлеріне арналған құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды қайта тиеуге мұндай жүк операциясы оның қызмет саласында жүзеге асырылатын кеден органының жазбаша рұқсатымен жол беріледі.

5-бап
Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзиті

      1. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзиті осы бапта көзделген ерекшеліктерді есепке ала отырып жүргізіледі.
      2. Кедендік транзит құбыржол көлігімен:
      1) шетелдік тауарлар әкелу орнынан әкету орнына дейін;
      2) шетелдік тауарлар әкелу орнынан межелі орнынан дейін;
      3) шетелдік тауарлар, сондай-ақ бұл Кеден одағы кеден кодексінің 215-бабының 5-тармағына сәйкес көзделген болса, жөнелту орнынан әкету орнына дейін;
      4) шетелдік тауарлар жөнелту орнынан межелі орнына дейін;
      5) Кеден одағының тауарлары кеден одағының мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы әкету орнынан әкелу орнына дейін өткізілген кезде пайдаланылады.
      3. Егер кеден одағының кедендік аумағына әкелінгенге дейін олар өзге кедендік рәсімге орналастырылған жағдайда, кедендік транзит тауарларды құбыржол көлігімен әкелінген кезде қолданылмайды.
      4. Егер өзге кезең кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделмесе, тауарларды құбыржол көлігімен өткізудің есепті кезеңі бір күнтізбелік айдан аспауы тиіс.
      5. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды кедендік декларациялауды Кеден одағы кеден кодексінің 186-бабының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар немесе тасымалдаушы жүзеге асырады.
      Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты транзиттік декларация, өткізуге (өткізуді ұйымдастыруға) арналған шарт (шарттар) бар болған жағдайда, көрсетілген тасымалдаушы кеден одағына мүше мемлекетте тіркелген, кеден одағына бірнеше мүше мемлекеттердің аумағы арқылы құбыржол көлігімен тауарларды өткізуге жауапты тасымалдаушының қалауы бойынша берілуі мүмкін.
      6. Құбыржол көлігімен өткізілетін және кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларациялауды жүзеге асыратын тұлға осы Келісімнің 4-бабының ережелерін ескере отырып алушыға осындай тауарлардың жеткізілуін қамтамасыз ету қажет.
      Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар транзитінің мерзімін ұзарту кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде транзиттік декларация тауарларға арналған декларацияның нысанында болады.
      8. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік рәсімі:
      1) егер бұл Кеден одағы кеден кодексінің 215-бабының 5-тармағына сәйкес көзделген болса әкелу орнынан немесе жөнелту орнынан әкету орнына дейін шетелдік тауарларға, сондай-ақ кеден одағының тауарларына қатысты - тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетуден кейін және кеден органы іс жүзінде өткізілген тауарлар туралы нақты мәліметтері бар кедендік декларацияда кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталғаны туралы белгіні қойғаннан кейін;
      2) жөнелту орынан немесе әкелу орнынан межелі орнына дейін өткізілетін (тасымалданатын) шетелдік тауарларға қатысты - тауарларды межелі орнында Кеден одағының кеден кодексіне сәйкес құбыржол көлігімен іс жүзінде өткізілген тауарлар туралы нақты мәліметтері бар кедендік декларацияны беру үшін белгіленген мерзім шеңберінде кедендік рәсімдерге орналастырумен;
      3) әкету орнынан әкелу орнына дейін өткізілетін тауарларға қатысты - тауарлар кеден одағының кедендік аумағына әкелінгеннен кейін  және кеден органы кедендік декларацияда іс жүзінде өткізілген тауарлар туралы нақты мәліметтері бар кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталғаны туралы белгіні қойғаннан кейін аяқталады.
      9. Тауарларды құбыржол көлігімен өткізгенде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Кеден одағы кеден кодексінің 215-бабының 6-тармағының, 216-бабының 3), 5)-7) тармақшаларының, 218 - 221-баптарының, 222-бабының 1-тармағының, 225-бабының, 227-бабының 2), 3), 6) тармақшаларының, 228-бабының 2) және 3) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.
      10. Құбыржол көлігінен өзгеше көліктің өзге түріне қайта тиелген құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзиті Кеден одағы кеден кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      11. Кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты әкелу кедендік бажын төлеу бойынша міндеттеме декларантта кеден органы кедендік декларацияны тіркеген сәттен пайда болады және тоқтатылады:
      1) осы рәсімнің қолданылуы кезінде әкелу кедендік бажын, салықты төлеу мерзімі келген уақытты қоспағанда осы баптың 8-тармағына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталған кезде;
      2) кеден одағы кеден кодексінің 80-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда.
      12. Егер құбыржол көлігімен өткізілетін және кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан әкетілмесе және нақты құбыржол көлігімен өткізілген тауарлар туралы дәл мәліметтері бар декларацияны беру үшін белгілеген мерзім шегінде кедендік транзит кедендік рәсімінен өзгеше өзге кедендік рәсіміне орналастырылмаса әкелу кедендік баждарды, салықты төлеу мерзімі болып оған сәйкес тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған алдын ала (болжалды) мәліметтері бар кедендік декларацияны кеден органдары тіркеген күн есептеледі.
      13. Әкелу кедендік баждары, салықтар оған сәйкес тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған алдын ала (болжалды) мәліметтері бар кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге есептелген, тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік транзитіне орналастыру кезінде төленуге жататын әкелу кедендік баждарының сомаларына сәйкес келетін мөлшерлерде төленуге жатады.
      14. Құбыржол көлігімен өткізілетін және кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған кеден одағы тауарларын қатысты әкелу кедендік бажын төлеу бойынша міндеттеме тоқтатылады:
      1) осы рәсімнің қолданылуы кезінде әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 8-тармағына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталған кезде;
      2) Кеден одағы кеден кодексінің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда.
      15. Егер тауарлар кеден одағының кедендік аумағына әкелінбесе немесе нақты құбыржол көлігімен өткізілген тауарлар туралы дәл мәліметтері бар кедендік декларацияны беру үшін белгіленген мерзім шегінде кедендік транзиттен өзгеше өзге кедендік рәсімге орналастырылмаса әкету кедендік баждарын төлеу мерзімі болып, оған сәйкес туарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған алдын ала (болжалды) мәліметтері бар кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күн есептеледі.

6-бап
Электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды кедендік
декларациялау

      1. Электр желілері бойынша өткізілетін тауарларға қатысты кедендік декларацияны толтыру ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясы шешімдері және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.
      2. Кеден органдары электр желілері бойынша өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау тәртібін ізге түсіру жөніндегі шараларды алдын ала қабылдайды.
      3. Энерго жүйелерінің қосарлас жұмыс істеуімен негізделген электр энергиясының жоспардан тыс (технологиялық) ағымын кедендік декларациялаудың ерекшеліктері кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

7-бап
Электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлардың
кедендік транзиті

      1. Электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылуға жатпайды. Бұл ретте, мұндай тауарларды әкелу орнынан әкету орнына дейін, әкету орнынан әкелу орнына дейін өткізудің есептілік кезеңі бір күнтізбелік айдан аспауы тиіс.
      2. Кеден одағының тауарларын әкету орнынан әкелу орнына дейін кеден одағына мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы электр беру желілері бойынша өткізу кезінде аумағынан тауарды жөнелту жүзеге асырылатын кеден одағына мүше мемлекеттің жөнелтушісі (жөнелтушілері) және аумағына тауарды әкелу жүзеге асырылатын кеден одағына мүше мемлекеттің алушысы (алушылары) тауарды өткізу айынан кейінгі айдың соңғы күніне дейін аумағында жөнелтуші (жөнелтушілер) және (немесе) алушы (алушылар) тіркелген кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті кедендік органына (кеден органдарына) мынадай мәліметтері бар өтінішті ұсынуға міндетті:
      электр желілері бойынша өткізілген тауарларды жөнелтуші және алушы туралы;
      сыртқы экономикалық шарттың нөмірі мен күні;
      жеткізу кезеңі;
      өткізілген тауардың саны;
      тауарлардың шығарылған елі;
      есепке алу құралдарын қондыру орнының және (немесе) тапсыру-қабылдап алу пунктінің (пункттерінің) атауы.

8-бап
Электр беру желілері және құбыржол көлігімен өткізілетін
тауарларды бақылау

      1. Электр беру желілері және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
      1) оператор жеткізу күнтізбелік айынан кейінгі айдың 5 (бесі) күніне дейін, ал тасымалдаушы 15 (он бесі) күніне дейін қызметі өңірінде электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары тұрған, тауарларды кеден одағының кедендік аумағы шегінде құбыржол көлігінен өзгеше өзге көлік түріне қайта тиеу орындарында қондырылған кеден органдарына тауарларды өткізу туралы актілерін ұсынуға міндетті;
      2) қызметі өңірінде электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары қондырылған кеден органдары 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тауарларды өткізу туралы актіге кеден одағының кедендік аумағы шегінен әкетуді, кеден одағының кедендік аумағына әкелуді немесе кеден одағының аумағы бойынша өткізуді растайтын белгіні қояды және мұндай актілерді тасымалдаушыға (операторға) қайтарады;
      3) тасымалдаушы табиғи газды шекаралас мемлекеттің аумағы бойынша өткізуге шарт (шарттар) жасаған жағдайда, мұндай тасымалдаушы есептіден кейінгі айдың 20 (жиырмасы) күніне дейін, тасымалдаушы тіркелген кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органына аталған шартқа (шарттарға) сәйкес ресімделген табиғи газды шекаралас мемлекеттің аумағы арқылы өткізу туралы актіні тасымалдаушы тіркелген кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органына ұсынады.
      Табиғи газды шекаралас мемлекеттің аумағы арқылы өткізу туралы актіде есептілік айда шекаралас мемлекеттің аумағына әкелінген және оның аумағынан әкетілген табиғи газдың саны және шығарылған елі туралы деректері болуы тиіс.
      2. Электр беру желілері бойынша және құбыржолы көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарын орналастыру жерлерінде кедендік бақылау аумағында осындай тауарларды есепке алу құралдары бар кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органдары жүзеге асырады.
      Кеден органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары басқа кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тұрған электр беру желілері бойынша және құбыржолы көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары қондырылған жерлерде, аумағында осындай есепке алу құралдары бар кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асыруға қатысуға құқылы.
      Басқа кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарындағы электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары қондырылған жерлерде кеден органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары кедендік бақылауды өткізуі алдын ала (10 (он) жұмыс күнінде) аумағында осындай құралдар бар кеден одағына мүше мемлекеттің орталық кеден органына жазбаша мәлімдеумен жүзеге асырылады. Кедендік бақылауды өткізу нәтижесі бойынша кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалған нысанда акт жасалады.
      3. Электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары қондырылған объектінің иесі, не ол уәкілеттік берген тұлға кеден органының лауазымды тұлғасына осы баптың 2-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін кеден одағының кедендік аумағындағы электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарына рұқсатты қамтамасыз етеді.

9-бап
Бірдейлендіру құралдары

      1. Электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарының көрсеткіштеріндегі ақпаратты өзгерту және санкцияланбаған рұқсатты болдырмау мақсатында осындай тауарларды есепке алу құралдары қондырылған объектінің иесі не ол уәкілеттік берген тұлға кеден органдарына бірдейлендіру (сәйкестендіру) құралын салуға (алуға) мүмкіндікті қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарының қондырылған объектінің иесі не ол уәкілеттік берген тұлға кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен уәкілеттік берілген өлшеу жүйелерін сертификаттау (тексеру) жөніндегі мемлекеттік органының келісімі бойынша қызмет ету аймағында тауарларды есепке алу құралдарын қондыру орындары тұрған кеден органына қажетті және жеткілікті бірдейлендіру тәсілдері туралы ақпаратты, сондай-ақ қолданылатын тәсіл және өткізілетін тауарларды есепке алу (өлшеу) тәртібі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
      3. Бірдейлендіру құралдарын салуды (алуды) аумағында электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары тұрған кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органдары электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары тұрған объектінің иесінің қатысуымен жүзеге асырады.
      Бірдейлендіру құралдарын салу (алу) нәтижелері бойынша кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген нысанда акті жасалады.
      4. Бірдейлендіру құралдарын тек кеден органдары ғана, тауарлардың саны мен сапасын өлшеу жүйесінің қалыпты жұмысына нақты қауіп болған жағдайларды қоспағанда немесе апат және өрт қаупі жағдайларында олардың рұқсаты бойынша өзгертіледі, алынады немесе жойылады.
      Салынған бірдейлендіру құралдарының тұтастығын бұзумен байланысты ағымдағы не күрделі жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу жағдайында Электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарының қондырылған объектінің иесі не ол уәкілеттік берген тұлға осындай жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін 3 (үш) тәулікке жеткізбей кеден органына бұл жұмыстарды жүргізу ұзақтығы мен күнін көрсете отырып хабардар етеді.
      Тауарлардың саны мен сапасын өлшеу жүйесінің қалыпты жұмысын бұзуға нақты қауіп болған жағдайда электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралы қондырылған объектінің иесі не ол уәкілеттік берген тұлға қолда бар байланыс арналары бойынша кейін салынған бірдейлендіру құралдарының тұтастығын бұзылуына әкелген себептер туралы жазбаша мәлімдей отырып, апат жағдайды жою немесе алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу туралы кеден органдарын хабардар етеді.

10-бап
Электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін
тауарларды есепке алу құралдары

      1. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін бір ай мерзімде Тараптар электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары қондырылған жерлер туралы мәліметтермен алмасуды қамтамасыз етеді:
      1) әкелу, әкету, жөнелту және межелі орындар болып табылатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен бекітілген кеден одағына мүше мемлекеттік аумағында тұрған;
      2) кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан тыс шекаралас мемлекеттердің аумағында, кеден одағына мүше мемлекеттердің және олардың жұмысы мен кеден органдарының лауазымды тұлғаларына рұқсат беру тәртібін айқындайтын шекаралас мемлекеттің халықаралық шарттарымен айқындалған жерлердегі.
      2. Көрсетілген мәліметтерде мынадай ақпарат болуы тиіс:
      1) Электр желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары қондырылған жерлер туралы:
      есепке алу құралы қондырылған жердің атауы;
      кернеу класы;
      орналасқан жері;
      өткізу бағыты;
      электр жүйесінің атауы;
      электр беру желісінің атауы;
      оператор;
      2) Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары қондырылған жерлер туралы:
      өткізілетін тауардың атауы;
      есепке алу құралы қондырылған жердің атауы;
      орналастырылған жері;
      өткізу бағыты;
      тасымалдаушы.
      3. Бұдан әрі орталық кеден органдары мүмкіндігінше қысқа мерзімде аталған мәліметтердің барлық өзгерістері туралы бір бірін хабардар етеді.
      4. Электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары сынған жағдайда кедендік декларациялау және кедендік бақылау мақсаттары үшін тасымалдаушының (оператордың) балансы қолданылады.

11-бап
Ақпарат алмасу

      1. Осы Келісімнің ережелерін іске асыру үшін, оның ішінде электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кеден одағының шегінен тыс әкету фактін растау үшін орталық кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттер арасында ақпарат алмасуды орталық кеден органдары қабылдаған Электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар туралы, соның ішінде құбыржол көлігін пайдаланумен аралас тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі ақпарат алмасу технологиясына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген технологияда ақпарат алмасу мерзімі, осындай ақпарат алмасуды жүзеге асыратын кеден органдары, ақпарат алмасудың механизмі мен нысаны, электр желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілген (өткізілетін) өткізілген (өткізілетін) тауарлар, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына (арқылы) өткізілуі жоспарланған тауарлар туралы мәліметтер және осы Келісімді іске асыру мақсаттарына қажетті өзге мәліметтер болуы тиіс.

12-бап
Дауларды шешу

      Осы Келісімді түсіндіру және (немесе) қолданумен байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер өткізу жолымен шешіледі.
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың сотына жүгінге дейін Кеден одағы шеңберіндегі дауларды реттеуде Кеден одағының комиссиясы Тараптарға жәрдемдеседі.
      Егер Тараптар дауды Тараптардың бірі екінші Тараптарға жолдаған консультациялар мен келіссөздер өткізу туралы ресми жазбаша өтініш түскен күнінен бастап алты айдың ішінде реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың сотына қарау үшін береді.

13-бап
Өзгерістер енгізу

      1. Осы Келісімге осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      2. Орталық кеден органы өзгерген жағдайда Тарап дипломатиялық арналар арқылы депозитарийге Тараптың орталық кеден органының атауы және деректемелері туралы хабарлама жолдайды.
      3. Депозитарий хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) апта ішінде Тараптарды болған өзгерістер туралы хабардар етеді.

14-бап
Қорытынды ережелер

      Осы Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
      2010 жылғы «__»___________ ___________ қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясы болып табылатын депозитарийде сақталады.
      Депозитарий әрбір Тарапқа осы Келісімнің куәландырылған көшірмесін жолдайды.

      Беларусь                 Қазақстан               Ресей
  Республикасының           Республикасының        Федерациясының
    Үкіметі үшін              Үкіметі үшін          Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады